Жаратылыстану және география институты



Дата23.11.2022
өлшемі55.99 Kb.
#361329
Байланысты:
бк 4 сөж
тест-5 еңбек Ілесбек Сымбат, тест-4 сурет Ілесбек Сымбат, тест-4 еңбек Ілесбек Сымбат, Ерітінділер, unit-9c-key, История робототехники

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
СОӨЖ:


Тақырыбы: Биологиялық эволюция түсінігі. Эволюцияның қозғаушы күштері

Орындаған: Әшімхан Балжан
Тобы: 2/2
Қабылдаған: Абдикаримова Г.




Алматы,2022
Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор. Тірі табиғат жөніндегі эволюциялық теорияны Ж.Б.Ламарк ұсынды.
Ж
ан Батист Ламарк
Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары АристотельГераклитДемокритЛукрецийЭмпедокл, т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындығын, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды. Қайта өркендеу дәуірінде (15 – 16 ғасыр) жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты түрлі тұжырымдар қалыптасты. Мысалы, креационистік тұжырым – тіршілікті жаратушы құдіретті күш бар деп есептесе, трансфоризмдік тұжырым – тірі организмдердің өзгеретіндігін мойындағанымен, олардың тарихи дамуын дұрыс түсіндіре алмады. Мұндай көзқарасты жақтаушылар: Д.ДидроИ.В. Гете,Р.ГукЖ.БюффонЭразм ДарвинЖ.Сент-Илер, т.б. болды. Эволюциялық ілімнің пайда болуына үлкен әсер еткен К.Линнейдің тірі организмдерді жеке жүйелік топтарға жіктеуі болды (қ. Бинарлық номенклатура). Ең алғашқы эволюция ғылым көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген Жан Батист Ламарк болды. Ол 1809 жылы “Зоология философиясы” атты еңбегінде эволюцияның ұзақ уақытқа созылатын тарихи процесс екендігін атап көрсетті. Тіршіліктің қарапайым түрлерінің біртіндеп күрделілене түсетінін мойындап, тірі организмдерді күрделілену сатысына сәйкес орналастырды. Ол эволюция процесінің негізгі факторы тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атап көрсетіп, өз жүйелеуінде туыстық белгілеріне байланысты жіктеуге айрықша көңіл бөлді. 19 ғасырдың алғашқы жартысында Эволюциялық ілімнің дамуына жаратылыстану ғылымдарының дамуы мен қоғамның әлеуметтік-экономика жағдайларының өркендеуі де әсер етті. Бұл кезде микроскоптың шығуы мен жасуша теориясының ашылуы тірі организмдердің шыққан тегінің бір екендігін дәлелдеп берді. Палеонтология, салыстырмалы анатомия және салыстырмалы эмбриология ғылымдарының жетістіктері, сондай-ақ ағылшын геологы Ч.Лайелльдің (1797 – 1875) Жер ғаламшарының қалыптасуы туралы теориясы да Эволюциялық ілімнің дамуына ықпал жасады. 1859 жылы Ч.Дарвиннің эволюция теорияны қалыптастыруы Эволюциялық ілімнің ғылым негізін салды. Ол организмдер эволюциясының қозғаушы күшін ашты, яғни эволюция тұқым қуалаушылық өзгергіштіктің негізінде, тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асатынын атап көрсетті. Осының нәтижесінде дарвиндік теория қалыптасты (қ. Дарвиншілдік). Эволюция теорияны Э.Геккельдің белгілі бір жақын түрлердің тарихи дамуын анықтауда үштік параллелизм әдісін (палеонтология, салыстырмалы анатология және салыстырмалы эмбриология) қолдануы толықтыра түсті. Эволюциялық ілімнің дамуына биогенетикалық заңның ашылуы зор әсер етті. 20 ғасырдың басында Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары ашылғаннан кейін Дарвиннің Эволюциялық ілімне сын айтулар көбейді. Бұл кезеңде түрдің пайда болуы біртіндеп емес, кейде секірмелі түрде жүретіндігі туралы болжамдар айтыла басталды.
Дарвиннен кейін молекула биология мен генетиканың жетістіктеріне байланысты жаңа деректер Эволюциялық ілімге ұштасып, барлық органика дүние туыстас деген пікір айқындала түсіп, жаңаша талдаулар жасала бастады. Мысалы, орыс ғалымы С.Четвериков (1880 – 1954) популяцияда мутантты гендер (гетерозиготалы) көп болады, бұл тұқым қуатын өзгергіштікті жинақтайды, осыған байланысты жеке белгілер бейімдеуші болуы мүмкін деген пікір айтып, ғылымға “Тіршілік толқыны” деген ұғым енгізді. Ал америкалық ғалым С.Райт (1889 – 1959) гендердің дрейфі деген ұғымға ерекше мән берді. 20 ғасырдың 30-жылдарында микро- және макроэволюция туралы қалыптасқан кешенді көзқарастар – эволюцияның жасанды теориясы деп аталды. Оның негізгі қағидалары: тұқым қуалаушылық өзгергіштіктің бірден-бір көзі болып саналатын – мутация эволюцияның материалы болады; эволюция факторлар – тіршілік толқыны, оқшаулану, гендердің дрейфі кездейсоқтық және бағытталмаған сипатта болады; эволюцияның қозғаушы күші – табиғи сұрыпталу; жүйелік топтардың эволюциясы биология прогресс және биология регресс жолдарымен жүруі мүмкін; биология прогресс арогенезидиоадаптация арқылы өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады; эволюция ұзақ уақыт арқылы бағытталмаған әрі алдын ала ойламаған сипатта болады.

Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік. Дарвин өзінің эволюциялық ілімінде органикалық дүниенің тарихи дамуының қозғаушы күштері – тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп көрсетті. Кез келген тірі организмге тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері тән. Дарвиннің кезінде тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің себептері аз зерттеліп, көп уақыт түсініксіз болып келді. Генетика ғылымының қалыптасуына байлансты қазіргі кезде тұқым қуалаушылықтың хромосомаларда орналасқан гендер арқылы іске асырылатыны белгілі болды. Тұқым қуалаушылық организмге тән ерекшеліктер мен қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі болса, өзгергіштік жаңа белгілердің, айырмашылықтың қалыптасуы болып табылады. Дарвин өзгергіштіктің тұқым қуаламайтын және тұқым қуалайтын формаларды ажыратты.
Түрішілік күрес – бір түрге жататын даралар арасында жүреді. Тіршілік үшін күрестің бұл формасы өте шиеленіскен жағдайда өтеді. Өйткені бір популяциядағы даралар бірдей қорек, жылу, жарық, су, т.б. қажет етеді.
Түраралық күрес – әр түрге жататын даралар арасында жүреді. Оған арамшөптер мен мәдени өсімдіктердің, жыртқыштар мен үй жануарларының, түлкі мен қоянның арасындағы тіршілік үшін күресті мысаға келтіруге болады.
Бірнеше ғасырды қамтып, үздіксіз жүріп жататын әрекет- табиғи сұрыпталу. Бұл әрекетке қажетті материал – ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалып нығая түсетін шағын өзгерістер. Табиғи сұрыпталу нәтижесінде, тіршілік ортасына сәйкес бейімделген жаңа түрлер түзіледі.
Қорыта келе, Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория. Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген / М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4 «Қазақстан»:

  2. Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені