Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті


Оқу процесінің жағдайын оның әртүрлі формаларында зерттеу (сабақ, семинар, дөңгелек үстелдер, дебаттар және т.б.) өткізу әдістемелерімен танысу



бет6/10
Дата20.05.2022
өлшемі85.97 Kb.
#256421
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мұқсиынова.А.Қ химия-биология, 1 - курс, оқуесебі
10с Тжб Джт, педагогика МД-31
Оқу процесінің жағдайын оның әртүрлі формаларында зерттеу (сабақ, семинар, дөңгелек үстелдер, дебаттар және т.б.) өткізу әдістемелерімен танысу

Білім сапасын арттырудағы жаңашыл әдіс -тәсілдердің мүмкіндіктері.
Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз»,«түзетіңіз»,«дәлелдеңіз»,«жинақтаңыз», деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Мен үшін ең негізгі мақсат – әр сабағымды түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Мұны жүзеге асыру үшін түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Сабақта пайдаланып жүрген жаңа әдіс тәсілдеріммен бөліскім келеді.
Мысалы сабақтың бірінші кезеңіне тоқталатын болсам қызығушылықты ояту кезеңінде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, оқушыларды сабаққа тарту мақсатында алдымен «Өзің таңда» әдісімен топқа бөлу, мұғалім өзі үш оқушы таңдайды, ол топ басшысы болады, әр топ басшылары өздерінің қалауымен тобына оқушы жинайды. Мысал: Алиді шақырамын, неге?ол ақылды, білімді, досым т,б. яғни оқушының таңдауына мүмкіндік беру арқылы топқа бөлуге болады.
Үй тапсырмасын «стикердегі диалог»әдісімен бекіту яғни сұрақ және басқа сұрақтың жауабын бір оқушыға беріледі. (сұрақтың жауабын табу керек) бұл әдістен оқушының үй тапсырманы қаншалықты түсінгенін толық тексеріледі. Жаңа сабаққа көпір салу кезеңінде «Видео ролик» көрсету арқылы, жаңа сабаққа байланысты суреттерді жасыру арқылы, зерттеушілік әңгіме жүргізіледі: -не байқадыңыздар? -Қандай ой түйдіңіздер? т.б. сұрақтардың жауабын ала келе сабақтың тақырыбы оқушылармен бірге ашылады. (Видео роликті мұғалімдерге арналған (I.Mekten) электронный почтасынан алуға болады)
Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі.
Оқушы бойында функционалдық сауаттылықтары қалыптасады. Атап айтсақ,
-Берілген тапсырмаларды өмірмен байланыстыра алады.
-Берілген тапсырмалардың қажеттісі мен қажетсізін іріктеп, саралай алуы
-Қажетті ақпаратты негіздей және жүйелей алуы
-Қорытындылар жасай алуы. Яғни осындай іс-әрекетке қалыптасқан оқушы болашақта айналадағы құбылыстар мен жағдаяттардан өзіне қажеттісін түйіп, өмірде пайдалана білуге үйренеді.
Оқушы бойында коммуникативтік құзіреттілік бұл:
-оқу міндеттерін шешу үшін тиісті қарым-қатынас тәсілдерін игеруі
-өз әрекетіне өзіндік баға беруі және түзетулер мен толықтырулар жасай алуы
-өз жұмысының нәтижесін көрсете және жариялай алуы
-өз ойын жеткізе алуы және ойының дұрыстығын дәлелді түрде негіздей алуы.
Демек, оқушы осы арқылы түрлі жағдайларда өз пікірін жеткілікті түрде негіздеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзінің және өзгелердің әрекетіне баға беруге, өзін дамытуға үйренеді.Оқушы бойында проблеманың шешімін табу және өзіндік басқару құзіреттілігінің қалыптасуы ол оқушының:
-мәселені айқындау және іс-әрекет мақсаттарын белгілеуі
-қабылданған шешімді жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтауы
-іс-әрекеттер қадамдарын жоспарлай алуы
-қойылған мақсат пен міндетке сәйкес іс-әрекетті ұйымдастыруы
-өзінің іс-әрекетін бақылай алуы. Осы аталған дағдылары қалыптасқан
оқушы өмірде де жоспарлы түрде әрекет етуге, мәселелер туындағанда жедел және дұрыс шешім қабылдауға, тығырықтан жол табуға, өзін-өзі басқаруға үйренеді.
3. Жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
-Оқу үлгерім 100%, білім сапасының көрсеткіші 70% жетті;
- Оқушының пәнге деген қызығушылығы оянды;
-Оқушының ойлау қабілеті мен белсенділігі артты;
-Өз бетімен жұмыстануға құлшыныстары көтерілді;
-Оқушылардың базалық білім, білік, дағдылары жетілді;
-Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығы мен серіктестігі қалыптасты.
4. Жобаның жетістігі
Осы үздіксіз жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушыларым 3-жыл көлемінде мектепішіліктен қалалық деңгейге дейін өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Өзімнің де осы 3 жыл ішінде жеткен жетістіктерім бар. «Жас ғалым» атты бағдарламамды осы сындарлы оқытудың түйіні ретінде қалалық білім бөліміне дарынды балалармен жұмыс түрлерін көрсетіп, ұсынып отырдым. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиемізбен көз жеткізе аламыз.
5. Іс-тәжірибе бөлісу
Өз іс- тәжірибемді бөлісу мақсатында, республика көлеміне бірнеше сабақтар мен мақалаларым жарық көрді. Атап айтатын болсам Қазақстан мектебі журналы «Жаңашылдық, өзгеріс мектеп тәжірибесінде»,«Шаршы мен тіктөртбұрыштың қасиеттері»,Мектептегі ғылыми жұмыс журналы«Д дәруменінің адам ағзасындағы маңызы»,Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар «Қызықты математикалық ойындар», ғылыми әдістемелік «Ұстаз» журналы «Жастықты көркемдеп тігу» атты тақырыптарым жарияланды. Ашық сабақтар бере отырып, өз тәжірибемді әріптестеріммен бөлісіп отырдым.
Облыстық деңгейде семинарда сәтті шыққан «Дүниетану пәнінен» өткізген
«Мемлекеттік тіл» тақырыбындағы ашық сабақ, облыстық мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру институтының семинарына берілген «Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары» атты дүниетану сабағым, қалалық деңгейде өткен «Жастықты көркемдеп тігу» атты еңбекке баулу, облыстық деңгейде математика пәнінен өткізген «Екі таңбалы санды екі таңбалы санға тиісті тәсілмен бөлу» тақырыбындағы ашық сабақтар нәтиже көрсете алды. Оқушының осы жерде өзгергенін байқауға болады. Балалармен жұмыс жасауда да өз іс-тәжірибемде мақсатыммен қатар әдістемелік тақырыбым бойынша сындарлы оқытуды жүзеге асырып отырдым.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру