Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет22/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136
Жәмилә   деп   айтсақ   та,   Ләззат,   Сабира,   Жәмила  деп   жазатынымыз
оқушылардың   есінде   тұра   бермейді.   Ал   бұл   ережені   біліп,   жазылуын
сақтағанмен, керісінше жазылған (ережеге бағынбайтын)  күнә, кінә, күмән,
сірә, іңкәр сияқты соңғы буында естілуіне қарай ә жазылаты сөздер тағы бар. 
VІІ   сынып   оқулығының   соңында   «Дұрыс   жаз»   деген   тақырыпта
49


берілген шағын орфографиялық сөздіктің де мақсаты осы. Онда оқушыларға
қиын-ау   деген   сөздер     арнайы   теріліп   жазылған.   Бірақ   бұл   шағын   сөздік
оқушылардың   қажетін   толық   ақтауы   мүмкін   емес.   Өйткені   оқушыларға
өздеріне   жазылуы   қиын   сөздерді   қарап   отырудың     пайдасы   болғанымен,
қандай заңдылыққа   сүйеніп жазылғанын еске түсіру қиын. Сондықтан да
белгілі     бір   сөздің   жазылуын   сөздіктен   қарап   білгенмен,   оған   ұқсас
жазылатын   сөздерді   өздерінше   дұрыс   жаза   алмауы   мүмкін.   Сол   себептен
әрбір   тіл   категориясына   қатысты   теориялық   мәлімет   берілгенде
оқушылардың     орфографиялық   білімі     мен   дағдысын   жетілдіре   түсуге
қолайлы   жағдай   жасалып,   тыныс   белгілермен   байланыстырыла   үйретілу
тиімді.
VІІ   сынып   оқулығында   әрбір   сөз   табынан   кейін   олардың   емлесіне
(мысалы:     үстеу   сөздердің   емлесі,   шылау   сөздердің   емлесі)   арнайы
тақырыптар берілген. 
Бұл  емле ережелері  үстеудің  не шылаудың  ғана    жазылу  заңдылығы
ретінде   түсіндіріледі.   Жалпы   алғанда,   сол   категорияға(үстеуге   т.б.   )   тән
жазылу   ережесі   екені   рас   та,   бірақ   оның   басқа   тақырыппен   ұштасып
жататынын кейде ескерілмейді. Мысалы: дефис арқылы жазылатын сөздер
тек үстеу немесе еліктеуіш сөздің емлесі емес,  қос сөздің жазылу тәртібіне
бағынып   жазылады.   Сондықтан   емлені   түсіндіргенде   үстеулердің   қос   сөз
түрінде   кездесетінін,   соған   байланысты   олар   дефис   арқылы   жазылатыны
түсіндірілсе, оқушылар мәліметті әлдеқайда нақты, дәлелді ала алады. 
Оқушылардың   орфографиялық   қателерін   тексергенде,   мұғалімнің   әр
уақытта ескеруі тиіс бір мәселе бар. Ол – бірге не бөлек жазылатын сөздердің
ара-жігін   ажырату   қиындығы.   Қазақ   орфографиясын   жетілдіру   барысында
сөздердің бөлек не бірігіп жазылуы жөнінде жасалған ереже бар. Дегенмен
бұл мәселеде, оқушыларды былай қойғанда, лигвист-ғалымдардың өзі толық
бір шешімге келген жоқ. Сондықтан мұғалім бұл жөнінде тым қатал  болмауы
керек. Ол үшін мұғалім сол сыныптың баласы қандай білім, дағды алды, қай
сөздердің   жазылуында   қиындық   кездестірді   дегенді   қатаң   ескеруі   қажет.
Өйткені   сөздердің   грамматикалық   мағыналарын   игермей,   сөйлемдегі   ойды
игере алмайды. Ал сөйлемдегі ойды дұрыс игермесе, ондағы сөздер мен сөз
тіркестерінің мәнін дұрыс анықтай алмаса, онда сөйлемнің тыныс белгілерін
де игере алмайды.
Пунктуациялық   икемділік   пен   дағды   беруде   оқушылардың
стилистикалық   біліктілігімен     де   байланысты   жүргізіледі.   Оқушыларда
орфографиялық, пунктуациялық қатеден басқа стилистикалық қате кездеседі.
Алғашқы   екеуіне   көбірек   көңіл   бөлінеді   де,   соңғысына     талдау   аз
жасалынады.   Бұның   басты   себебі   стилистикалық   қатенің   болуы   неліктен,
себептері неден екеніне осы кезге дейін мұғалімдердің өзі аз көңіл бөледі. 
Мұның салдарынан оқушылар ондай қатенің бар екенін білгенмен, оны
болдырмаудың   жолын   білмейді.   Көп   жағдайда,   бұл   қате   сөйлемді   дұрыс
құрмаудан   деп   түсініледі.   Бірақ   ол   –   жалпы   айтылған   сөз.   Ал   шындап
келгенде,  бұл қатенің болу себебі әр түрлі. Сондықтан VІІ сыныптың өзінде
мазмұндама   мен   әр   түрлі   шығарма   жазуға   дағдыланатындықтан   мұғалім
50


арнайы сабақ арнамағанымен, әрбір стилистикалық қате кездесетін себепті
сабақпен   байланыстырып   отырмаса,   оқушы   дұрыс-бұрысын   ажырата
алмайды. 
Оқушылардың   жазба   жұмыстарында   кездесетін   стилистикалық
қателерді пайда болу себебіне қарай төртке бөлуге болады:Мәселен, оқушы
сөздің   лексикалық   мағынасын   толық   білмегендіктен   сөздердің   қолданылу
аясын,   басқа   сөзбен     тіркесу   қабілетін   жақсы   ажырата   алмайды   да,   олақ
сөйлемдер   құрайды.   Шындап   келгенде,   бұл  
  қателер   мектеп
бағдарламасында   оқылған   лексика   тарауын   игермегеннен   –   сөздің   тура,
ауыспалы, синонимдік т.б. мағыналарын жете түсінбеуден туады. Сондықтан
мұндай қатені  лексикалық қате деп атаған жөн. 
Ал сөздің жасалу жолынан, сөз түрлендіру амалынан кеткен қателерді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...