Жауабы: Диагнозды құрыңыз және диагностика негіздеңіз



бет12/45
Дата20.05.2022
өлшемі129.59 Kb.
#256403
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
ситуациялар
чек лист терапия
Пациент жағдайын бақылау:
- абдоминалды синдромды тоқтату; өмір сүру сапасын жақсарту.

Емдеудің тиімділік және әдістің қауіпсіздік индикаторлары:
· ГДА ШҚ жаралық ақауларының жазылуы;
· Н. Pylori тиімді эрадикациялау;
· ЖА тқрақты ремиссиясын қамтамссыз ету;
· асқынулар болмауы.


ЕСЕП 7
Науқас С., 36 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: эпигастрий аймағының кешкі уақытта күшейетін керіп ауыруы, көп мөлшерде жағымсыз иісті ауамен кекіру, ашқарынға және 1-2 бұрын желінген тағаммен құсу, дене салмағын жоғалту, жалпы әлсіздік. Анамнезінен: Науқас 10 жыл бойы он екі елі ішектің жара ауруымен ауырады, бір рет стационарда жатып емделген. Күз, көктем маусымдарында аурудың өршулері болған, бірақ дәрігерге емделмеген. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 68 рет. АҚҚ 120/70 мм.сын.бағ. Тілінде ақ сарғыш шөгінді. Ішінің эпигастрий аймағында күшейген перистальтика көзге көрінеді, аускультациялық перкуссиялық тәсілмен асқазанның төменгі шегі кіндік деңгейінде анықталады.
Жауабы:
ДИАГНОЗ; Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
Негізгі ауру: 12 елі ішектің қайталама жара ауруы, орташа ауырлықта, өршу фазасы

Кекірік көбіне қышқыл болып келеді, кардия жетіспеушілігі мен асқазанның антиперистальтикасына байланысты туындайды


Құсу кезбе нерв тонусы көтеріліп, асқазанның моторикасы мен секреторлық функциясын күшейтуіне байланысты пайда болады.
Жара ауруында болатын ауырғандықтың патогенезі асқазан мен он екі елі ішектің спазмымен байланысты деп есептейді, ал спазмның өзі қуысты орган ішіндегі қысымның көтерілуімен және тұз қышқылының жоғарғы концентрациясының жара түбінде жалаңаштанған симпатикалық нервке әсер етуімен байланысты болады.

Тексеру жоспарын құрыңыз.


 Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Жара ауруында тіл әдетте таза болады, тілдің жамылғысы болуы гастритте және іш қатуда байқалады.

Пальпация кезінде эпигастрий маңында жергілікті ауырғандық анықталады. Асқазан жарасында ауырғандық эпигастрийде ортаңғы сызық бойында немесе оның сол жағында, он екі елі ішек жарасында ортаңғы сызықтың оң жағында орналасады.


Перкуссиялық ауырғандық – Мендель симптомы, жара дефектісі кілегей қабықпен шектелмей, асқазан мен он екі елі ішектің қабырғасын қамтып, перипроцесс дамығанда анықталады. Алдыңғы іш қабырғасының қорғанысты қатаюы висцеральді ішпердесінің тітіркенуімен байланысты және он екі елі ішек жарасы ауруына тән.


1. Асқазан құрамын зерттеу: б) пилородуоденальдық жараларда – қышқылдық жоғары.


2. Асқазан мен он екі елі ішек рентгеноскопиясы:
а) тура белгісі – ойық;
б) жанама белгілер: ойық бағытта қатпарлардың конвергенциясы, «саусақ» тәрізді тартылу белгісі (де Кервен симптомы), асқазан перистальтикасының күшеюі, он екі елі ішек буылтығының тітіркенісі, асқазанның үлкен иініндегі терең тартылу түрінде оралма бұлшық еттің түйілуі, жара бар орында контрастты заттың дағы болу, гиперсекреция, эвакуацияның өзгеруі.

3. Фиброгастроскопия: белгілі бір орындағы жара ойығы, жараның түбінде некрозды масса болады, ол фибринмен жабылған. Жараның шет жағындағы кілегей қабық қатпар-лары қалыңдаған және бұл қатпарлар жара ойығына қарай жинақталған. Тыртықтану процесі кезінде жара ойығының орнында регенерациялы эпителий мен капиллярлар гиперплазиясы (қызыл тыртық) көрінеді, кейін кілегей қабық «көше тасына» ұқсап өзгереді, капиллярлар босап қалады, олардың саны азаяды, мұның өзі тыртықтың түсін өзгертеді (ақ тыртық сатысы).


4. Қанның жалпы анализі: эритроциттер мен гемоглобин санының болмашы өсуіне бейімділік болады және ЭТЖ баяулайды.
5. Нәжісті жасырын қан табуға тексеру (Грегерсен – Вебер реакциясы). Нағыз оң мәнді реакция болатын жағдайлар: жасырын дамитын асқазан мен он екі елі ішек жарасы, жара ауруының қайталауы, асқазан мен ішек рагі, геморрой, артқы тесік тілігі.

Емдеу шаралары. Болжамы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы