Жаппарханова а 216ОМ



бет1/6
Дата10.06.2022
өлшемі118.32 Kb.
#267622
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
пр7 Жаппарханова А 216ОМ
Гизатова Мерует Саясаттану 3, Referat Kommunikativnaya Kompetentnost Vracha I Psikhologicheskie Kharakteristiki Eyo Formiruyuschie, АНГЛ РК (2), микра 3, 1 - 14 социология, русский, student-medik, harakteristika studenta medika, 7 тапсырма семинар, 6 тапсырма семинар, 2тапсырма ОБӨЖ, Тема № 6 Культурный отдых театры, музеи, фестивали, выставки, концерты, литература, музыка. (1), пр6 Жаппарханова А 216ОМ, пр4 Жаппарханова А 216ОМ

08/06/2022 Жаппарханова А 216ОМ

7 тақырып: Этнос және ұлт әлеуметтануы.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Этнос, халық, ұлт

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәу- елділігімен түсіндірілді.
Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.
КСРО дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым.
Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениеті және тіл белгілері бар, мінез-құлық, қоғам жане басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа беріетін мәдениет компононттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі-мәдени құндылық. Этнос дегеніміз бір мемілекет территориясында өмір сүретін адамдардың тұрақты өзара әрекеті. Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл,өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т. б.білігі жатады.Олар жиынтығында белгілі этникалықмәдениетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік нагізінде құрылады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халық, этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ-ұлттық топтасу. Ұлт дегенімізтерритория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көріетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территориятіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдық, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.
Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт – капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлінісі, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы