Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысы қызметтерін (ems жөнелтімдерін жіберу) ұсыну туралы Типовой договор № үлгі шарт Алматы қ. 2022ж. Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»



бет6/26
Дата22.11.2022
өлшемі1.35 Mb.
#360922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Договор по предоплате 2022 (7019) (8) Алматинский почтамт (1)
Bolatkhan Zhannel 115 (1), Afzal Farwa, Сведение нб студентов ОМ 23,02, Politologia kaz otd test (1), экзамен философия ТЕСТ 300 казакша 2020-2021 (5) (1), Brain drain Текст на английском, Psychology, Filling in the gaps, Семинар 1. Русский язык как один из мировых языков, эссе чем город прит. люд., Абилхан Зейнеп 104 топ, case study 4, изменение в ведомст.правил от 29.03.2022 № 173 (14) 111
4.1. Тапсырыс беруші:
1) пошта жөнелтімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына, ЕАЭО құқығын құрайтын актілерге және ДПО актілеріне сәйкес, олардың ерекше қасиеттеріне байланысты жіберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен бұйымдарды салу салдарынан туындаған, Орындаушыға келтірілген залал үшін;
2) пошта жөнелтімдерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында, ЕАЭО құқығын құрайтын актілерде және ДПО актілерінде белгіленген тәртіпте жіберуге тыйым салынған заттар мен бұйымдар анықталған жағдайда;
3) пошта жөнелтімдерінде мемлекеттік органдардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз Қазақстан Республикасының заңнамасында, ЕАЭО құқығын құрайтын актілерде және ДПО актілерінде белгіленген тәртіпте жіберуге шектеу қойылған заттар мен бұйымдар анықталған жағдайда;
4) дұрыс көрсетілмеген деректер: алушының дербес деректері, пошта жөнелтімдерін алушының Орындаушыға берілген мекенжайы (орналасқан жері) мен атауы үшін;
5) халықаралық EMS жөнелтімдерін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес рәсімдемегені үшін жауапты болады.
4.2. Тапсырыс беруші осы Шарттың 2.2-тармақшасында баяндалған талаптарды бұзғаны үшін әр осындай жөнелтімді жіберу бойынша тариф мөлшерінде жауап береді, сондай-ақ Орындаушыға әр осындай факт үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
4.3. Тапсырыс беруші Орындаушыға берілген деректердің: алушының мекенжайы, телефон нөмірі және атауы (немесе Т.А.Ә.) дұрыс көрсетілмегені үшін жауапты болады. Жөнелтімдер дұрыс көрсетілмеген деректерге байланысты қайтарылған жағдайда немесе алушы жөнелтімдерді алудан бас тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде жөнелтімдерді қайтарғаны үшін Орындаушының шығыстарын төлеуге міндеттенеді.
4.4. Тапсырыс беруші жөнелтімдер дайын болмауы себепті Орындаушының курьерін кідірткені үшін жауап береді.
4.5. Тапсырыс беруші алынған Е1 нысанды бланкілердің мақсатқа сай пайдаланылуына жауапты болады, Бланктер пайдаланылмаған, бүлінген жағдайда қабылдап-тапсыру актісі бойынша Орындаушыға қайтарылады. Бланкілер жоғалған жағдайда, жоғалғаны туралы белгілі болған уақыттан бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғалғаны туралы акт жасалып, Орындаушыға жолданады.
4.6. Тапсырыс беруші Қызметтерге уақтылы ақы төлемегені үшін мерзімі өткен әр күнге, төленуі тиіс соманың 0,1 % мөлшерінде, алайда жалпы төлем сомасынан 3% аспайтын айыпақы (өсімпұл) төлейді.
4.7. Орындаушы:
1) Тапсырыс берушінің қабылданған жөнелтімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қабылданған уақыттан бастап адресатқа тапсыруға дейін сақталуына;
2) тiркелетiн пошта жөнелтiмi жоғалғаны, зақымданғаны (бүлiнгені) немесе тiркелетiн пошта жөнелтімiнің ішіндегі нәрселер, заттар немесе тауар жетiспегені үшiн Пошта туралы заңның 44-бабында белгіленген мөлшерде;
3) пошта жөнелтімдерін жiберу мерзiмдерi бұзылған жағдайларда Заңның 44-бабында белгіленген мөлшерде;
4) пошта жөнелтімдерін ДПО актілерінде белгіленген мөлшерде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберуге жауапты болады.
4.8. Орындаушы:
1) жөнелтімнің орамы, пломбалары, мөрлері мен байламдары тұтас болған жағдайда, сондай-ақ, егер жөнелтімнің (салымның немесе салымның бір бөлігінің) жоғалу, бүліну фактісі жөнелтімді екінші Тарап қолын қойып қабылдағаннан кейін анықталса, сондай-ақ, егер тапсыру кезінде Орындаушы өкілінің қатысуымен акт жасалмаған жағдайда;
2) қандай нысанда жасалғанына қарамастан, кеден декларациялары және кедендік бақылауға жататын халықаралық пошта жөнелтімдерін тексеру кезінде кеден органдары қабылдаған шешімдер үшін;
3) пошта жөнелтімдері табылған жерде Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпте кідіртілгені және алынғаны, сондай-ақ тыйым салынғаны үшін;
4) Қағидаларға сәйкес таратылмағандар қатарына жатқызылған пошта жөнелтімдері жойылған жағдайда жауап бермейді.
4.9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар аталған Шартты орындау кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауапкершілікте болады.
4.10. Орындаушының жұмыскері жөнелтімді қабылдау кезінде Тапсырыс беруші тапсыратын жөнелтімдердің салымдарын Тапсырыс беруші өкілінің көзінше іріктеп тексеруге және Шарттың 2.2-тармағының бұзылғаны анықталған жағдайда, жөнелтімдерді қабылдаудан және әрі қарай Қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы. Осындай бұзушылықтар анықталған жағдайда, Орындаушының жұмыскері Тапсырыс беруші өкілінің қатысуымен акт жасайды.
4.11. Орындаушы кеден тексерісіне берілген жөнелтімдерді тексеру кезінде кеден қызметтері қабылдаған шешімдер үшін жауап бермейді және бұл туралы Тапсырыс берушіге жедел түрде хабарлауға міндеттенеді.
4.12. Осы Шарттың кері тұжырым беретін басқа да ережелеріне қарамастан, ұтылған пайданы (түсімді), бизнес үшін немесе күтілген кірістерді шектеусіз қоса алғанда, ерекше жағдайларға негізделген жанама шығындарға, тікелей немесе қосалқы шығындарға қатысты Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауап бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені