Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет3/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
мағынасы, сөйлемнің интонациясы.  Құрамына қарай сөйлем,
негізінен,   жай  және  құрмалас  сөйлем  болып  екіге  бөлінеді.
Бұлардың   өзі   іштей   мағынасына,   айтылу   сазына,
құрамындағы жай сөйлемдердің тиянақтылық, тиянақсыздық
қасиеттеріне,   жасалу   жолдарына   қарай   бірнеше   түрге
бөлінеді.   Міне,   осымен   байланысты   сөйлемнің
ерекшеліктеріне, қолданылу сипатына қарай әр түрлі тыныс
белгілері  қойылады. Хабарлы сөйлемнен соң (жай, құрмалас,
толымды,   толымсыз,   жақты,  жақсыз  сөйлемдер т.б.   )  нүкте
(.   )   қойылады.   Сұраулы   сөйлемнен   соң   сұрау   (?),   лепті
12


сөйлемнен   соң   леп   белгісі   (!)   қойылады.   Оңашаланған
мүшелер, оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма, одағай) сөйлем
құрамындағы   өзге   мүшелерден,   негізінен,   үтір,   сызықша
арқылы ажыратылады. Сондай-ақ жалпылауыш сөз сөйлемнің
біріңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң
қос   нүкте   қойылады   да,   ол   керісінше   келетін   болса,
жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. 
Тыныс   белгілерінің   дұрыс   қойылуы   сөйлемдегі   кейбір
сөздердің,   сөйлемнің   мағынасына   тікелей   байланысты.
Мысалы, Мен оның сөзінен байқаймын деген сөйлемді Мәлғұн
шалдың сөздері, байқаймын, Пугачевты ойландырған сияқты
(Пушкин)  деген   сөйлеммен   салыстыратын   болсақ,   бірінші
сөйлемдегі   байқаймын   сөзі,   аңғарамын,   білемін   деген
мағынада жұмсалып, белгілі бір сөйлем мүшесі (баяндауыш)
қызметін   атқарып   тұрса,   екінші   сөйлемдегі   байқаймын
сөзінде   ондай   қасиет   жоқ.   Бұл   -  меніңше,   байқауымша,
тәрізді мәнде қолданылып, оқшау сөздің бірі – қыстырма  сөз
қызметінде   жұмсалып   тұр,   сондықтан   оның   екі   жағынан
бірдей   үтір   қойылады.   Сондай-ақ   көп   нүкте,   тырнақша,
жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына қарай да
қойылады. 
Тыныс   белгілерін     дұрыс   қою   интонациямен   тікелей
байланысты.   Мысалы,   жай,   құрмалас,   сұраулы,   лепті
сөйлемдерге   байланысты   қойылатын   тыныс   белгілері
интонацияға   негізделеді.   Бастауыштан   кейін   қойылатын
сызықшада   интонацияның   ролі   айрықша   көрінеді.   Мысалы,
Еменнің   иілгені   –   сынғаны.   Көптің   ісі   –   көл  (мақал).  Ол   -
Әбіштің   туған   елінде,   аулында   ешкімге   айтпаған,   аша
алмаған   сыры   (М.   Ә.   ).   Бірінші,   екінші   сөйлемдердегі
сызықшылар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе
заттанған   есімшеден   болғандықтан   қойылып   тұрса,   үшінші
сөйлемдегі   сызықша   сілтеу   есімдігінен   болған   бастауыш
анықтауышқа ұқсап кетпес үшін қойылып тұр. 
Қазақ   пунктуациясы   –   қазақ   тыныс   белгілері   жөніндегі
ережелердің   жиынтығы.   Ол   –   тыныс   белгілерінің   түрлерін
және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады. 
Қазақ   пунктуациясы   грамматикаға,   мағынаға   және
интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің
грамматикалық   құрылысына,   мағынасына,   интонациясына
қарап қойылады. 
Қазақ   пунктуациясының   негізгі   қызметі   –   тілдің   ішкі
заңдылықтарына   сүйеніп,   сөйлесімді   сөйлемдерге,
сөйлемдерді   белгілі   бір   бөліктерге   бөліп,   ажыратып,   жазу
және   оларды   дұрыс,   мәнерлеп,   нақышына   келтіріп,   оқуға,
13


сонымен   бірге   жазылған   ойды   я   оның   бөлшектерін   дұрыс
түсінуге   мүмкіндік   жасау.   Мәселен,   нүкте   сөйлеуді
сөйлемдерге   саралайды   да,   аяқталған   жай   немесе   күрделі
ойды білдіреді. Мәселен, егер бір мәтінді алып, төмендегідей
сөйлемдердің   ара   жігін   ажыратпай   жазсақ,   оқушылар   оны
оқығанда, қатты қиналып, тіпті оның мағынасына да түсінбей
қалуы ықтимал: Күн салбырап еңкейген күзге салымғы жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...