Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет79/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   136
1-оқушы                                
2-оқушы
– Бала Төле Әнет бабаға барады. 
– Әнет бабаның жасы жүзге
келіп қалған екен. 
– Әнет баба ынтымак, ел бірлігі
жөнінде әңгіме айтып отырады. 
– Төле бала бабадан ел бірлігін
қалай сақтауға болатынын сұрайды. 
Әнет баба солқылдақ шы-
бық сындырып алдырып, Төлеге
сындыруға береді. 
– Төле шыбықтарды сындыра
алмайды. 
– Төле шыбықтарды бір-бірлеп сындырады. 
- Әнет баба Теледен не түсін-
генін сұрайды. 
–   Төле   мысалдың   бірлік,   ынтымақ  туралы
екенін айтады. 
–   Иә,   Әнет   баба   Төленің   жауабына   разы
болады. 
– Төле кімге барады?
 Әнет  бабаның  жасы  қай
шамада екен?
– Әнет баба қандай әңгіме
айтады?
– Төле бала Әнет бабадан не
жайында сұрайды?
–  Әнет баба шыбықтарды  Төлеге не үшін
береді?
– Төле шыбықтарды сындырады ма?
Төле шыбықтарды қалай
сындырады?
– Әнет баба не сұрады?
– Төле мысалды түсінген шығар? Ел билеу
үшін не керек екен?
– Әнет баба Төленің жауабына
қанағаттанды ма?
Бұдан соң сұрау белгісін қоюға себеп болған, сұрау мәнін танытатын
сөздерді   тапқызып,   оларды   түріне   қарай   талдау   керек.   Олар:  кімге,   қай,
қалай, не сұрау есімдіктері; ма сұраулық шылауы; шығар сұрау мәнді модаль
сөзі   екенін,   олардың   қатысуы   арқылы   сөйлем   мағынасы   сұрауды   білдіріп
тұрғанын оқушы таниды. 
Диалогті шешендік сөздің идеясы бойынша да кұрауға болады. 
— Төле бала Әнет бабаға не үшін барды?
— Төле Әнет бабадан не туралы сұрады?
— Әнет   баба   жауабын  неге  шыбық   сындырумен   берді   деп
ойлайсың?
— Бұл шешендік сөздің ойтүйіні не?
— Төле би туралы білесің бе? т.б. 
Мұндағы мақсат – сұрау белгісі тек графикалық таңба емес, ол мағынаның
жазудағы көрсеткіші екенін таныту. Ендеше, оқушы сөйлемнің синтаксистік
құрылысын  ғана   емес,   алдымен   мағынасын   білуі   керек   екені   көрінеді.
Сөйлемдердің   мағынасын   құбылту   арқылы   да   оқушы   назарын   осыған
аударуға болады. 
Сұрау   белгісі   қойылатын  орындарға   байланысты   тақырып   бойынша
мынадай өздік бақылау жұмыстарын орындатуға болады.  I нұсқа
1.   Досыңмен   қазақтың   Мұхтар   Әуезові   туралы,   оның   шығармалары
жайлы   не   білетіндерің   жөнінде   әңгімелес.   Ол   үшін   қандай   сұрақтар   қояр
едің?
2.
Сұрау белгісін қоюдың себебі неде? Нақты мысалмен дәлелдеп
түсіндір. 
3.
Берілген сөйлемдерді сұрау белгісін қоятындай етіп  өзгерт. 
115


      1.   Едіге   мал   қораға   қарай   бет
алды               
2. Сәбитжанның көз алдында
    өскені еске түсті. 
3. Сол күнгі кеш пен түнді
Борандының
 
аз
 
ауылы
Қазанғаптың   үйінің   ауласында
өткізді.  (Ш. Айтматов. )
Сөйлемдегі ойдың иесін білу үшін сұра
Еске түсіру себебін анықта. 
Борандылықтардың   кеш   пен     түнді
өткізген орнын сұрап біл. 
Борандылықтардың   Қазанғап       үйінде
болған мезгілін сұра. 
4. Көп нүктенің орнына тиісті сұрау мәнді сөздер мен тыныс белгілерін
қойып көшіріп жаз. 
Сені   солай   деп   иландырған
Құттыбаев... 
қалай
бе, қой, 
Сен түсінесің ... мұның сырын... 
Мұны ... түсінуге болады ... 
Құттыбаев   саған   бұл   туралы
ештеңе   айтқан жоқ ... 
Ау, әркімнің аузында ә дегенде
па, а, ә, 
қандай сөз болуы керек, ойланшы
өзің, ... 
Ғой
Сенің ақылың көп қой, ... Ермек ...
Сенің   көзіңше   болған   әңгіме
көрінеді ... 
(Ш. Айтматов. )
         II нұсқа
1. Белгілі  қоғам   қайраткері   Тұрар   Рысқұлов   туралы  жазылған
шығармаларды білесің. Досыңмен әңгімелесіп көр,    ол бұл жөнінде не біледі
екен. Әңгімені неден бастайсың?
1. Сұрау белгісі қай кезде қойылады?
2. Берілген сөйлемдерді сұрау мағыналы етіп өзгерт. 
1.
2.
3.
Борандылықтар   амалсыз   әрірек
барып тұрды
Алдымен ес жиған Үкібала еді. 
Едігенің қолындағы бала  селк
ете түсті. 
(Ш. Айтматов. )
Сөйлемдегі ойдың иесін білу
үшін сұра. 
Үкібаланың іс-әрекетін біл. 
Баланың іс-әрекетін тап. 
Баланың қайда екенін білу үшін
сұрақ қой. 
3. Көп   нүктенің   орнына   тиісті   сұрау   мәнді   сөздер   мен   тыныс
белгілерін қойып көшіріп жаз. 
116


1. Бірдеңе жазып отырасың ...  әлде бір нәрсе жөндеп
отырасың ... 
2. Дөненбай дегенде бір сыр жатқан жоқ ... 
3. Дөненбай деген  дыбысқа  ұксас ән салатын      бір
құс бар, аңыз соған байланысты ... 
4. Сөйтіп Едіге Жангелдин сіз боласыз ... 
5. Сені   Құттыбаевтың   ең   жақын   досы,       жолдасы
деседі ... 
6. Ал егер жаман түс болса ... әлдекімге ұнамайтын
түс болса ... 
7. Осы айтқанымды орындайсың ... 
(Ш. Айтматов. )
ше,   ше,
шығар,  ә,
би,   ба,   па,
ғой, ба. 
Сабақта   оқушыны   ізденіске   баулу   –   оқытудың   басты   мақсаты.   Осы
мақсатты жүзеге асырудың тиімді жолының бірі – белгілі көркем шығарма
бойынша жұмыс істеу, әр түрлі саяхат, жарыс, тәжірибелік сабақтар. Сұрау
белгісі   қойылатын   жағдайларға   байланысты   тәжірибелік-ізденіс   сабағын
өткізу тиімді болмақ.  Адамның қарым-қатынас  құралы  – тіл екенін нақты
түсініп,   оны   шын   мәнінде   көркем,   түсінікті   болатындай   етіп   қолданғанда
ғана   тіл   өз   қызметін   өз   дәрежесінде   орындай   алады.   9-сынып   оқушысы
осыны саналы түрде түйсіне алатын дәрежеде болуы тиіс. 
Дүниенің   қозғаушы   күші   –   сұрақ.   Бала   тілі   шығып,   өзінің   алғашқы
қадамын   жасағаннан-ақ   айналасындағы   нәрсенің   қарапайым   сырын   білуге
ұмтылады. Ол жазуда сұрау белгісі арқылы көрінеді, сұрау белгісінің жазылу
орны ерекше екені даусыз. Осыған оқушы көзін анық жеткізу үшін шешендік
сөздер бойынша  "Шешендік сөздер әлеміне саяхат»  атты тақырыпта сабақ
өткізу тиімді. Оны жарыс сабақ етіп те, тәжірибелік сабақ етіп те, ізденіс
сабағы етіп те, көрініс ретінде де өткізуге болады. 
Оқулықта "Ақтайлақ би мен Қанай шешен" атты шешендік сөз бар. 
Оқулықтағы жаттығулар тек көшіріп жазып немесе жай оқу үшін ғана
берілмейді, ол мұғалімнің сабақтың әр түрін өткізуіне қажетті материал. 
"Сұрау белгісі"  тақырыбы бойынша оқушылардың  білім дағдыларын
қалыптастыру үшін төмендегідей практикум сабақ өтуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...