Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


 Сөйлемдерді ажырату үшін қойылатын тыныс белгілерін оқыту

Loading...


Pdf көрінісі
бет78/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   136
2.5. Сөйлемдерді ажырату үшін қойылатын тыныс белгілерін оқыту
Сөйлем соңына қойылатын белгілер: сұрау белгісі, леп белгісі, нүкте,
көп нүкте. Көп нүкте толық айтылмаған, аяқталмаған ойдың белгісі ретінде
басқа   орындарда   да   кездеседі.   Сөйлем   соңында   тыныс   белгілерінің
қабаттасып келетін жағдайлары да бар. Атап айтқанда, сұрау белгісі мен леп
белгісі (?!) және керісінше (!?); көп нүктелі сұрау (?. . ), леп белгілерінің (!. . )
қабаттасып келуі де жазу тілінде бар. 
Сөйлем – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын құрал.
Қарым-қатынасты туғызушы жағдайлар әр түрлі болады. Жазуда да, сөйлеуде де
сол сөйлемдер арқылы көрінеді. Осыған орай, сөйлеу тілінің мақсаты да бірдей
емес, ол: хабар, баяндау, сұрап білу, жауап талап ету, адамның әр алуан эмоциясы
112


да болады. Осының бәрі қосылғанда сөйлем айтылу мақсаты мен эмоциясына
қарай   хабарлы,   сұраулы,   бұйрықты,   лепті   болып   төртке   бөлінетінін  оқушы
осыған дейін де білді. Сондықтан, әсіресе, осы тақырыпты өткенде мұғалім үшін
ерекше дайындық қажет. Себебі бұл тақырып оқушының үйреншікті, білетін
нәрсесін қайталау болып көрінуі мүмкін, негізінде, сөйлем соңына қойылатын
тыныс белгілерін дұрыс қоя білу немесе қоя алмау – оқушы білімінің міндетті
деңгейі, оның пунктуациялық дағдысының қаншалықты екенін көрсететін басты
көрсеткіш. Міне, сондықтан да сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілеріне
ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туады. 
1. Сөйлем соңына қойылатын белгілердің ішінде алдымен айтылатыны –
нүкте. Нүктенің қандай сөйлемнің соңына қойылатыны белгілі. Оқушы назарын
аударатын жері – нүктенің әр түрлі қысқартуларға байланысты қойылуы. 
Оқулықта   нүктеге   байланысты   алдымен   жай   сөйлем   және   оның
түрлерін   қамтитын   жаттығулар   берілген.   Оның   ішінде   атаулы,   жақты,
жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдердің ара жігін
ажырата   отырып   нүкте   қояды.   Екіншіден,   нүкте   құрылысына   қарай   жай
сөйлемнен соң да, құрмаластан соң да қойылады. Мақсатына қарай хабарлы,
бұйыру   мәні   солғын,   бұйрықтан   гөрі   тілек,   өтініш   мәні   бар,   формасы
жағынан бұйрықты сөйлемдерден кейін де келеді әрі қолданылу шеңбері кең.
Бұдан кейін қысқартуларға байланысты қойылатын нүктені қамтитын
жаттығулар   бар.   Нүкте   қойылатын   орындарды   жақсы   меңгерту   үшін
шығарма, әңгіме жаздырған артық болмайды. Мұндайда оқушы сөйлемді өзі
құрап,   тыныс   белгісін   өз   қалауы   бойынша   қоя   алады,   әрі   нүктенің   басқа
тыныс белгілерден ерекшелігіне көңіл аударады. 
2.   Сұрау   белгісі   сұраулы   сөйлемдерден   соң   қойылады.   Сұраулы
сөйлемдердің жасалуын, олардың мағынасын оқушылар өткен, сондықтан оны
білуге тиіс. Бұл жерде оларды аса тереңдеп қайталаудың қажеті жоқ. Ең бастысы,
сұраулы сөйлемнің мақсаты бір нәрсе жайлы білу екені, оны танытатын белгілер:
сұрау   есімдіктері,   сұраулық   шылау,   модаль   сөздер,   сұрау   мәнді   интонация
екендігіне   оқушы   көңілін   аудару.   Сұраулы   сөйлем   жасайтын   немесе   сұрау
белгісін қоюға негіз болатын белгілер – "сұрайтын", "сұраушы" сөздерді тани
білуге үйрету. Оларды тану үшін қойылатын сұрақтар:
- Сөйлемдегі ойдың иесін білу үшін қандай сөзді қолданасың?
- Ой иесінің іс-әрекетіне қандай сұрақ қоюға болады?
- Іс-әрекеттің болған жерін білуге көмектесетін қай сөз?
- Іс-әрекеттің себебін, мақсатын білгің келсе, қалай сұрар едің?
- Заттың сапасын, белгісін білу үшін қандай сөзді қолданасың?
- Заттың кімге меншікті, тәуелді екенін білуге бола ма?
- Істелген істің сапасын тексеру үшін қандай сұрайтын   сөз керек?
- Мезгілге байланысты қандай сұраулы сөзді білесің?
- Біреумен танысқың келді. Неден бастайсың?
-  Іс-әрекеттің   анық   болатынына   көзің   жетпесе,   қандай   сөзді
қолданасың?
Осы сияқты сұрақтарға жауап беретін сөйлемдер сұраулы сөйлемдер
болып   құралады,   себебі   аталған   сұраққа   негіз   болатын   сөздер   сұраулы
113


сөйлемнің   мақсатын   білдіреді  әрі   сұрау   белгісін   қоюдың   кілті   болып
табылады. Бұдан кейінгі кезеңде тақырып (жағдаят) бойынша диалог кұрау
орынды.   Тақырыптар:   "Бейнелеу   өнері   мұражайында",   "Кітапханада",
"Асханада", "Алматы туралы не білесің?" т.б. 
I. Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып, айырмашылығын
көруге болады. 
Хабарлы сөйлемдер
Сұраулы сөйлемдер жасау жолдары
1. Біздің ауыл Жоңғар
Алатауының
 
кенже
қойнауына орналасқан   еді. 
                  (Ы. Кененбаев. )
1. Ауылдың кімдікі екенін біл. 
2. Ауылдың қайда орналасқанын біл. 
3.   Жоңғар   Алатауының  қойнауындағы  не
екенін  біл. 
4.   Осыларды   білу   үшін   кандай   сөздерді
қолдандың, қандай белгі қойдың?
2. Тау басына алғаш   жеткен
Жұпар болды. 
                                       (С.
Мұратбеков. )
1. Жұпардың қайда жеткенін біл. 
2. Тау басына кім жеткенін біл. 
3. Жұпардың іс-әрекетін сұра. 
3.   Етекте   тұрып   күн  нұрын
қарсы алды?     
                                                 (Ы.
Кененбаев). 
Екі-екіден қысқа диалог құраңдар. 
– Балалар күн нұрын қайда қарсы  алды?
– Таңғы күн нұрын қалай көруге  болады?
– Балалар үшін бұл жаңалық болуы мүмкін
бе?
ІІ. Сұраулы сөйлемдердің мағынасын өзгерт, ол үшін не істеу керек?
- Жасылкөлге аққу келіпті дейсің бе?
- Ауыл-аймақтарың, әке-шешелерің аман ба?
- Ата, айтыңызшы, Жасылкөлден аққулар енді ешқайда кетпейді ғой?
- Әңгімені неден бастасам екен?
Сіз,   Күләш   қалқам,   осы   сабағыңызды   алдағы   сенбі   күні   тура   осы
күйінде тағы бір қайталасаңыз қайтеді?
- Осы сенің қанша гектар қызылша алқабың бар?
- Былтыр әр гектардан қанша центнерден өнім алдың?
- Суды қайдан алмақсыңдар? (Ы. Кененбаев. )
Оқулықтағы жаттығулар мынадай ретпен берілген:
а) сұрау белгісінің қойылу себебін түсіндір;
ә) жасалу жолына талдау жаса;
б) сұрау белгісі қойылатын сөйлемдердің мағынасын  анықта;
в) сұрау мәнді сөздерді орнына қойып, тиісті тыныс белгісін қой;
г) сөйлемдердің соңына сұрау белгісі керек пе, нүкте керек пе, белгісіне
қарап тиістісін қой. 
Оқулықта   берілген   шешендік   сөзді   оқып   шыққан   соң,   мазмұнын
айтқызып, сол бойынша оқушыларға диалог кұратуға болады. 
Экранға (интерактивті тақтаға) мынадай диалогтар жазылады. 
114




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...