Жаратылыстану-математика



бет36/58
Дата02.01.2022
өлшемі0.54 Mb.
#20118
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Дәрістің мазмұны:

1.Экологияда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар.

2.Ғаламдық ойлауды құрайтын экологиялық таным.

Қазіргі атом, космос және зымыран заманында адамзат баласының табиғатты өзгертіп, оны халық игілігіне айналдыру әрекеті күннен-күнге күшейе түсуде. Жердің жасыл желегінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан ағыл-тегіл алынып жатқан табиғи байлық көлемі жыл сайын артып келеді. Тез пайда табу мақсатында биосфераның талай мыңдаған жылдар бойы жасалған үйлесімі жойылуда. Адам табиғатты «жеңді», оны құртумен шұғылданып, өзінің де осы табиғаттың кішкене бөлшегі екенін де ұмытты. Демек, табиғатты «жеңуі» іс жүзінде адамзаттың өзін-өзі құрту болып табылады. Осы уақыттағы адамзат қоғамы құрлықтың 50 пайыздан астамын өз пйдасына жаратып, өзен суларының 12-13%-н, орман-тоғай қорының 50% пайдаланады. Жыл сайын құрылыс және өндіріс мақсаттары үшін 4 мың км3 астам жыныстар аударыстырылып, жер қойнауынан 100 миллиард тоннадан астам кен қазылып алынады. 7 миллиард тонна шартты отын жағылып, дүниежүзілік мұхит суларына 600 миллиард тонна өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдық сулар мен 1,5 миллиард тонна мұнай төгіледі. 800 миллион тоннадан астам металл балқытылынып, егістік, бау-бақша егілетін жерлерге төрт миллион тонна улы қосылыстар (минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер, гербицидтер) себіледі. Атмосфераға 25 миллиард тоннаға дейін түрлі заттар шығарылып тасталады. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3 миллиард тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы, 1 миллион тоннадай шаң-тозаң шығып тұрады екен. Тек Қазақстан бойынша жылына адам басына шаққанда (2002 жылғы дерек бойынша ) 12,2 тонна көмір қышқыл газы ауаға шығарылады. Республикамызда өнеркәсіптің қатты қалдықтарының 20 миллиард тоннасы, тұрмыстық қалдықтардың 14 миллиард м3, радиактивті қалдықтардың 22 миллион тоннасы жиналып қалыпты. Бұл «байлықтарды» қайда жібереміз, қалай құтыламыз, әлі белгісіз.

Кейінгі кезде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, бұл көрсеткіш өсе беретіні сөзсіз. Өйткені халық саны жылдан-жылға өсіп келеді.

Табиғат бір-бірімен теңестірілген біртұтас экологиялық жүйе. Бұл жүйенің біреуі ғана бұзылса, барлық экологиялық жүйенің бұзылуына әкеліп соғады. Бұзылған экологиялық жүйені бұрынғы қалпына келтіру адамзат баласының қолынан келмейді. Осы уақытта өнеркәсіптің жедел өсуіне байланысты биосферадағы табиғат көріністеріне (ауа, су, жер, өсімдік әлеміне және жануарлар дүниесіне) әсер ететін неше түрлі улы химиялық қосылыстар – көміртегі, күкірт, азот, сынап, радиоактивті элементтер және т.б. заттар мөлшерден тыс көбейіп кетті.

Экологилық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін – экология ұғымының не екенін жан-жақты білу қажет.

Экология ғылымы - өмір талабына сай, биосферадағы өзгерістерге байланысты халықтың әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге бағытталған биология ғылымының жаңа саласы.

Экологиядағы қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: экожүйе (грек сөзі oikos – үй, орын және жүйе Tansley, 1935) – тірі заттар мен өлі заттар бірігіп табиғаттың экологиялық жүйесін құрайды. Экологиялық жүйе деген терминді 1935 жылы ағылшын ғалымы-экологы А.Тэнсли биология ғылымына енгізген. Ағылшын және Америка Құрама Штаттарының ғалым-биологтары бұл терминді кең көлемде өз ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолданады. Сонымен экологиялық жүйе биосферада тіршілік ететін тірі организмдердің өмір сүру заңы. Биоценоз (грек сөзі bios – тіршілік және koinos – жалпы) – тіршілік ету, өсіп-өну жағдайлары ортақ, эволюциялық процеспен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жан-жануарлардың тобынан құралған табиғи кешен. Биогеоценоз – жер бетіндегі біркелкі табиғи құбылыспен (атмосфераның, өсімдіктердің, жан-жануарлардың, микроорганизмдердің, топырақтың және гидрологиялық жағдайдың ерекше түрдегі) олардың компоненттерінің қарым-қатынасы, бірімен-бірінің зат алмасу және энергия алмасуын, сонымен бірге табиғаттың басқа құбылыстарының арасындағы алмасуын айтады. Олардың бірімен-бірінің диалектикалық бірлестікте болуы және тұрақты түрде қозғалыс жасауы. Адаптация (латын сөзі adapto – бейімделемін), адаптациогенез – организмнің құрылысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайына қарай бейімделуі.

2. Туған елдің табиғатын жан-тәнімен сүйетін, әрі оның қоры азайып кетпеуіне жаны ашитындардың алдыңғы қатарында географ мамандар тұрады. Жыл сайын әлемімізде 75 млн жас сәби дүниеге келеді. Оның 1,5 млн немесе 2%-дайы әр түрлі мутагендердің әсер етуі нәтижесінде пайда болған. Адамның терең ойластырмаған іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, жер мен су ластанды. Геосферадағы мұншалықты жедел өзгерістерге бейімделе алмаған жануарлар мен өсімдіктер өледі, ол бұрын табиғи популяцияның трофикалық байланыстардың бұзылғандығын білдіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері құрып бітеді, басқалары «Қызыл кітапқа» тіркеледі. Популяциялардың ішкі құрылымын әлсірету олардың теңгергіштік қызметінің әлсіреуіне әкеліп соғады. Ғаламшарымыздың – біздің үйіміздің ластануы жүріп жатыр. Ж.Б.Ламарктың 1820 жылдың өзінде «Адамның міндеті әуелі жер шарын мекендеуді жарамсыз етіп, өз тұқымын жоюда тұр» деп әулиелікпен жазған сөздері орынды сияқты. Адамзатты тек қана ауқымды шаралар кешенін жасау арқылы құтқаруға болады. Ол миллиардтаған қаржыны талап етеді. Мұнымен қатар өз көлемі жағынан В.И.Вернадскийдің биосфера іліміне жақындайтын жаңа кешенді ғылымды жасау керек. Мұндай ғылымға қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс туралы деректердің барлығы т.б., сондай-ақ оларды жою туралы ғылымда белгілі барлық жетістіктер түгел кіруі керек. Әзірге мұндай бағдарлама ғалымдардың ойында.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді