Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті


Әртүрлі сабақтан тыс танымдық іс-шараларды жүзеге асыру жоспарларымен танысу (оқу пәні бойынша)



бет7/10
Дата20.05.2022
өлшемі85.97 Kb.
#256421
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мұқсиынова.А.Қ химия-биология, 1 - курс, оқуесебі
10с Тжб Джт, педагогика МД-31
Әртүрлі сабақтан тыс танымдық іс-шараларды жүзеге асыру жоспарларымен танысу (оқу пәні бойынша)

Пән бойынша сабақтан тыс жұмыс деп мұғалім басшылығымен оқулық жоспардан тыс, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ерікті орындалатын оқу жұмыстарын айтады. Сабақтан тыс жұмыстың мәні сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың қызметімен анықталады. Сабақтан тыс жұмыс - бұл бір жағынан, жұмыс жасау заңдылықтарымен және тұтас қасиеттері бар педогогикалық жүйе, ал екінші жағынан отандық білім беру жүйесінің ажырамас бөлімі.


Пән бойынша сабақтан тыс жұмыс мақсаттарының анықтамасы:
Химия - химияға деген қызығушылықтың артуы химиялық тәжірибе бойынша дағдылардың дамуы және жетілдірілуі; оқушылар демалысын олардың эстетикалық және өнегелі тәрбиелеумен үйлестіре отырып ұйымдастыру.
Биология - пән бойынша оқушылар білімдерін тереңдету және кеңейту; теория мен тәжирибемен байланысын тереңдету; оқушылардың дербес және творчестволық белсенділік даму.
Сабақтан тыс жұмыстың тек қана белгілі бір пән үшін тән принциптары бар: коммуникативті белсенділік(оқушыларды жаңа, белгісіз материалдарды қолдануға қарастыратын және ынталандыратын принцип), олардың танымдық құндылығы, қызықтылығы оның сапалық деңгейін жоғарылатады
және оқушылардың қатынастарының жете білушілігінің дамуына жағдай жасайды. Сабақтан тыс танымдық іс-шаралардың ең негізгі мақсаттарының біріне оқушылардың пәнге танымдық қызғушылығының қалыптасуы жатады. Кез келген басқа мектеп пәніндегідей сияқты, сабақтан тыс жұмыста да анықтаушы нәрсе мазмұн болып табылады, ол ерікті түрде таңдалады. Сабақтан тыс жұмыстардың тематикасы өте алуан түрлі.
Сабақтан тыс танымдық іс-шара жұмыстардың міндеттері:
1.Оқу пәнге қызығущылықтың қалыптасуы
2. Оқушылардың творчестволық белсенділігінің, ынтасының және өздігінен істеушілігінің дамуы т.б
Химиядан сыныптан тыс сабақтардың маңызды мақсаты оқушыларда әдебиеттермен дербес жұмыс істей білу мен лабораторияда тәжірибелік жұмыс дағдыларының қалыптасуы болып табылады.Ең соңында , сабақтан тыс сабақтардың маңызды тәрбиелік элементі қоғамдық пайдалы тапсырмалардың, жұмыстардың орындалуы, оларды орындау барысында оқушыларда жауаптылық сезім, еңбекті сыйлауға дағдыланады.
Сабақтан тыс жұмыстардың сабақтан өзге мазмұны, ұймдастыру түрлері және әдістері болады. Мұндай жұмыстар үшін химия мұғалімі тиісті білімдермен қарулануы қажет.
Оқушылар бұқаралық қамтуымен жүргізілетін сабақтан тыс шараларды өткізумен қанағаттандырылуға болмайды. Олар календарлық жоспармен және бағдарламамен ойластырылған болу керек.Химиядан сабақтан тыс жұмыстар мектеп қоғамдық ұйымдарының және басшылық жағынан көмекке сүйенеді. Мектепте сабақтан тыс жұмыстардың, әртүрлі шаралармен орайлас, мектеп жұмысы шекарасынан шығатыны мынадай сияқты: химиялық олимпиадаларға қатысу, конкурстарға, техникалық шығармашылық көрмелеріне, химиялық кабинеттер байқауларын қатысуды ұйымдастырудың үлкен мүмкіншіліктері де еске алынуы керек. Сабақтан тыс жұмыс жоспарлары, бөлек пәндерден және бүкіл мектеп бойынша оқушылар активтерімен талқыланады, директормен бекітіледі содан соң арнайы графиктарда, афишаларда, жариялауларда барлық мектеп бойынша мәлімдеуге жеткізіледі. Және де оқушыларды жеке өткізілетін бұқаралық іс-шаралары жайында күні бұрын хабарлау қажет.
Химиядан сабақтан тыс жұмыстарды бұқаралық, топтық және жеке дара деп жіктейді. Барлық бұлар сабақтан тыс жұмыс түрлері аралық қатысушылардың санымен ғана ажыратылып қоймайды сонымен қатар әрқайсысының өзінің мазмұны , өз ұйымдық түрлері және әдістері болады. Химия мұғалімі басшылығымен жүргізілетін дара және топтық жұмыстарға мүмкін химиямен соншалықты қызықпайтын бірақ құралдарды қарастыру, көрнекі құралдар жасау, химиялық білімдерді кіші сынып оқушылары арасында насихаттау қосалқы жұмыстарды орындау салаларында өз мүмкіншіліктерін сынап көруді мақсат еткен оқушыларды да тарту керек. Жұмыстың бұқаралық түрлеріне мынадай іс-шаралар жатады: ғылыми-практикалық оқырман конференциялары, тақырыптық кештер мамандықтар бойынша, химиялық олимпиадаларды мектепте өткізу, айлықтар күндері, химия онкүндіктерін химиядан бұқаралық сабақтан тыс жұмыстардың өзіне тән ерекшеліктеріне ол бір жолғы,эпизодтық шаралардан тұрады және де оған тек қана химияға арнайы қызығатын оқушылар ғана емес оқушылардың барлығы тартылады. Химия апталығын өткізу дәуірінде мектепте химиялық олимпиада жақсы газетке конкурстар, және әңгімелер өткізіледі. Мектептегі химиялық кештер бағдарламамен байланысты болуға тиісті. Оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялары сабақтан тыс жұмыс жүйесіндегі маңызды құрам бөлім. Ғылыми - практикалық конференциялардың ең басты элементі оқушылар баяндамалар мен хабарламалары олар экспонаттардың және тәжірибелердің демострациясымен қоса жүре алады.
Оқытудың белсенді түрлері мен әдістері
Бір немесе басқа да нығайтуышы белсенді әдісті қолдану нәтижелілігі көптеген жағдайда мұғалімнің позицисымен, оның жекелік - бағдарланған педогошикалық кеңістік жасауына, оқудың демократиялық стилінеғ балалармен әрекеттестіктің диалогтық түрлеріне, оқуышылар нақты мүмкіншіліктерін білуімен анықталады. Оқушының өнімді қызметіне мыналар қажет болады:
1. Бірқатар коммуникативтік қабілеттердің қалыптасқандығы
2. Оқушылардың ойлану қабілетінің дамуы
3. Бағалау іс-әректінің тәжірибесі
Зерттеу жобаларының жүзеге асуында келесі кезеңдерді белгілеу керек:
I кезең: Мотивациялық - мұғалімді жалпы ойды мәлімдейді, оң мотивациялық бейімделу жасайды; оқушылар:ойларды талқылайды, ұсынады.
II кезең: Ақпараттық-шапшаң - оқушылар материалдарды жинайды, басқа қайнарлармен және әдебиеттермен жұмыс істейді.
III кезең: Рефлексивті бағалау - оқушылар жобаларды ұсынад, нәтижелердің бағалау және ұжымдық талқылауға қатысады, мұғалім ұжымды бағалау қызметіне қатысушы ретінде алға шығады.
Пән бойынша сабақтан тыс іс-шара жұмыстар оқушылар тәрбиелеу және оқытудың ең жылжымалы түрі болып табылады, олардың мазмұны мен әдістемесі оқушы және мұғаліммен, мұғалім мүмкіншіліктерінің тәжірибе және мектептің өндірістің қоршауына тәуелділікте анықталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы