Шағым, анамнез
ЖҚА ЖЗА БХА
Өңеш рН метриясы
Тіл әдетте таза болады, тілдің жамылғысы болуы гастритте және іш қатуда байқалады.
Фиброэзофагогастродуоденоскопия. Эндоскопия кезінде кардиальдік қысқыштың толық жабылмауы – асқазан — өңештік рефлюкстің болуына тән белгі. Эндоскопиялық көрінісінде кілегей қабықтың гиперемиясы, ісінуі, бүрмелерінің қалыңдауы және өңештің ішкі бетінің ақшыл шөгіндімен қапталуы анықталады. Кейбір аймақтарда ақшыл шөгіндінің астынан алқызыл жолақтарға ұқсайтын өңештің кілегей қабығы көрінеді. Науқастарда эрозиялар мен жаралар болады.
Емдеу шаралары.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Дәрі-дәрмексіз емдеу өмір салтын өзгерту және диета бойынша нұсқаулықтарды орындау(антирефлюксті іс-шаралар) болып табылады.
Дәрі-дәрмектік емдеу
ГЭРА ауырлық деңгейіне байланысты өткізіледі және антисекреторлық, прокинетикалық антацидті дәрілік заттарды қолдануды қамтиды. Негізгі патогенетикалық дәрілік заттар антисекреторлық препараттар болып табылады (Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары және проотонды помпа ингибаторлары). Антацидті препараттар «талап етілуі бойынша» қолданылатын симптоматикалық дәрілік заттар ретінде қолданылуы мүмкін.
1-желі препараттары: ППИ (омепразол, пантопразол, эзомепразол, рабепразол, лансопразол)
Rp: Omeprazoli 0,02
D.t.d: №20 in caps.
S: күніне 1капсуладан 1рет тамаққа дейін.
2-желі препараттары: Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары (фамотидин, ранитидин)
Rp.: Tab. Famotidini 0,02 №20
D.S. күніне 2рет 1таблеткадан
Прокинетиктер: Метоклопрамид
Rp.: Sol. Mеtoclopramidi 0,5% 2,0 № 10
D.S. күніне 1ампуладан 3-4рет енгізіңіз.
Антацидтер: Магний гидроксиді және алюминий гидроксиді
Профилактикалық іс-шаралар:
антирефлюксті іс-шаралар;
· антисекреторлық терапия;
· міндетті демеуші ем;
· асқынулар (Барретт өңешін анықтау) мониторингі үшін науқастарды динамикалық бақылау (көрсетілімдер бойынша биопсиямен эндоскоптық).
ЕСЕП 9
Науқас А., 20 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: тамақтан соң 2 сағаттан кейін, түнде және аш қарынға эпигастрий аймағының бүріп ауырсынуы, қышқыл дәммен кекіру, лоқсу, іш қату, бас айналу, жалпы әлсіздік. Анамнезінен: Науқасты 4 айдан бері лоқсу, эпигастрий аймағының ауырсыну, іш қату мазалайды. Ауруын тамақтану тәртібін сақтамаумен байланыстырады. Науқас таңертең көп мөлшерде «кофе қойыртпағы» тәрізді құсқан. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 88 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
Достарыңызбен бөлісу: |