«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №125-vi кодексі


-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері



бет21/45
Дата11.04.2022
өлшемі325.71 Kb.
#219713
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
zher koinaui zhane zher koinauin paidalanu turali kr kodeksi

110-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері

1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына қосылған жер қойнауы учаскелері көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін:

1) аукцион өткізу арқылы;

2) тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға берілуі мүмкін.



Сол бір жер қойнауы учаскесі бір мезгілде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған әртүрлі келісімшарт бойынша пайдалануда болмайды.

Бұл ретте жер қойнауы учаскелерінің толық немесе ішінара сәйкес келуіне жол беріледі.

2. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы болатын жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары осындай келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада белгіленеді.



Аталған қосымшаны дайындау мақсаттары үшін:

1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістікті шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдаламасына сәйкес айқындалады;

2) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау жөніндегі жұмыстарды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға сәйкес айқындалады;

3) табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынамалап пайдалану мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, сынамалап пайдалану жобасымен айқындалады;

4) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту кезінде (жоғарғы шекараларын қоспағанда) көмірсутектерді өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, геологиялық қорларды есептеу бойынша есеппен айқындалады;

5) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының бастапқы учаскесін ұлғайту мақсатында сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу (сұралатын жер қойнауы учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) бойынша жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурын белгілейтін тиісті базалық жобалау құжатына толықтыруға сәйкес айқындалады;

6) осы Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайтылғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістікті шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды;

7) барлау немесе өндіру учаскелерінің кеңістікті шекаралары осы Кодекстің 115-бабына сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының учаскесі бөлінген жағдайда (жер қойнауының негізгі және бөлінетін учаскесі):



барлау учаскесінің бір бөлігі бөлінген кезде - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, жер қойнауының негізгі және бөлінетін учаскесінде табылған тиісті кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстар жүргізуді көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға сәйкес;

барлау учаскесі немесе өндіру учаскесі бөлінген кезде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген, одан бөліну жүргізілетін тиісті жер қойнауының учаскелері бойынша деректер негізінде айқындалады.

Осы тармақтың 1) - 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары туралы ақпаратты құзыретті орган хабардар ету тәртібімен жер қойнауын зерделеу саласындағы уәкілетті органға жібереді.

3. Басқа тұлғаға тиесілі немесе оның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан (ішінара орналасқан) жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауы учаскесінің жоғары кеңістікті шекарасы осындай жер учаскесі шегінде осындай жер учаскесінің жер бетінің ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдікте белгіленеді деп есептеледі.

4. Ішінара ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің немесе су қоры жерлері аумақтарының шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауы учаскесінің жоғары кеңістікті шекарасы осындай аумақтар шегінде осындай жер учаскесінің жер бетінің ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдікте белгіленеді деп есептеледі.

5. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы бар өзге жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесінен төмен орналасқан (ішінара орналасқан) жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, осындай жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесі аумағы шегінде берілетін жер қойнауы учаскесінің жоғарғы кеңістікті шекарасы оның төменгі кеңістікті шекарасы бойынша айқындалады.

6. Осы Кодекстің 117-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша барлау кезеңі ұзартылған барлау учаскелері үшін, сондай-ақ өндіру учаскелері үшін табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) немесе көмірсутектер кен орындары жатқан тереңдікпен айқындалатын төменгі кеңістікті шекарасы белгіленеді.

7. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша барлау учаскесі (учаскелері) аумағының көлемін екі мың төрт жүз блоктан асыруға болмайды.

 

111-бап. Жер қойнауы учаскесін беру



1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауы учаскесі жер қойнауын пайдаланушыға пайдалануға берілген болып табылады.

2. Көмірсутектерін өндіруге келісімшарт жасасу немесе өндіру учаскесі мен кезеңін не дайындық кезеңін бекітуді көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтырулар жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес оған қажетті жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру үшін негіз болып табылады.

 

112-бап. Өзгерту ұғымы және түрлері



1. Мыналар:

1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту;

2) жер қойнауы учаскесін азайту;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін (оның бір бөлігін) жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа келісімшарт жасасу арқылы жүргізілетін олардың кеңістік шекараларының өзгерісі жер қойнауы учаскелерін өзгерту болып табылады.

 

113-бап. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту



1. Көмірсутектерін барлауға және өндіруге немесе өндіруге келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

1) жер қойнауын пайдаланушы болжамды контуры жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптаманың оң қорытындыларын алған базалық жобалық құжатта белгіленген жер қойнауы учаскесінің шегінен шығып жатқан кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан;

2) сұралатын жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болған;

3) жер қойнауы учаскелері жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған базалық жобалау құжатында белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан блоктармен сұратылған;

4) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаған кезде жүргізіледі.

2. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтініште:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні;

3) жер қойнауының бастапқы учаскесін ұлғайту болжанатын, сұралатын жер қойнауы учаскесіне нұсқау қамтылуға тиіс.

3. Өтінішке қосымша мыналар:

1) барлау учаскесі ұлғайтылатын жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және сұралатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы орындауға міндеттенетін, өтініш иесі жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарға пропорционалды сәйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен мерзімін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

2) мыналарды:



жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды (келісімшартқа осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауы (ұлғайтылған) учаскесін белгілейтін қосымша түрінде);

жер қойнауын пайдаланушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін, қосымша жұмыстар бағдарламасын орындауы жөніндегі міндеттемелерін көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі.

4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:

1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту немесе ұлғайтудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

2) қабылданған шешім туралы өтiнiш берушiнi хабардар етеді.

5. Құзыретті орган:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаса жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан бас тартады.

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

6. Құзыретті орган өтініш иесінен қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.

7. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін, дайындық кезеңін немесе өндіру кезеңін ұлғайту үшін негіз болып табылмайды.

 

114-бап. Жер қойнауы учаскесін азайту



1. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының учаскесін мемлекетке оның кез келген бөлігін қайтару арқылы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайтару күніне дейін аяқталған;

2) барлау учаскесінің бөлігін қайтарған жағдайда - мұндай қайтару блоктармен жүзеге асырылған;

3) егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының қайтаруға алдын ала келісімі болған кезде азайтуға құқылы.

2. Жер қойнауы учаскесін азайту туралы өтініш:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күнін;

3) мемлекетке қайтару болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бөлігіне) нұсқауды;

4) жер қойнауын пайдаланушыда қалатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқауды қамтуға тиіс.

3. Өтінішке қосымша:

1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;

2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру қоса беріледі.

4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдайды немесе оны азайтудан бас тартады.

5. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайтудан мынадай жағдайларда:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаса бас тартады.



Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін азайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

6. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.

7. Жер қойнауын пайдаланушының бүкіл жер қойнауы учаскесін қайтаруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына алып келеді.

8. Осы баптың ережелері барлау учаскесін:

1) барлау кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан блоктардан тұратын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бекітумен;

2) өндіру учаскесін (учаскелерін) бекітумен байланысты азайту жағдайларына қолданылмайды.

 

115-бап. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару



1. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін бөліп шығару жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша мынадай жағдайларда:

1) барлау учаскесінің бір бөлігін бөліп шығару - егер әрбір бөліктің шегінде осындай кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатса;

2) барлау учаскесін бөліп шығару - егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта әрбірінің шегінде кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан екі немесе одан көп барлау учаскелері бекітілсе;

3) өндіру учаскесін бөліп шығару - егер барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта кемінде бір барлау учаскесі және кемінде бір өндіру учаскесі бекітілсе;

4) өндіру учаскесін бөліп шығару - егер барлауға және өндіруге арналған келісімшартта екі немесе одан көп өндіру учаскесі бекітілсе жүргізіледі.

2. Бөліп шығару бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

1) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін, одан жер учаскесін бөліп шығару жүргізілетін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт болған;

2) егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының бөліп шығаруға алдын ала келісімі болған;

3) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаған кезде жүргізіледі.

Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушымен үлестес болып табылмайтын тұлғаға бөліп шығарылатын учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару жөніндегі міндеттеме өндіру учаскесін бөліп шығарудың қосымша шарты болып табылады.

3. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару ол жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізумен және бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт жасаумен ресімделеді.

4. Бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың барлау кезеңі, дайындық кезеңі немесе өндіру кезеңі мен өзге де шарттары бөліп шығару жүргізілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5. Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы өтініш:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күнін;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшартқа бөлу болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) нұсқауды қамтуға тиіс.

6. Өтінішке қосымша:

1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, осы Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған негізгі учаскесін айқындайтын аумақты белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру;

2) осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өтініш иесі қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт қоса беріледі.

7. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы шешім қабылдайды немесе учаскені бөліп шығарудан бас тартады.

8. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығарудан:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы бапта белгіленген шарттар сақталмаса бас тартады.



Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін бөліп шығарудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

9. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру және жер қойнауын пайдалануға бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жеке келісімшарт жасасады және өтініш иесіне олардың қол қойылған даналарын жібереді.

 

 

17-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезеңдерІ



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы