«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №125-vi кодексі


-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары туралы жалпы ережелер



бет24/45
Дата11.04.2022
өлшемі325.71 Kb.
#219713
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
zher koinaui zhane zher koinauin paidalanu turali kr kodeksi

134-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары туралы жалпы ережелер

1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мынадай жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады:

1) базалық жобалау құжаттары:



барлау жұмыстарының жобасы;

сынамалап пайдалану жобасы;

көмірсутек кен орнын әзірлеудің жобасы;

2) тізбесі жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленетін техникалық жобалау құжаттары.

2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы тартқан, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар ұйым жасайды.

3. Жобалау құжаттары жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларына сәйкес әзірленеді.

4. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.

5. Жобалау құжаттарында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу түрлерін, тәсілдерін, технологияларын, көлемін және мерзімін өзгертуге осындай жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін рұқсат етіледі.

6. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу түрлерін, тәсілдерін, технологияларын, көлемін және мерзімін өзгерту жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етпейтін жағдайлар белгіленеді.

7. Жобалау құжаттарында жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) шегінен тыс жатқан табылған кенжатынның болжамды контурлары белгіленуі мүмкін.

8. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарының ережелерін сақтауға міндетті.

 

135-бап. Барлау жұмыстарының жобасы



1. Барлау жұмыстарының жобасы барлау мен өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде жасалады.

2. Барлау жұмыстарының жобасы барлаудың бүкіл кезеңіне жасалады.

3. Барлау жұмыстарының жобасында:

әрбір блок бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстарды орындау түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы;

жер қойнауын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

көмірсутектерді барлаудың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды орындаудың мерзімдері, шарттары мен құны туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

4. Барлау жұмыстарының жобасы жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасында мәлімдеген жұмыстардың толық көлемі мен оларды орындау мерзімдерін қамтуға тиіс.

5. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, мұндай жұмыстар әрбір табылған кенжатынға (кенжатындар жиынтығына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы барлау жұмыстары жобасында көзделеді.

Бұл ретте барлау жұмыстарының жобасына табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы кіреді.

6. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасында көрсетілмеген, сондай-ақ осындай барлау жұмыстарының жобасы болмаған кезде кен орындарын іздестіру, барлау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

 

136-бап. Сынамалап пайдалану жобасы



1. Барлау кезеңінде табылған көмірсутек кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынамалап пайдалану сынамалап пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

Сынамалап пайдалану бойынша жұмыстар жүргізуге жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған сынамалап пайдалану жобасында көрсетілмеген, сондай-ақ осындай сынамалап пайдалану жобасы болмаған кезде тыйым салынады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы сынамалап пайдалануды жүргізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде сынамалап пайдалану жобасы жасалады.

3. Сынамалап пайдалану жобасында сынамалап пайдалану түрлерінің, әдістерінің, тәсілдерінің және технологияларының сипаттамасы, сондай-ақ сынамалап пайдалану ішінде көмірсутекті өндірудің болжамды көлемі қамтылуға тиіс.

4. Жер қойнауын пайдаланушы сынамалап пайдалануды жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда сынамалап пайдалану жобасы сынамалап пайдалануға жататын әрбір табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) бойынша әзірленеді және бекітіледі.

5. Жүргізу қажеттілігі сынамалап пайдалану процесінде анықталатын кез келген өзгерістер мен қосымша жұмыстар тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы сынамалап пайдалану жобасына енгізілуге тиіс.

 

137-бап. Көмірсутектер кен орнын әзірлеу жобасы



1. Кен орнын әзірлеу жобасы осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес барлау кезеңінде немесе дайындық кезеңінде жасалады.

2. Кен орнын әзірлеу жобасы осындай кен орнындағы көмірсутекті рентабельді өндірудің бүкіл кезеңіне жасалады.

3. Кен орнын әзірлеу жобасында кен орнын өнеркәсіптік әзірлеу түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы қамтылуға тиіс.

4. Кен орнын әзірлеу жөніндегі жұмыстардың шарттарын, түрлерін және көлемдерін өзгерту қажет болған жағдайда, осындай өзгерістер әзірлеу жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы қосылуға жатады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын әзірлеу жобасында көрсетілмеген, сондай-ақ мұндай жоба болмаған кезде көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі сынамалап пайдалану процесінде жүзеге асырылатын көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларға қолданылмайды.

 

138-бап. Техникалық жобалау құжаттары



1. Техникалық жобалау құжаттары барлау жұмыстарының жобасы, сынамалап пайдалану жобасы немесе кен орнын әзірлеу жобасы негізінде жасалады.

2. Барлау жұмыстарының жобасына, сынамалап пайдалану жобасына немесе кен орнын әзірлеу жобасына енгізілетін, олардың негізінде жасалған техникалық жобалау құжаттарының өлшемдеріне әсер ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар тиісті техникалық жобалау құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне алып келеді.

3. Көмірсутектерді барлау салдарын жою жобасы барлау жұмыстарының жобасымен бір мезгілде жасалады. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жұмыстарының жобасына өзгерістер енгізген жағдайда, жою құнының шамамен алғандағы есебіне өзгерістерді қоса алғанда, көмірсутектерді барлау салдарын жою жобасына өзгерістер енгізуге міндетті.

4. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы жер қойнауы учаскесінің және жойылуға жататын тиісті технологиялық объектілердің іс жүзіндегі жай-күйі негізге алынып жасалады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған техникалық жобалау құжатынсыз жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

 

139-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сараптамалары



1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

2. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен құзыретті органға жіберіледі.

3. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар), сынамалап пайдалану жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) және кен орнын әзірлеу жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.

139-баптың 4-тармағындағы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады



4. Сынамалап пайдалану жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.

Кен орнын әзірлеу жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.

5. Егер техникалық жобалау құжаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің құрылысы көзделсе, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамаға жатады.

6. Егер осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген сараптаманы жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң практикасын сақтаудан ауытқусыз жоя алмайтын келіспеушіліктер туындаған жағдайда, сол жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша құзыретті орган өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті шешімді әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушы және жобалау институты өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.

 

140-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасы



1. Базалық жобалау құжаттарына және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

2. Базалық жобалау құжаттарының және әзірлеу талдауларының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия (орталық комиссия) геология және әзірлеу саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.

3. Орталық комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.

4. Барлау жұмыстарының жобасына (оған өзгерістер мен толықтыруларға) мемлекеттік сараптама, оны жер қойнауын пайдаланушыдан алған күннен бастап - екі ай ішінде, ал сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), игеру талдауларына үш ай ішінде жүргізіледі.



Сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссияның шешімі бойынша ұзартылуы, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін.

140-баптың 5-тармағы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 5-тармағының редакциясында қолданылады



5. Орталық комиссия базалық жобалау құжатын немесе әзірлеуді талдауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жобалау құжаттарының тәуелсіз сараптама операторына жібереді.

140-баптың 6-тармағы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін 277-баптың 5-тармағының редакциясында қолданылады



6. Базалық жобалау құжаттарының және әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама операторын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды және онымен келісу бойынша оператор тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеуді және олардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ келіп түскен базалық жобалау құжатына немесе әзірлеу талдауларына сараптама жүргізу үшін шарттық негізде тәуелсіз сарапшыны айқындайды.

7. Базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері орталық комиссияның отырысында тәуелсіз сараптаманың тиісті қорытындысымен базалық жобалау құжатын немесе игеру талдауын қарау арқылы айқындалады.

8. Базалық жобалау құжатына және әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу операторы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға болып табылады, ал акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

9. Жобалау құжаттарына немесе әзірлеуді талдауларға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.

10. Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін мыналар:

1) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі;

2) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға мазмұны, құрылымы және ресімделуі жағынан сәйкес келмеуі;

3) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі;

4) кен орнын әзірлеу жобасында ұсынылған барланған көмірсутек қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анық болмауы;

5) жобалау құжатында немесе игеруді талдауда ұсынылған жобалау шешімдерінің сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы;

140-баптың 10-тармағының 6) және 7) тармақшаларындағы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады

6) сынамалап пайдалану жобасы үшін - геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болмауы;

7) кен орнын игеру жобасы үшін - геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының болмауы негіз болып табылады.

11. Жобалау құжатының немесе әзірлеу талдаулардың мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және базалық құжатты немесе әзірлеу талдауын пысықтау бойынша ұсынымдар келтіріледі.

 

141-бапта 2024 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен, «орталық комиссия» деген сөздер «мемлекеттік комиссия» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы