Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті


Орта мектеп химия курсының мазмұны мен құрылысымен танысу



бет8/10
Дата20.05.2022
өлшемі85.97 Kb.
#256421
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мұқсиынова.А.Қ химия-биология, 1 - курс, оқуесебі
10с Тжб Джт, педагогика МД-31
Орта мектеп химия курсының мазмұны мен құрылысымен танысу

Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады:
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс
Жүйелілігі. Оқу материалы ғылымның логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жүйелік негізі, әсіресі, химиняың негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.
Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді.
Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен мағынасын түсінуі, олар арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білуі керек. Мұның өзі оқушылар білімінің жаттанды және үстірт болмауын қамтамасыз етеді.
Көрнекілік принципі – дидактикалының ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызды орыналады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекуланың құрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін,сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпаралуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар, жетекші теориялар мен заңдар, өңдірістік материалдар енгізіледі.
Химия курсының мазмұнын таңдағанда жане толықтырғанда білімнің жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ішіненен іргелі білім мен біліктері іріктеп, жетекші идяның төңірігіне топтастырады,олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.
Ұғымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымының даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты негізгі ұғымдарының, тереңдейді.
Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады: физикалықдене→ зат→ элементтікқұрамы→ элементарбөлшектер→ иондыққұрамы→ материяныңбіртүрі.
Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше
Физикалық денелердің ортақ белгілерін тауы арқылы қалыптасады. Бұдан соң атом молекулалық теорияның, электрондық теорияның, электролиттік диссоциациялану теориясының, жалпы материалистік көзқарастың тұрғысынан дамиды.
Қиыншылықты бөлу негізі. Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әрқилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе – оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орнын тиімді анықтау.
Қиыншылықты бөле білу негізі ұғымдарды дамытуға тығыз байланысты. Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстыңәр жерінде өтіліп дамытылады. Біріншісі орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі химия элементтердің заттардың, химия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мәлімет беру.
Бірінші бағыттың негізінде теориялық көзқарастардың орналасу реті анықталды. Мұнда оқушыларды ғылым тарихындағы адасулар мен қателіктерге соқтырмай, тура жолмен алып жүру мақсаты көзделді.
Екінші бағыт бойынша оқу материалының мазмұнына кіретіндер: 1) кең таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы, оттегі мен суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлұматтар беру; 2) атом-молекулалық ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж.Дальтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) масса сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов және А. Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдар мен көрсету.
Қазіргі кездегі жалпыға бірдей орта білімнің мазмұны мен құрылымын мынадай 4 жүйеге топтауға болады:
1. Химия негіздері мен химия технологиясының білім жүйесі, олар: теориялық, әдіснамалық, қолданбалы болып бөлінеді. Бұлар химияның жалпы және политехникалық білім жүйесінің негізін құрайды, табиғаттың танымдық бейнесі жөнінде ұғымдар береді.
2. Химиядан білім берудегі іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру жүйесі. Ол оқушылардың оқу-танымдық қызметін қамтамасыз етіп, алған білімдерін өмірде, күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйретеді.
3. Іс жүзінде жинақталған танымдық, қолданбалы тәжірибелер жүйесі. Ол
шығармашылық қызметті, күрделенген оқу-танымдык, мақсаттарды шешеді. Сонымен қатарбұл — химиялық біліктер мен іскерліктерді меңгеруді, қолдана білуді, шығармашылық дербестікті қажет ететін оқушылар әрекеті.
4. Қоршаган орта мен арадагымқарым-қатынас жүйесі.Табиғат байлығын аялап, қорғау адамның басты міндеті,ол мектеп қабырғасында жүзеге асады. Мектептік химия курсының мазмұнына осындай негізгі мәселелердің енуі, оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды. Сонымен қатар оқытудың мазмұнын мектепте "неге үйретукерек" деген сұраққа жауап беру арқылы анықталады. Оқу пәнінің мазмұнын асабақта оқушылардың меңгеруіне қатысты білім мен дағдылардың көлемі кіреді, сондай-ақ білімді қабылдау, жүйелеп меңгеру аппараттары (бақылаусұрақтары, жаттығу мен есептер, әдістемелікнұсқаулар) енеді. Оқу пәнінің мазмұнына, білімнің жалпы пәнішілік және пән аралық байланыстары кіреді. Оқу пәнінің құрылым химиялық білімнің бағыттары мен құрам бөліктеріне тәуелді. Оқу пәнінің негізгі мазмұны химияның оқу бағдарламасында көрсетілген. Білімнің мазмұнын анықтау – өскелең ұрпақты неге үйрету, сондай – ақ оқыту мақсатын анықтау мәселелерін шешу деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы