Бұйым үлгілерін таңдау.
Былғарыдан жасалынған бұйымдардың ассортиментін қарастыру барысында мен 2-суретте көрсетілген модельді таңдадым
Таңдалған бұйым үлгілерінің эскизі
Сурет 2 – Техникалық эскиз
Таңдалған бұйым үлгілерінің техникалық сипаттамасын жазу
Әйелдерге арналған жартылай қынамалы силуэтті, былғары матасынан әзірленген маусымаралық пиджак, астармен. Бұйым ұзындығы – бөкседен төмен.
Алдыңғы бой: екі өңірлі төрт түймелікпен түймеленген. Бел бүкпесімен жартылай қыналған. Бел деңгейінен төмен жапырақшалы қақпақшалы қалтамен өңделген.
Артқы бой : орта тігісті.
Жең: қондырмалы екі тігісті жең.Жең ұзындағы білезікке дейін.
Жаға: ашық түймелікті ағылшын жағасы.
Ұсынылған өлшем: 164-92-96, I толықтық топ.
Достарыңызбен бөлісу: |