Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысы қызметтерін (ems жөнелтімдерін жіберу) ұсыну туралы Типовой договор № үлгі шарт Алматы қ. 2022ж. Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»


Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет2/26
Дата22.11.2022
өлшемі1.35 Mb.
#360922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Договор по предоплате 2022 (7019) (8) Алматинский почтамт (1)
Bolatkhan Zhannel 115 (1), Afzal Farwa, Сведение нб студентов ОМ 23,02, Politologia kaz otd test (1), экзамен философия ТЕСТ 300 казакша 2020-2021 (5) (1), Brain drain Текст на английском, Psychology, Filling in the gaps, Семинар 1. Русский язык как один из мировых языков, эссе чем город прит. люд., Абилхан Зейнеп 104 топ, case study 4, изменение в ведомст.правил от 29.03.2022 № 173 (14) 111
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушыдан Шарттың талаптарын тиісті түрде орындауын талап етуге;
2) шартты бұзудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Орындаушыға жазбаша хабарлай отырып, мерзімінен бұрын бұзуға;
3) EMS жөнелтімдерін жіберуге;
4) орындаушының корпоративтік сайты post.kz-те жеке кабинетті құру, ілеспе жүкқұжатын қалыптастыру және Жөнелтімдерді қадағалау үшін тіркелуге;
5) егер EMS жөнелтімi:
- адресатқа берiлмеген;
- жіберуге тыйым салынған заттар мен нәрселер тәркiленбеген немесе жойылмаған;
-межеленген елдің заңнамасы негізінде алынбаған жағдайларда, Орындаушыға EMS жөнелтімiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету туралы талаппен өтініш жасауға;
6) Тіркелетін пошта жөнелтімі жоғалған, зақымданған (бүлінген) немесе тіркелетін пошта жөнелтімінің ішіндегі заттар, бұйымдар немесе тауар жетіспеген жағдайда белгіленген жалпы талап қою мерзімі ішінде пошта жөнелтімдерін қабылдағанын растайтын құжаттарды көрсете отырып, Орындаушыға кінәрат-талап қоюға құқылы.
2.2. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушының Қызметтерін осы Шартта қарастырылған тәртіпте және мөлшерде төлеуге;

2) негізделген қарсылық болмаған жағдайда, Орындаушы Көрсетілген қызметтер актісін (осы Шарттың №3 қосымшасы) ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, алайда осы Шарттың 2.4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, оған қол қоюға;


3) жөнелтімдер мен ілеспе құжаттамаларды Қағидаларға қатаң сәйкестікте рәсімдеуге;
4) Тапсырыс берушінің өкілдері болып табылмайтын әртүрлі жөнелтушілерден шығатын, әртүрлі адресаттарға арналған хат-хабарлардың (тауарлардың) бірнеше бірліктерін конверттерде және ашық күйінде жіберуге жол бермеуге;
5) Орындаушының жұмыскері келгенге дейін жөнелтімдерді жіберуге уақтылы дайындауға міндеттенеді. Жөнелтімдердің жіберуге дайын емес болуынан Орындаушының жұмыскерін кідіртуге жол берілмейді. Егер Орындаушының жұмыскері келген уақытта жөнелтімдер немесе ілеспе құжаттар жіберуге дайын болмаса, сондай-ақ Орындаушының Қызметінен бас тартылған жағдайда, Тапсырыс беруші қосымшаға сәйкес, Орындаушы жұмыскерінің бақылау парақшаларына бұл туралы белгі қоюға және Орындаушыға келу шығыстарын өтеуге міндеттенеді.
6) Экспорттық-импорттық жөнелтімдердің қажетті құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес уақтылы рәсімдеуге және барлық кеден рәсімдіктерден өтуін қамтамасыз етуге;
7) Орындаушының автокөлігі мен жұмыскерлерінің жөнелтімдерді қабылдау және жеткізу орындарына кедергісіз кірулерін қамтамасыз етуге;
8) Орындаушының жұмыскерлеріне қызметтік мақсатта Тапсырыс берушінің қалалық телефон байланысын пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ, қажет болған жағдайда Орындаушының жұмыскеріне ірі габаритті жөнелтімдерді қабылдау орнынан Орындаушының автокөлігіне тасымалдауға көмек көрсетуге;
9) жөнелтімдерді жіберу өтінімдерін ағымдағы күні сағат 09-00 ден 18-00 ге дейін беруге міндеттенеді. Бұл ретте, Орындаушы 1600-ге дейін берілген өтінімдерді дәл сол күні, ал 16 00-ден кейін берілген өтінімдерді келесі күні орындайды;
10) өзгерістер пайда болған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде байланыс, мекенжай, банктік және басқа да деректемелерінің өзгергені туралы Орындаушыға жазбаша хабарлауға;
11) бір немесе бірнеше мекенжайға жіберілетін 5 және одан көп жөнелтімдерді 103-нысанды тізіммен бірге беруге міндеттенеді. Бұл ретте 103-нысанды тізімдерге Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғалары қол қояды және мөрдің бедерлемесімен бекітіледі;
12) Орындаушының жұмыскері болмаған кезде жөнелтімді (Ресейге, Белоруссияға және жіберілетін және ішкі жөнелтімдерден басқа) қаптамауға;
13) Е1 нысанды жүкқұжатта көрсетілген деректердің дұрыстығына, нақтылығына және толықтығына жауап беруге;
14) Тапсырыс берушінің кінәсінен орын алған жөнелтімдерді қайтару салдарларын жою бойынша тиісті шаралар қабылдауға;
15) ішкі және халықаралық EMS жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының заңнамасында, ЕАЭО құқығын құрайтын актілерде және ДПО актілерінде тізбесі белгіленген заттарды жібермеуге;
16) Тапсырыс берушінің осы Шарттың 2.2-тармағын бұзуы нәтижесінде Орындаушыға келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;
17) Шартқа қол қойған күннен бастап осы Шарттың №5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларының дербес деректерін жинауға және өңдеуге оның келісімін беруге;
18) Орындаушыға:
- тіркелетін халықаралық пошта жөнелтімдерін іздестіру жөніндегі өтініштер мен сұрау салуларды жөнелтімдер берілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік төрт ай ішінде;
- тіркелетін ішкі пошта жөнелтімдері бойынша қызметтерді көрсету сапасы жөніндегі шағымдар мен наразылықтарды жөнелтімдер берілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік бір ай ішінде;
- жіберу және алу күндерін растайтын, пошта жөнелтімінің пошта штемпелінің бедері бар орауышын көрсете отырып, тіркелмейтін ішкі жөнелтіммен жіберілетін жазбаша хат-хабардың уақтылы жеткізілмеуі (табыс етілмеуі) туралы шағымдар мен наразылықтарды жіберуге;
19) Пошта туралы Заңда және Қағидаларда көрсетілген, Орындаушыға байланысты емес себептермен EMS жөнелтімдері қайтарылған жағдайда, Орындаушының белгіленген тарифтеріне сәйкес EMS жөнелтімдерін қайтаруға, сақтауға қосымша ақы төлеуге міндеттенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені