Жазылым төрт дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады



бет1/6
Дата20.04.2022
өлшемі56.99 Kb.
#225214
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жазылым төрт дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін
3 сабақ Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі.

Жазылым төрт дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады”. Әдетте, біз оқушының жазылым жұмысынан ерекше ой мен идеялардың көрініс табуын күтеміз. Ондай нәтиженің көрініс табуы тікелей жазылымға дейінгі орындалған жұмыстардың қорытындысынан шығатынын естен шығармауымыз керек. Себебі, оқушы жазылым жұмысын осыған дейінгі жинаған ақпараттары мен сөздік қорды қолданып жазады.
Мұғалім өз тарапынан оқушының жазылым тапсырмасын белгіленген талаптар негізінде жазып шығуы үшін ұсынылған тақырыпқа қатысты ақпаратты, деректі саралап қолдануға дағдыландыруы қажет. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор-оқылым арқылы келеді. Оқылым – жазылым жұмысына дайындық кезеңі. Оқылым арқылы жазылым жұмысына қажетті ақпараттарды ұсынып, оның мазмұнын түсініп, тақырыпқа қатысты маңыздылығын талқылау, саралау, оқушының есінде сол ақпарат қалатындай қажетті сөздер мен сөз тіркестерін сабақ барысында қолдануға бағыттаудың маңызы зор.
Бұл дегеніміз-жазылым дағдысын дамыту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап, қолдану мұғалімнен ерекше жігер мен шеберлікті талап етеді. Аталған жұмысты жүзеге асыру мақсатында жыл бойындағы сабақтар барысында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданған болатынмын. Атап айтатын болсам, оқушыға нақты ақпаратты іріктеу мақсатында «Оқылым стратегияларын», сұрақ қою, сұрақ қоя білуге үйрету мақсатында “Үш қадамды сұрақ”, “Бес саусақ”, “ДЖИГСО”, “Барлық факторларды ескеру”, ”Әткешек” әдістерімен қатар, кейіпкерлерге мінездеме беруде, іс-әрекетін бағалауға қатысты көзқарастарды анықтату үшін “Ар-ождан аллеясы” әдісін қолдануға болады.
Осы әдістердің ішінде «Креативті матрица» әдісін қолдану тәжірибеме тоқталмақпын. Аталған әдіс көлемді шығармаларды (роман) оқытып, оқушыны жазылым жұмысына дайындап бағыттауда өз тиімділігін көрсетті. Бұл әдіс арқылы оқушы: көркем шығармадағы образдың сомдалуы мен кейіпкерге мінездеме беруде (тура және жанама мінездеуді анықтауға), шығармаға қатысты ойын дәлелдеп, пікір білдіруге, нақты дәлелді іріктеуге дағдыланады. «Креативті матрица» әдісі тапсырманы орындаушы оқушыға нақты бағыт беруге көмек етеді. Мысалы, сабақ барысында төмендегі кестені толтыру тапсырмасы берілген болатын.

Шығармадағы құндылықтар

Достық

Махаб
бат

Адалдық

Қарапайым
дылық

Еңбек
қор
лық

Жана
Шыр
лық

Арамдық

Қулық

Басқа қандай құндылықтарды байқадың?

Кейіпкерлер










Кейіпкерлердің әрекеттері










Орны










Нәтижесі










Оқушы тапсырманы орындау барысында шығармадағы кейіпкерлер мен олардың әрекеттерін мысалға келтіріп, әрекеттерінен құндылықтарды оңай анықтай алады. Сол арқылы кейіпкерлерге беріліп тұрған тура және жанама мінездемелерді тез тауып, өздері іріктеген ақпаратты кейіпкерге қатысты көзқарасын білдіруде тиімді қолдана алды. Кесте бойынша орындалған жұмыс түрі, оқушыны жазылым жұмысына дайындауда, оқушы қажеттілігін өтеуде тиімді. Себебі, оқушының ойында өзі іріктеп, талдап, саралаған ақпараты ұзаққа сақталып, оны жазылым жұмысында міндетті түрде қолданатынын көрсетті. Өйткені, жазылым жұмысының жемісті болуы үшін оқушының өз тарапынан іздене отырып, алған ақпараттарын орынды дәлел ретінде қолдана білуі маңызды.
Кестені толтыру барысында оқушының іздемпаздық қабілетінің қандай деңгейде екенін анықтауға болады. Оны құндылықтарға қатысты бағандарды толтыру барысында оқушының кестеде көрсетілген құндылықтарды кейіпкер бойынан көре алуы, байқауы, оны дәлелдеуі үшін сай келетін кейіпкер әрекеті бар үзіндіні таңдауы, мұғалімге оқушының іздемпаздық деңгейін анықтауға көмектеседі. Мұғалім өз тарапынан оқушының жазылым жұмысын барлық талаптарға сай жазуы үшін басқа үш дағды бойынша барынша ақпараттануы, оларды жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлерін жүйелі орындату қажет.
Кесте арқылы берілетін тапсырма жазылым жұмысына нақты бағыттайтындай құрылғаны шарт. Өйткені, осы құрылған тізбек оның жазылым жұмысына деген дайындық кезеңі болып табылады. Тәжірибемдегі сабақта қолданылған «Креативті матрица» оқушының тек жазылым дағдысын жетілдіруге бағытталған біржақты әдіс емес, басқа да дағдыларды дамытуға бағыттап түрлендіру пән мұғалімінің кәсіби шеберлігі мен құзырында

11-сыныптың ҚГБ «Пайым мен парасат» бөлімі Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы», «Барым да, бақытым да осы өлеңім» тақырыптарымен басталады.


11.3.3.1 – шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Эссе - тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.
Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.
Т/Ж.
Оқушылар эссе алды тапсырманы төмендегі кестені толтыру арқылы жүзеге асырады. Абайдың үш қарасөзін салыстыра отырып, кесте толтырады. Толтырған кестесі бойынша әр топ өкілі ойларын қорғап сөйлейді.

Түсінемін



Анықтаймын

Байланыстырамын

Ықпал етемін

Сенемін
















Қарасөздер бойынша мұғалім ұсынған тақырыпта оқушылар әдеби эссе жазады.


Ж/Ж/Т. Оқушылар эссе тақырыбына жауап беру үшін шығарманы қалай түсінгендерін талқылайды. Олар әр түрлі түсініктемелерді қарастырып, эссеге қатысты түрлі түсіндірулерді қарастырғанын көрсететін комментарий қосады. Мұнда дәйекөздер қолданылуы мүмкін, яғни мұғалім олар идеяларын кімнің түсіндірулері арқылы талқылайтынын білуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан