Жатыр түбінің биіктігін және іш айналымын анықтау, оның маңызы Мақсаты

Loading...


Дата28.05.2020
өлшемі154.78 Kb.
Жатыр түбінің биіктігін және іш айналымын анықтау, оның маңызы

Мақсаты: жүктіліктің мерзімін, босану мерзімін, құрсақтағы нәрестенің қалыпты дамуын, нәрестенің болжама салмағын анықтау.

Қажетті құрал-саймандар: сантиметрлік лента, фантом.

Техникасы: Әйелді тегіс кушеткаға шалқасынан тізе буынында бүгіп жатқызып, ішін ашып, іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді (мысалы: 32-аптада 80-85 см, жүктіліктің соңында, мерзімі жеткен жүктілікте іш айналымы 90-100 см-ге тең). Егіз жүктілікте, ірі нәрестеде, көп сулы жүктілікте, нәрестенің көлденең орналасуына, семіздікте іш айналымы 100 см артық болады.

Іш айналымын өлшеу. Жатыр түбінің деңгейін өлшеу.


Жатыр түбі биіктігін өлшеу үшін сантиметрлік лентаның басын қасағаның жоғарғы жиегіне орнатып, алақан қырымен жатыр түбін тауып өлшеу керек, мерзімі жеткен жүктілікте жатыр түбі биіктігі 36-37 см-ге тең, босанар алдында жатыр деңгейі төмендеп 34-35 см-ге сәкес келеді.

Леопольд-Левицкий тәсілі.

Әйелді кушеткаға шалқасынан жатқызып, акушер оң жағында бетпе-бет тұрады. Әйелдің тізе буынында аяғы бүгілген.



Леопольд-Левицкийдің бірінші тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбінде нәрестенің жамбасы орналасады. Ол нәрестенің басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау болып келеді.

Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілі - екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатырдың қабырғаларына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Нәрестенің арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай, оның позициясы мен түрін анықтайды.
Леопольд-Левицкийдің үшінші тәсілі – жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол нәрестенің басы.
Леопольд-Левицкийдің төртінші тәсілі – бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.
Нәрестенің жатырдағы қалпын фантомда көрсету

Қалыпты жағдайда нәрестенің денесі бүгіліп, басы көкірегіне иіліп, аяқтары – жамбас, сан және тізе буындарында бүгіліп, ішіне қарай жиырылып, қолдары көкірек тұсында айқасып жатады. Нәрестенің сырт пішіні, есеппен аяғымен 20-25 см-ге тең.



Нәрестенің қалпы – нәрестенің ұзынша өсінің, жатыр ұзынша өсіне қатысы. Нәресте жатырда ұзынша, көлденең, қиғаш жатуы мүмкін.

Ұзынша орналасуда – жатырмен нәрестенің ұзынша осьтері бір-біріне сай келеді. Көп жағдайда 99%-да нәресте ұзынша, басымен төмен жамбастың кіреберіс жазықтығына қарай орналасады.

Көлденең орналасуда – нәрестенің ұзынша өсі жатырдың ұзынша өсімен тік бұрыш жасай орналасады.

Қиғаш орналасуда – нәрестенің ұзынша өсі жатырдың ұзынша өсімен үшкір бұрыш жасай орналасады. Нәрестенің қиғаш жатуы тұрақты емес, босану кезеңдерінде ұзынша немесе көлденең жату қалпына ауысуы мүмкін.



Нәрестенің бағыты (positio) – нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы.

І-ші позицияда нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына; ІІ-ші позицияда жатырдың оң жақ қабырғасына қарап орналасады.



Нәрестенің түрі – алдыңғы және артқы түрлері бар. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасса, оны алдыңғы; ал артқы қабырғасына қарап орналасса, оны артқы түрі деп атайды.

Нәрестенің жатуы деп оның ең ірі мүшелерінің жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын айтады. Мысалы, егер жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің жамбасы жатса, нәресте жамбасымен; егер басымен жатса нәресте басымен жатыр дейді.

Алғашқы бөлік деп нәрестенің жамбас қуысына жақын жатқан және босану жолдарынан бірінші болып өтетін бөліктерін айтады. Мысалы, жамбас қуысына бас жақын жатқан жағдайда, босану жолдарынан бірінші желке, төбе, маңдай, бет бөліктері туылады. Осыған байланысты жатушы бөлігі шүйде, төбе немесе бөксе деп есептеледі.

Бастың орнығуы – төбе жігінің шат пен сегізкөз мүйісіне қатысы. Егер төбе жігі шат пен сегізкөз мүйісінен бірдей қашықтықта орналасса, оны синклитикалық, ал бірдей қашықтықта орналаспаса, оны асинклитикалық орнығуы деп атайды.

Нәрестенің басымен орнығуы

Көп жағдайда (95%-да) бас шүйде сүйегімен туылады. Шүйде сүйегімен алға (симфизге) немесе артқа (сегізкөзге) қарап туылуы мүмкін.

Нәресте басының шалқая орнығуы: төбесімен, маңдайымен, бетімен орналасуы мүмкін.

Төбесімен орнығуы – бұл шүйде сүйегінің артқы түрінің варианты, нәресте басы шамалы ғана шалқаяды, иек көкіректен алыстау, алып жүру нүктесі үлкен еңбек.

Маңдайымен орнығуы – нәресте басы едәуір шалқаяды, жамбас жазықтығына маңдай орналасады, босану кезеңдерінде бұл түрі бетпен жату түріне ауысуы мүмкін.

Бетімен орнығуы – нәресте басы қатты шалқаяды, шүйде мен арқасы бірігіп, жамбас жазықтығында бет орналасып, алып жүру нүктесі иек болады.


Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау техникасы

Леопольд-Левицкий тәсілінен кейін нәрестенің жүрек соғысын стетоскоп немесе УДЗ, фонокардиография, кардиотокография арқылы анықтайды. Жатырішілік нәрестенің жүрек соғуын тексеру арқылы нәрестенің жағдайы және көп ұрықты немесе бір ұрықты жүктілік екендігі анықталады.



Көрсеткіштері: 1. 18 апталық жүктілікте және одан жоғары мерзімде.

2. Босану кезеңінде-латентті фазада әр 30 минут сайын, белсенді фазада әр 15 минут сайын және босанудың ІІ-ші кезеңінде әр 5 минут сайын немесе әр күшеншектен кейін – нәрестенің жағдайын бағалау мақсатында тыңдалады.



Қарсы көрсеткіштері: жоқ.

Тексеруге дайындық: әйелді қатты кушетка үстіне аяқтарын созып жатқызады.
Техникасы:

  1. Нәрестенің жүрек соғысы акушерлік стетоскоппен іш пердесіне тығыз қойылып, жүйелі түрде тексеріледі.

  2. Нәресте басымен келуінде жүрек соғуы кіндіктен төмен, нәрестенің позициясына қарай – І-ші позицияда сол жақта, ІІ-ші позицияда оң жақта естіледі. Нәресте көлденең орналасқан жағдайда, нәрестенің позициясына қарай – І-ші позицияда кіндік тұсында сол жақта, ІІ-ші позицияда кіндік тұсында оң жақта естіледі. Ал жамбаспен келгенде кіндіктен жоғары – І-ші позицияда сол жақта, ІІ-ші позицияда оң жақта естіледі.

  3. Қалыпты жағдайда нәрестенің жүрек соғысы минутына 110-160 рет.

  4. Көп ұрықты жүктілікте нәрестенің жүрек соғысы екі нүктеден естіледі.



Нәрестенің болжам салмағын анықтау

1. Якубовтың есебі бойынша:

х 100

Жатырдың айналымы /см/ + жатыр деңгейі /см/

4

2. Жорданияның есебі бойынша:

Жатырдың айналымы /см/ х жатырдың деңгейі /см/



3. Ланковицаның тәсілі бойынша:

(Жүкті әйелдің бойы /см/ + салмағы /кг/ + жатырдың айналымы /см/ + жатырдың деңгейі /см/) х 10.



4. Джонсон бойынша:

(Жатырдың деңгейі /см/ - 11) х 155

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
білім беретін
арналған тапсырмалар
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
нтізбелік тақырыптық
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
болып табылады
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
мамандығы бойынша
әдістемелік кешені
жалпы білім
Сабақ мақсаты

Loading...