Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті


Химия кабинеті. Химия кабинетін жабдықтау әдістемелімен танысу



бет9/10
Дата20.05.2022
өлшемі85.97 Kb.
#256421
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мұқсиынова.А.Қ химия-биология, 1 - курс, оқуесебі
10с Тжб Джт, педагогика МД-31
9. Химия кабинеті. Химия кабинетін жабдықтау әдістемелімен танысу
Мектептегі химия кабинеті – әртүрлі оқу құралдарымен, жиһаздар мен және техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген арнайы оқу кабинеті. Химия кабинеті – химия сабақтарын өткізуге, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды дайындауға, өткізуге, сонымен қатар оқу бағдарламасына және тәрбие жұмысы бойынша мектеп жоспарына сәйкес химиядан сабақ және әр түрлі іс – шаралар өткізуге арналған орын. Мектептегі химия кабинетіне талап 2 түрлі қырынан көрінеді. Біріншісі – санитарлы – гигиеналық, эргономикалық және жалпы мектептік ережелер.Екіншісі – қажетті барлық оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс (кабинеттің дидактикалықсқұраушысы) ол оқу – тәрбиесі кешенін өткізуге мүмкіндік береді.
Ережеге сәйкес химия кабинеті 2 бөлмеден тұруы шарт: сабақ және басқа да іс – шаралар өткізуге арналған сынып бөлмесі және химиялық ыдыстар, реактивтер, оқу құралдары, дидактикалық материалдар сақталатын – лаборанттар бөлмесі.
Химиядан сынып бөлмесінің ауданы 70 м2 болуы керек. Онда 2 орынды оқушыларға арналған санитарлы – гигиеналық талаптарға және қауіпсіздік ережелеріне сай өткізілетін зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік беретін столдар мен қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім столымен, тартқыш шкафпен, сыныптақтасы мен сәйкестендірілген демонстрациялық стол орналасуы керек. Мектептегі химия кабинетінде міндетті түрде су құбырымен, электро энергиямен, оқу – әдістемелік әдебиеттер және кестелерді сақтауға арналған сөрелер мен, өрт сөндіру құралдарымен және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған заттар мен толық қамтамасыздандырылады.
Лаборанттар бөлмесінің ауданы 18м2 тең болуы керек. Онда реактивтерді, ыдыстарды, басқа да зерханалық заттарды сақтауға арналған сөрелер, тартқыш шкаф, ыдыс жуатын орын, өрт сөндіру құралдары, лаборант пен мұғалімге қажетті жиһаз болуы керек. Лаборанттар бөлмесі химия кабинеті жақын тұспа – тұс орналасуы керек. Оның 2 есігі : 1-коридорға, 2- химия кабинетіне бағытталып орналасуы керек.
Химия кабинетін басқа пәндер бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізу мақсатында қолдануға болмайды.
Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы: дидактикалық, көрнекі, тарату, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болуы тиіс және пән бойынша бағдарламалық материалдарды орындауды қамтамасыз ету қажет.
Химия кабинеті мұғалімнің оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін және оның нәтижелерін қорытындылайтын орын. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі өтуі, химия кабинетінің материалдық-техникалықбазасына, оқу жабдықтарына тікелей байланысты.
Кабинеттік жүйе мұғалімнің өз пәнінен әдістемелік шеберлігін арттырады. Мұғалім химия кабинетін жабдықтау мен техникалық және басқа да құралдармен дұрыс жұмысістеуді меңгеруге және оқушылардың өз бетімен жұмыс істеулерін ұйымдастыру үшін, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, газет-журналдарды үзбей оқуына тура келеді.
Оқыту процесінде алуан түрлі құралдар мен оқушылардың жеке дара немесе топталып, өз бетімен іздене оқуына жағдай жасалады. Зертханалық және сарамандық жұмыстардың бағдарламасын нақтылы орындауға мүмкіндік туады. Сыныптан тыс арнаулы сабақтар өтіледі. Оқушының білімін орынды да мезгілді бағалауға мүмкіншілік туады.
Химия кабинеті негізінен үш түрлі талаптарға сай болуы керек: әдістемелік, еңбек гигиенасын қорғау және техникалық талаптар. Бұл талаптар оқу-тәрбие процесінің мақсаттарына негізделген. Әдістемелік талап – білім беру, тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді, сондай-ақ химиялық материалдарғажәне дидактика талаптарына, оқыту теориясы мен психология ғылымының жетістіктеріне сай болады. Әдістемелік талаптарға сәйкес химия кабинетіндегі жұмыстар бірнеше бөлімдерге бөлінеді: химиялық тәжірибелерді көрнекі көрсету; оқушылар эксперименті; оқушылар білімін бақылау және дамыту; әдістемелік шеберлікті жүйелеу. Әрбір бөлім кабинеттің материалдық бөлігі болып саналады. Алғашқы екі бөлім химияның өзінді керешелігіне сәйкес болса, соңғы бөлімнің әдістемелік жағынан басқа пәндерге ұқсастығы бар.
Еңбекті қорғау техникалыққауіпсіздік, тазалық-гигиеналық нормалар мен ережелерді қамтиды. Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін сақтап, денесінің дұрыс қалыптасуы, мүсіні мен көзі бұзылмауы үшін кабинет жиһазының гигиеналық талапқа сай болуышарт.
Химия кабинеті– күрделі педагогикалық жүйе. Кабинетте химия пәніне қажетті оқыту құралдары, оқушылардың жұмыс орындары, мұғалімнің жұмыс орны, мұғалім мен оқушыларға ортақ жұмыс құралдары, сыныптақтасы, оқыту құралдарын сақтайтын орын – шкафтар, стеллаж, сөрелер, жәшіктер, шыны ыдыстар, құралдар, штативтер, реактивтерт.б. құралдарды жинап, таситын жайпақ табақтар; техникалық құралдар, бөлмені қараңғылауға, техникалық құралдарды меңгеруге керекті электр жүйесі мен қуат жүйелері, оқушылардың өздері әзірлеген жұмыстарын іліп қоятын шиттер, мұғалімге керекті ғылыми-әдістемелік құралдар, анықтамалықтар болады.
Қазіргі орта мектептің химия кабинеттері екі бөлмеден – сынып-зертхана және зертхана дайындық бөлмесінен тұрады. Сынып зертхана бөлмесінің ауданы 66-80 м2, ал зертхана дайындық бөлмесінікі 16-24 м2 .
Сынып-зертханада сабақ, сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрі жүргізіледі. Типтік жоба бойынша химия кабинеті жоғары қабаттардың бірінде болуы керек.
Сынып- зертхананың қабырғаларында тұрақты пайдалануға арналған көрнекі құралдар ілінеді. Алдыңғы қабырғада сыныптақтасының үстіңгіжағына
немесе жанына химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі ілулі тұрады. Сол маңайғ аретіне қарайтұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштік кестесі ілінеді. Элементтердің периодтық жүйесінің астына, сыныптақтасының үстіңгіжағына ұзын және жіңішке қағаз таспа түрінде металлдар кернеуінің электрохимиялық қатары және электр терістілік қатары кестелері бекітіледі. Сынып қабырғасының қолайлылау жеріне зертханалық ыдыстарды, құралдарды, реактивтерді пайдалануға араналған сурет-кестелер ілінеді. Ол кестелер оқушылардың сарамандық сабақтар мен зертханалық тәжірибелер кезінде анықтамалық мәліметтер алу үшін қажет болады. Осы жерге «Химия кабинетінде жұмыс істеудің ережелері» ілінеді. Бөлменің артқы жағына сыныптан тыс оқуға арналған ғылыми көп тараған кітаптардың мұқабалары бейнеленген және тізімдері жазылған плакат ілінеді. Сынып-зертхананың кейбір бос жерлеріне ретіне қарай керегінд епайдаланатын кестелерге, сызбанұсқаларға, диаграммаларға, портреттерге орын қалдырылады. Мұны оқытудың педагогикалық және әдістемелік бөлімі деп атауға болады.
Сынып-зертханада техникалық құралдарды пайдаланғанда бейнелерді түсіруге арналған экран болады, ол сынып тақтасының үстінеілінеді. Экран сирек пайдаланатындықтан, сабақтан кейін зертханашы жинапалып, дайындық бөлмесінде сақтайды. Сынып-зертханада өртке қарсы қолданылатын құмы бар жәшік, өрт сөндіргіш асбест, киіз жапқыштар, т.б. құрладар көрнекі көрсету үстелінің маңында тұрады, сондай-ақ дәрі қорапша, көзілдірік, бетті қорғайтын жамылғы, резеңке қолғап, халаттар, шланг, айна т.б. болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы