Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет17/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   136
Пірәлі   келіп   жатты.  Осы   сөйлемдегі   «ағасы»   мен   «Пірәлі»
сөзінің   арасына   сызықша   да   қойып   жазуға   болады.   Бірақ
онда басқаша мағынада, яғни бірыңғай мүше анықтауыштың
түрі ретінде айтылады. 
4.  Мен   білсем,   Абай   ағам   Базаралының   Тәкежан   мен
Әзімбайға   айтатын   дауын   жазып   отыр!  –   дегендегі   «Абай»
деген   сөзден   соң   үтір   қойылса,   «Абай»   қаратпа   сөз   болып,
«аға» деген сөзді бір ретте сөйлемнің бастауышы деп ұғуға
немесе сөйлемнің анықтауышы деуге болады. 
5.  Кондуктор танысымның мына сөзі шымбайына батып
кетті білем, жаңа кірген бір адамдарға билет бере салды...
(М.   И.   )  деген   сөйлемдегі  «кондуктор»     деген   сөзден   кейін
үтір   қойылса,   ол   сөз   қаратпа   сөз   болады   да,   ешбір   тыныс
белгісі   қойылмаса,   ол   сөз   «танысымның»   деген   сөздің
анықтауышы   болады,   яғни   таныс   адамның   мамандығы
кондукторлық екен деп түсінуге болады. 
38


6.   Терезеден   түнде   кеп   бағып   тұрса,   тазы   итке   қыз
айырбастап алған қорқау бай Аксен қызға қорлық көрсеткен
(М. Ә). осындағы «бай» деген сөзден соң үтір қойылса, «бай»,
«Аксен»   деген   сөздер   бірыңғай   мүшелер   болады   да,   егер
«бай» деген сөзден кейін үтір қойылмаса, Аксеннің бай адам
екендігін   білдіреді.   Үшінші   ретте   «бай»   сөзін   екі   жағынан
үтірмен ғана бөліп жазсақ, онда бұл сөз қаратпа сөз болып
шығады. 
7.  Кесек   қырлы   мұрынды   Ақылбай  дегенде,   осындағы
«кесек»   деген   сөзден   соң   үтір   қойсақ,   «Ақылбай   ірі   адам»
деген   мағына   береді   де,   ол   сөзден   соң   үтір   қойылмаса,
Ақылбайдың   мұрнының   кесектігін   ғана   білдіреді,   яғни
анықтауыш   болып   кетеді.   Анықтауыш   өзі   айқындайтын
сөзден тыныс белгісімен бөлінбейді. 
8.  Әдейі   таң   сәріде   бір   түнде   шешініп   жата   бергенде
Жақыптың   терезесінің   тұсынан   өтемін.  Бұл   сөйлемдегі
алғашқы «бір» сөзінің алдынан үтір қойсақ, «түнде» дегеннен
кейін   тағы   үтір   тұрса,   «бір»   сөзінің   «таң   сәріде»   сөзіне
қатынасы   болмайды   да,   «бір   түнде»   оңашаланған   мүше
болып   кетеді.   Ал   екіншіден,   «бір»   сөзінің   алдынан   үтір
қойсақ,   шешініп   жата   бергенде,   неше   рет   өткендігін
білдірмей, тек Жақыптың ғана терезесінің алдынан өтетіндігі
айтылады. 
9.  Сүгір:   Ауылға   бұл   шіріген   жұмыртқаны   сақтап
отырмаймын.  Тыныс   белгілерінің   әр   түрлі  қойылуына  қарай
осы   сөйлемді   әр   түрлі  мағынада   түсінуге   болады:   а)  Сүгір,
ауылға   бұл   шіріген   жұмыртқаны   сақтап   отырмаймын
дегенде, «Сүгір» қарату мағынасын береді; ә)  Сүгір: Ауылға
бұл   шіріген   жұмыртқаны   сақтап   отырмаймын  дегенде,
осының бәрі Сүгірдің сөзі болып шығады. 
10.  Қотыр   -   қойдың   соры  (мақал)   деген   сөйлемдегі
«қотыр»  сөзінен   соң   сызықша   қойса,  «қотыр»  бастауыш
болады.   Ал  «қотыр»  деген   сөзден   соң   ешбір   тыныс   белгісі
қойылмаса,  қай   қойдың?  деген   сұраққа   жауап   беріп,   сау
қойдың емес қотыры бар деген мағына туады. 
11.  Мариям тамылжыта  салған   әннің  сорғалап  шыққан
әуені   мешіт   ішіндегі   Дүйсен   мен   хазіреттің   айтысы,
Мариямның Рахиланың үйінде Абайдың «Татьянасын» айтып,
жұртқа,   Дүйсенге   өз   мұңын   шағуы   сияқты   тағы   басқа
көріністер   оқушыға   ұмытылмастай   әсер   қалдырады.    Осы
сөйлемдегі   «Мариямнан»   соң   үтір   қойып,   бір   дауыспен
оқысақ, «Мариям» қаратпа сөз болады, егер ол сөзден кейін
үтір   қойылмаса,   осы   сөйлемнің   бастауыш   мүшесі   қызметін
атқарады. 
39


Бұл мысалдар тыныс белгілерінің жазылып қана қоймай,
әрқайсысының   белгілі   мәнермен   оқылып,   сөйлемдегі   ойды
түрліше түсінуге болатындығын көрсетеді. 
Демек,   тыныс   белгілер   -   синтаксистік   категория,
сондықтан   да   пунктуациялық   ережелер   тілдің
грамматикалық құрылысына тәуелді болады. 
Сондай-ақ   тыныс   белгілерінің   шешілмей,   қиындық
келтіріп   жүрген   басты-басты   мәселелері   деп   мыналарды
көрсетуге   болады.   Мысалы,   оңашаланған   айқындауыштың
тыныс   белгісін   қоюда   бірыңғайлық   жоқ.   Оған   дәлел
оңашаланған   айқындауыш   мүшелерге   көркем   әдебиетте,
газет-журналдарда   бірнеше   түрлі   тыныс   белгісі   қойылып
жүр. Мысалы:
1. Оңашаланған айқындауыш мүше екі жағынан үтірмен
бөлініп жазылып жүр. Мысалы: 1943 жылдың күзінде, демек,
Ұлы Отан соғысы қызу жүріп жатқан кезде, мен егіс басында
болдым (Қ. Ә. ). 
2. Оңашаланған айқындауыштың алдынан ғана сызықша
қойылып   жүр.   Мысалы:  Өте-мөте   маңызды   және   күрделі
міндетті   орындауда   –   егін   оруды   және   астық   дайындауды
ойдағыдай өткізуде қалалық партия ұйымы селолық  партия
ұйымдарына зор көмек көрсетуге тиіс («ҚӘ»). 
3. Сөйлем ортасында келген оңашаланған айқындауыш
мүшенің   тек   алдынан   ғана   сыңар   үтір   қойылады:
Жәрдемшісі, ер жетіп қалған қызы Бағила ғана  («Жұлдыз»).
Біз, совет адамдары әрбір жаңа жылды қуана қарсы аламыз
(«газет»). 
4.   Мектеп   грамматикасында   «жазуда   оңашаланған
айқындауыш   үтірмен   немесе   сызықшамен   бөлініп   тұрады»
делінген.   Ал   «Қазіргі   қазақ   тілі»   оқулығында   оңашаланған
айқындауыш   мүшелердің   тыныс   белгілері   жөнінде:   «...
Жазуда   олардың   екі   жағынан   не   үтір,   не   алдынан   дефис,
соңынан үтір қойылады», -делінген. Дефис – пунктуациялық
белгі емес [16]. 
Тыныс   белгілерінің     әр   түрлі   болып     қойылып   жүрген
тағы   бір   жері   мынау:   екі   сөйлем   арасын   байланыстырып
тұратын  «сөйтіп»,   «өйткені»,   «бірақ»,   «ал»,   «сондықтан»,
«алайда», «немесе», «яки»  сияқты жалғаулықтар қыстырма
сөзбен шатастырылып, кейде олар сөйлемнен үтірмен бөлініп
жазылып жүр. Мысалы:.  Жер   үстінің   барлық ауасын ішіңе
бір жұтып шығарғың келгендей боп, кеудеңді кере деміңді
ұзақ   аласың.   Бірақ,   кеудең   дүние   емес,   барлық   ауа
сыймайды.   Сөзің   жақсы   шырағым,   бірақ,   әуелі   осы   сөзіңді
ісіңмен   көрсетші...  (С.   М.   )  Тағы   да   біреуін   берер     деп
40


үміттеніп едім, бірақ Атаман сараңдық етті ме, енді қайтып
ұсына қоймады (Ә. С. ). Мен әділет шеңберін есіңізге салғым
келіп   тұрған   жоқ,   бірақ,   әділетсіздіктің   де   шегі   болуға
тиісті(М. И. ). Жайшылықта болса, мұндай тілмар қарындасқа
бірдеңе   айтқан   да   болар   едім.   Ал,   мына   арада   үндемедім
және үндеуді қажет те көрмедім. Өйткені, мен ойлап тұрған
қарындас сыры ол қыз ойлаған үстірт, аласа ойдан жоғары
жатты (М. И. ). 
«Сөйтіп»  деген   сөз   бірыңғай   мүшелердің   арасында
қыстырма     ретінде   келеді,   оны   бүтін   сөйлемнен   алып
тастағанда,   сөйлем   ешқандай   олқылыққа   ұшырамайды,
сондықтан   да   бірыңғай   сөйлем   арасында   қыстырма   боп
тұрған  «сөйтіп»  сөзін   әр   уақыт   екі   жағынан   үтірмен   бөліп
жазылып жүр. 
Баспасөз   орындары  «мысалы»  деген   қыстырма   сөзден
кейін     бір   жерде   үтір   қояды,   не   қос   нүте   қояды,   кейде   ол
сөзден   соң     ешбір   тыныс   белгісін   қоймай   жазады.   Мысалы:
Мәселе дәулетте емес, - Михаил Иванивич Атаманға қарады,
-   дәулетке   көпшіліктің   ие   бола   алмауында.   Мысалы,   анау
қалың балық мұз   астында қамаулы жатыр  (Ә. С. ). Мысалы
белоктық   заттар   сұлыда   орта   есеппен   8,   2-12,   7процент,
арпада   8,   7-10,   2   процент   аралығында   болса,   қара   бидай
құрамында 9, 2 проценттен 14, 5 процентке дейін жетеді 
Тыныс белгілерінің қойылуы жағынан қиындық келтіріп
жүрген   мәселенің   бірі   –  «де»  көмекші   етістігінің   көсемше,
есімше   сияқты   толып   жатқан   формаларының   қолданылу
ерекшеліктеріне   байланысты   келетін   жері.   Осы   көмекші
етістіктен   кейін   бірде   үтір   белгісін   қойып   жазса,   екінші   бір
жерде ол сөзден кейін үтір қойылмай жазылады.  Жақсы әнді
жақсы әнші ғана таныта алады деген осы екен ғой! – дедім
мен күбірлеп (М. И. ). 
Қорыта   келгенде   мектеп   оқушыларына   тыныс
белгілердің осы сияқты қойылу ерекшеліктеріне мәлімет беру
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...