Жауабы: Диагнозды құрыңыз және диагностика негіздеңіз


Диагноз. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз



бет16/45
Дата20.05.2022
өлшемі129.59 Kb.
#256403
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
ситуациялар
чек лист терапия
1.Диагноз. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
Негізгі ауру: 12 елі ішек ойық жарасы
Ауырсыну құрсақ қуысының жоғарғы қабатының сызықтан оңға қабырға астында орналасады. Сипаты бойынша висцералды типке (пептикалық, спастикалық) жатады. Пептикалық ауырсыну тағам қабылдауға байланысты.
Висцералды ауырсынудың пайда болуы жара түбі бұлшықет, субсерозды және серозды қабаттарға жеткенде пайда болады.Ол қабаттар сезімтал сиптоматикалық нерв талшықтарымен иннервацияланған. Пальпацияда локалды ауырсыну пилородуоденалдыаймақта орналасады, жергілікті бұлшықеттің кернеуі мен Мендель симптомы оң мәнді болады.
Құсу, ауырсыну мықында болады, жиі жүрек айнумен басталады.
Қыжыл – төсартылық күйіп тұру сезімі. Жиі тәтті және майлы тағам жегеннен кейін пайда болады. Сілті қабылдаған соң басылады. Қыжылдың генезі эзофагиттің дамыуымен байланысты. Он екі елі ішектің жара ауыруында тәбетінің өзгеруі қышқыл фермент өндірілуінің жоғары болуына байланысты.



  1. Тексеру жоспарын құрыңыз.

Физ. Тексеру:
Асқазан сөлінің секрециясын асқазанды жіңішке түтікпен түтіктеу арқылы зерттеу. Ұзындығы 1,2-1,5 м қалыңдығы 5 мм, диаметрі 2-3 мм түтікті аш қарынға 55-65 см тереңдікке зерттейді (ашқарындық порциясы). Кейін бір сағат ішінде базалды порцияны (сағатты базалды секреция) алынады және энтералды немесе париеталды тітіркендіріп стимуляцияланған асқазан сөлінің порциясын (стимуляцияланған секрецияның сағаттық тітіркенуі) алады. Негізінен аш қарынға гиперсекреция мен асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарылауы тән. Дуоденалды жараға қышқылдықтың төмен болуы мен анацитті жағдай тән емес. Базалды және стимуляцияланған қышқылдықтыңжоғарылауы дуоденалды жараға тән. ВАО (базалды қышқыл өнімі- basal acid output) және МАО (максималды қышқылды өнім – maxmal acid output)- жараны диагностикалауда бағалы әдіс.
Он екі елі ішектің жарасының ретгенологиялық белгісі «ниша» симптомы.Бари ішілік дақ асқазан мен он екі елі ішектің алдыңғы немесе артқы қабырғасында орналасқанда болады.
Басқа дақтық түріне ауырсыну нүктесі, пилорустің спазмы, барийдің ұзақ ұсталып қалуы (6 сағатқа дейін), асқазан циркулярлы спазмы, перистальтиканың күшеюі, асқазан сөлінің мөлшерінің көп болуы, буылтықтың (бадана) деформациясы тән. Дуоденалды жара асқазанның моторикасын күшейтеді. Жылдамдығының және эвакуация сипатының мөлшерлік бағалау үшін диагностикалық радионуклеидті гастросцинтеграфия зерттеуі жүргізіледі.


Лабороториялық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері.Қанның жалпы анализі. Жара ауруында эритроциттер және гемоглабиннің көбеюіне бейімділік анықталады.
Асқазанның секрециялық функциясы.
Асқазан жарасында секрециялық функция айтарлықтай өзгермейді, ол қалыпты күйде сақталады немесе сәл биіктейді. Секрецияның төмендеуі сирек кездеседі, төмендесе сәл ғана төмендейді.
Әдетінде, он екі елі ішектің жараларында базальдік (ВАО) және максимальді стимуляцияланған секрецияның (МАО) көрсеткіштері 1,5-2 есе жоғары болады. Секрецияның күшеюі, бұдан басқа, антральдік және пилорикалық жараларда байқалады.
Рентгенологиялық зерттеу. Рентгендік зерттеуде анықталатын жараның тікелей және жанама белгілерін айырады. Жараның тікелей белгісі – асқазанның немесе ұлтабардың қабырғасында анықталатын ойық.. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады. Жараның жанама белгілері:

  • барий сульфатының асқазанда бөгелуі немесе одан тез өтуі;

  • барийдің жараның қуысында тұрып қалуы (тұрақты контрастты дақ түрінде көрінетін);

  • дуоденогастральдік рефлюкс;

  • кардийдің шамасыздығы, асқазан- өңештік рефлюкс;

  • бүрмелердің жара аузына қарай бағытталуы(конвергенциясы);

  • перигастриттің, перидуодениттің салдарынан асқазанның немесе ұлтабардың деформациясы.

  1. ФЭГДС – жараны анықтайтын ең нақты әдіс. Эндоскопиялық көріністердің түрінен жараның бірнеше күйлерін айырады: активті жара, тыртықталып (жазылып) келе жатқан жара және жара орнындағы тыртық. Өршу кезінде жараның щеті қызарады және жұмырланып сәл төмпектеу болады, түбінде ақшыл –сұр немесе сарғыш некроздық заттар көрінеді. Жараның айналасындағы кілегей қабық ісініп қызарады.

Жара жазыла бастаса, оның айналасындағы гиперемия азаяды, жараның шетіндегі қабыну мен ісінудің белгілері басылады, түбі тазарып грануляциялық тінге тола бастайды, соңында жараның аузына қарай бағытталған нәзік, қызғылт түсті тыртықшалар пайда болады
5.Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Грегерсен – Вебер сынамасын аз мөлшерде қан кетуден күдіктенгенде жасайды, мәселен анемия болса.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы