Жаратылыстану факультеті

Loading...


бет1/2
Дата27.02.2021
өлшемі18.43 Kb.
  1   2

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жаратылыстану факультеті

7М01505-Биология

МӨЖ№4

Тақырыбы: Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері

Орындаған:Жоламан А.Е.

Тексерген:Базаргалиева А.А.

Ақтөбе,2021

І.Кіріспе. Өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын жердің даму тарихымен байланыстырып қарастырған жөн. Жердің даму тарихын әдетте бірінен соң бірі келіп отыратын алты геологиялық эра түрінде береді: катархей, архей, протерозой, палезой, мезозой және кайнозой эралары. Олар өз кезегінде геологиялық кезендерге (дәуірлерге) бөлінеді. Әрбір эраның өзінің шөгінді пародалары бар, олардан өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары мен тастың бетіне түскен іздерін табады. Осы қалдықтарды зерттеу органикалық дүниенің эволюциясының жалпы бағытын, ал кейде жойыльш кеткен өсімдіктерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Катархей эрасында (4,5 млрд. жыл бұрын) әлемдік мұхиттарда физико-химиялық процестер жүрген. Олар тіршіліктің пайда болуына қажетті жағдай (субстрат пен материал) туғызған. Біздің планетамызда тіршілік архей эрасында (2,7-4,5 млрд. жыл бұрын) әлемдік мұхитта пайда болған. Тіршіліктің ең қарапайым формалары- клеткалық құрылысы қалыптаспаған, бір клеткалы ядросы қалыптаспаған, бір клеткалы ядролы және колониялы организмдер болған.Жер бетінде тіршіліктің дамуы, әсіресе бүкіл геологиялық жылсанаулардың жартысынан көбісін түзетін архей және протерозой эраларында өте баяу жүрген. Мысалы, палеонтологтардың мәліметтері бойынша, тек протерозой эрасында (570—2700 млн. жыл бұрын) қоректенуі жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар, тірі табиғаттың екі негізгі бағыты анықталды: автотрофты (өсімдіктер дүниесі) және гетеротрофты (жануарлар дүниесі) организмдер. Осы эрада бір клеткалы және колониялы көк-жасыл балдырлармен бірге қызыл және жасыл балдырлар, бактериялардың жаңа топтары мысалы темір бактериясы пайда болған.

Өсімдіктер дүниесінің даму тарихында аса маңызды жаңалық палеозой эрасының силурий және девон дәуірлерінде болды (230-570млн. жыл бұрын). Перм дәуірінде (230-285 млн. жыл бұрын) тұқымды папоротнктер және кордаидтер жойылған. Қырықбуын тәрізділер мен плаунтәрізділер азая бастаған. Бірақ ашық тұқымдылардың жаңа түрлері, оның ішінде саговниктер, саговниктердің арғы тегі болып табылатын араукариялар және басқа да қылқан жапырақтылар мен гинкголар кеңінен тарай бастаған. Перм дәуірінің соңына қарай ашық тұқымдылар жер бетінде басқа өсімдіктерден басым болған.

Мезозой эрасының (67-230 млн. жыл бұрын) триас (195-230 млн. жыл бұрын), негізінен юра дәуірлерінде (137-195 млн. жыл бұрын) ашық тұқымдылардың флорасы бұрынғысынан әлде қайда артып, молая түсті. Юра дәуірінің ормандары негізінен саговниктерден, гинкголардан, араукариялардан тұрған. Мүктер қалың болып дамыған, кейтониялар пайда болған. Соңғыларында нағыз жеміс жапырақшалардың гомологы мен шырынды жемістер болған.

Бор дәуірінде (67-137 млн. ж.б.)жабық тұқымды өсімдіктер кеңінен тараған. Кайнозой эрасында (0-67 млн.ж.б.) жабық тұқымдылар ерекше қарқынмен дамыды. Бұл эраның екі жоғарғы кезеңінде палеоген (67-25 млн.ж.б.) мен неогенде (250,7 млн.ж.б.) аса жылы климат қалыптасқан. Сол кездің өзінде-ақ жер бетінің ландшафты қазіргі кездегіге жақын болған. Жалпақ жапырақты ормандар пайда бола бастаған. Ағаштардың ішінде нан ағашы инжир, мирт, емен, үйеңкі, шаған, грек жаңғағы және т.б. кеңінен таралған өсімдіктердің тізімін толықтыра түсті. Қылқанжапырақтылардың таза біртектес ормандар түзуде де, аралас ормандар түзуде де (жалпақ жапырақты ағаштармен қосылып) маңызы орасан зор болды. Аса бай шөптесін өсімдіктер флорасы қалыптасты.

Келесі - төртінші кезең (осы кезгі) 0,7 млн. жылға созылады. Бұл кезенде жер бетіндегі климатта күрт өзгерістер болды: температура төмендеп, ауадан түсетін ылғалдың (жаңбыр, қар) мөлшері арта түсті. Мұның өзі жоғарғы ендікте жекелей алғанда, солтүстік ендікте аса көп мөлшерде мұздың қальштасуына әкеліп соқтырады. Бұл үлкен мұз оңтүстіке қарай ығысқан. Сонымен мұз дәуірі басталды. Мұздың ең көп басқан уақытында, мұз Европаның орталық аудандарына дейін жеткен. Адамның пайда болуы өсімдіктер жабынының құрамының өзгеруіне әкеліп соқтыратын жаңа фактор болып табылған. Осы кезден бастап пайдалы өсімдіктерді мәдени жағдайға ендіру қолға алынды, нәтижесінде жабайы өсімдіктер ығыстырыла бастады.



Өсімдіктердің даму тарихын үш кезеңге бөлуге болады: балдырлық кезең (протерозой эрасы- палезой эрасының бірінші жартысы), жоғарғы споралы өсімдіктер кезеңі (палеозой эрасының екінші жартысы), тұқымды өсімдіктер кезеңі - ашық тұқымдылар (мезозой эрасының бірінші жартысы) мен жабық тұқымды өсімдіктердің (мезозой эрасының екінші жартысынан осы кезге дейін) пайда болған кезендері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...