Жауабы:
диагнозын анықтаңыз.
Кардия ахалазиясы, ІІ стадиясы; ГЭРА
Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
Тексеру жоспарын құрыңыз.
1. Анамнез және шағымдар
2. Аспаптық зерттеулер: зофагогастродуоденоскопия, өңештің дистальды бөлігінің шырышты қабатының биопсиясы бар Баррет өңешіне күмәнда өңеш қабығы биопсиясымен эзофагогастродуоденоскопия, барийді пайдаланумен тексерудің рентгенологиялық әдісі, өңештің рН – метриясы;
3. Лабораториялық зерттеулер:
· ЖҚА;
· ЖНА (бүйрек патологиясының белгілері бар-жоғын анықтау үшін);
· ҚБА (жалпы белок, альбумин, мочевина, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ, глюкоза);
Қосымша диагностикалық зерттеулер:
· өңеш және асқазанды контрастілеумен рентгенография – дисфагияда, диафрагманың өңешті саңылауының жарығына күмәнда (ӨСДЖ);
· онко таңбаларға қанды талдау –онкологиялық үрдіске күмән болғанда;
· эндоскопты теріс эзофагиттегі тәуліктік рН-метрия (УДА) – көрсетілімдер бойынша;
· электрокардиограмма – миокард инфарктын болдырмау үшін.
Емдеу шаралары.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Дәрі-дәрмексіз емдеу өмір салтын өзгерту және диета бойынша нұсқаулықтарды орындау(антирефлюксті іс-шаралар) болып табылады.
Дәрі-дәрмектік емдеу
ГЭРА ауырлық деңгейіне байланысты өткізіледі және антисекреторлық, прокинетикалық антацидті дәрілік заттарды қолдануды қамтиды. Негізгі патогенетикалық дәрілік заттар антисекреторлық препараттар болып табылады (Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары және проотонды помпа ингибаторлары). Антацидті препараттар «талап етілуі бойынша» қолданылатын симптоматикалық дәрілік заттар ретінде қолданылуы мүмкін.
1-желі препараттары: ППИ (омепразол, пантопразол, эзомепразол, рабепразол, лансопразол)
Rp: Omeprazoli 0,02
D.t.d: №20 in caps.
S: күніне 1капсуладан 1рет тамаққа дейін.
2-желі препараттары: Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары (фамотидин, ранитидин)
Rp.: Tab. Famotidini 0,02 №20
D.S. күніне 2рет 1таблеткадан
Прокинетиктер: Метоклопрамид
Rp.: Sol. Mеtoclopramidi 0,5% 2,0 № 10
D.S. күніне 1ампуладан 3-4рет енгізіңіз.
Антацидтер: Магний гидроксиді және алюминий гидроксиді
ЕСЕП 5
45 жастағы науқас эпигастрий аймағында тамақтан соң дамитын ауырлық сезіну мен дискомфорт сезімін, ауамен кекіруге, лоқсуға, іш өтуге бейімділігіне, тәбетінің нашарлауына, дене салмағының 2 кг-ға азаюына шағымданады. 5-6 жылдан бері эпигастрий аймағы тамақтан соң 1,0-1,5 сағаттан соң ауырады, ауызына қышқыл дәм келеді. 5-6 айдан бері жоғарыдағы шағымдары мазалағандықтан емханада гастриттен емеделген, ферменттер мен но-шпа қабылдаған, шамалы жақсаруын байқаған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлы, көңіл күйі басылыңқы. Тері жамылғысы мен көрінетін кілегей қабаттарының түсі қалыпты, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Дене салмағы кемінген (бойы 165 см, салмағы 58 кг). Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 16 рет. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Пульс минутына 78 рет. АҚҚ 130/80 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ, ақ жамылғымен жабылған. Ішін қарағанда дұрыс пішінді, тыныс актісіне қатысады; пальпацияда жұмсақ, эпигастрий аймағының шамалы ауырсынуы бар. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді. ҚЖА: эритроциттер 3,8×1012, Hb 120 г/л, т.к. 0,95, лейкоциттер 7,8×109 , ЭТЖ 17 мм/сағ. ҚБА: қан сары суының темірі 10,0 мкмоль/л. Қан сары суының темір байланыстырғыш қасиеті 82,4 мкмоль/л. Пентагастринмен белсендіріп, фракциямен алған асқазан сөлінің анализінде: асқазан секрециясының айқын төмендеуі. ФГДС: өңештің кілегей қабаты өзгермеген, кардиі қабыспайды, асқазанның кілегей қабаты қуқыл, ошақты гиперплазиялар мен атрофиялар бар, ХР +. Қалтқысы ашық, антраль бөлігінде өт, онекіелі ішектің кілегей қабаты өзгермеген.
Достарыңызбен бөлісу: |