Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет56/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136
Бастауыш
Баяндауыш
Бұл
Жел
Күн
....
....
....
Оқушылар   мұғалімнің   үстелінің   үстінде   қағазға   жазып   қойылған
«ыдырады, қуып барады, күлімдеді» сөздерінің тиістісін тақтада ілулі тұрған
кестеге (көп нүктенің орнына) орналастыруы керек. 
88


Қорыта келгенде, бұл жаттығулар оқушының саналы, мазмұнды ойлау,
сөйлеу әркетіне жетелеу арқылы тыныс белгіні дұрыс қоя білуге жаттығады.
2.3.1. Пунктуациялық дағдыны қалыптастыруда диктант
жүргізудің әдіс-тәсілдері
Диктант жұмысын жүргізу екі мақсатты көздейді:
1)   Диктант   жұмысын     жүргізу   көбінесе   оқушылардың   теориялық
білімін     сынауға   қолданылады.   Олардың   өткен   материалды   қаншалықты
меңгергені   диктант   жазу   барысында   айқындалып   отырады.   Соның
нәтижесінде   мұғалім   қай   оқушының   қандай   тақырыптан   қате   жібергенін
белгілейді алады. Ары қарай мұғалім   қандай шара қолдану жолын, жұмыс
жоспарын анықтап алады. 
2) Диктант     жұмысы   үйрету, бекіту, қайталау, пысықтау мақсатында
жүргізіледі.   Бұл   кезде   диктант   жұмысын   ұйымдастырып   отырылған   жаңа
білімді бекіту, кейбір ерекшеліктерін ашып таныту үшін қолданылады. 
Диктант жұмысын ұйымдастырып жүргізудің өзіндік талаптары бар:
- диктанттың жүйелі түрде түрлендіріліп жүргізулуі;
- диктанттағы мәтін, анықтама, ережелердің саналы игерілуі;
- жайдан күрделендіріліп, оңайдан қиынға қарай ұйымдастырылуы. 
Қазақ тілінен  ұйымдастырылатын  басқа да жазба жұмыстары сияқты
диктант жаздырудың да өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: мұғалімнің диктант
алуға   даярлығы,   диктант   жүргізуге   оқушыларды   дайындау   және   жүргізу
болып табылады. 
Мұғалімнің   диктант   жүргізуі   ең   алғаш   мәтін   таңдаудан   басталады.
Диктантқа мәтін  дайындауға мынадай талаптар қойылады:
1.   Диктант   мәтінінің     мазмұны   жағынан   оқушыларға   түсінікті,
тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы;
2. Диктанттың әр түрлі  жанрлардағы шығармалар, үзінділер, арнаулы
мәтіндер болуы;
3. Диктант мәтінінің   құрамындағы сөздердің бәрі оқушыға түсінікті
болуы керек. Егер түсініксіз және өте сирек қолданылатын емлесі қиын сөз
кездессе, ол түсіндіріліп, көрсетіледі;
4.   Диктант   мәтінінің     емле   қиындығы   орташа   дәрежеде   болып,
бағдарламаға сай сұрыпталынады;
5. Диктант мәтініне әрбір өтілген ережеге байланысты кемдегенде 2-3
орфографиялық және тыныс белгілерінің нысандары т.б. болуға тиіс. 
Мұғалімнің  келесі  бағыттағы  жұмысы  – диктантты тексеру. Диктант
жұмысының   қай   түрі   болса   да   тексеріледі.   Әсіресе,   бақылау   жұмысын
тексеріп,   оқушылардың   жіберген   қателерді   сұрыптайды.   Олардың   жіберу
себептерін   анықтайды.   Соңынан   қатемен     жұмысты   жүргізу   мен   оны
болдырмаудың әдіс-тәсілдерін ойластырады. 
Мұғалімнің оқушыларды диктант жазуға даярлауы сол сабақ үстінде
немесе үй тапсырмасына байланысты жүргізіледі. 
89




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...