Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тыныс белгіні дұрыс қоя білуге жаттықтыру

Loading...


Pdf көрінісі
бет51/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   136
2.3 Тыныс белгіні дұрыс қоя білуге жаттықтыру
Жаттығулар – бір мақсатқа бағытталған, өзара байланыстыру тұтастығы.
Ол әрекеттер тілдік және ой амалдарына байланысты орындалады. Қазақ тілі
әдістемесінде жаттығулар жүйесін түріне, тәсіліне, типіне, мақсатына қарай
жіктей келе, Н.Ж.Құрманова жаттығуларды негізінен «тілдік» және сөйлеу
жаттығулары деп топтастырады және жаттығулардың қазіргі кезде 30 шақты
түрі бар деп көрсетеді [57,63].
М.Жусупов тілдің көп қызметті қасиетін меңгертуді, танытуды ұстаным етіп
ала отырыпе, жаттығулардың 2 типін, 5 түрін көрсетеді [   ]. Мысалы:  теориялық
білімді игеруге арналған жаттығу түрлері: а) тілдік жүйені игертуге бағытталған
жаттығулар; ә) тілдік материалды талдауға, үйретуге бағытталған жаттығулар; б)
қатысымдық   біліктерін   қалыптастыруға   бағытталған   жаттығулар   [58].   Демек,
жаттығуларды топтастыруда жалпы және жеке ұстанымдарды басшылыққа алу
оқыту мен оқыту мазмұнын байланыстыруда, білім мен біліктілікті біріктіруде
маңызды болып табылады. Сондай-ақ тыныс белгіні үйрету синтаксистік білім,
біліктілікке орай жүргізіледі.
Ғалым   С.Рахметова   атап   көрсеткен   тіл   дамыту   жұмыстарының   үш
бағыты (сөздік жұмысы, сөз тіркесі және сөйлемнен жұмыс, байланыстырып
сөйлеу   жұмысы)   грамматика   сабақтарында   жеке-жеке   де,   бір-бірімен
байланыстырыла   да   жүргізіледі.   Демек,   синтаксистік   материалдарын
меңгертуде орындалатын сөйлеу (мақсатына қарай), диалогтық, монологтық
(оқу   материалы   табиғатына   қарай),   ауызекі   сөйлеу   тілі,   жазбаша   тіл
жаттығуларын   (сөйлеу   формасына   қарай)   тіл   дамыту   жаттығулары   деп
қарастыру қажеттігі туындайды [59].
Оқушыларды оқытуда дамыта оқыту логикасы басшылыққа алынғандықтан,
синтаксис тақырыптарының мазмұны оқу-ізденімдік тапсырмаларды орындату-
орындау   логикасы   арқылы   ғана   ашылады,   яғни   теориялық   білім   мазмұны
оқушының санасына өзінің білімі түрінде қалыптаса алады. 
Синтаксис   материалдарын   меңгертуде   орындалатын   оқу   әрекеттерін
жаттығулар   мен   тапсырмалар   жүйесі   арқылы   анықтайтын   болсақ,   онда
орындалуы   тиіс   жаттығулардың   білімдік   және   тәрбиелік,   дамытушылық
мазмұнының сапасына қойылатын талаптар да жоғары болмақ. Сол себептен,
84


оқушыларға   синтаксисті   меңгертуге   арналған     жаттығулар   жүйесінің
сызбасын келтірейік. 
28-сурет - Мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытуға арналған
жаттығулардың деңгейлік ерекшеліктері.
Дамыта оқытуда жаттығудың орындалу логикасы мынадай қадамдардан
тұрады: 
1)   оқушы   өзі   танып-білуі   тиіс   болып   отырған   таным   нысанын
басқалардан айқын ажырата алады
2)   оқушы   өзінің   танып-білуі   тиіс   таным   нысанының   сыртқы
белгілерімен саналы түрде танысады; 
3)   оқушы   нақты   қандай   зандылықты   «ашуы»   керектігін   оқу   міндеті
ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...