Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет15/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136
қос   нүкте,   үтір,   нүктелі   үтір,   сызықша,   тырнақша,   сұрау
белгісі, леп белгісі және қайырым (немесе абзац). 
Кей жағдайларда тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауы
да кездеседі. Мысалы, кейде дефис пен сызықша бір көлемде
35


қойылады.   Бұдан   мағынаға   онша   нұқсан   келмейді.   Бірақ
дефистің   морфологиялық   белгі   екендігін   айырып   үйрету
керек.   Тыныс   белгісіне   кірмейтін   морфологиялық   дефис
сызықшаның   жарты   сызығындай   ғана   көлемде   қойылуға
тиіс.   Осы   тәрізді,   тырнақшаның   алғашқы   сыңарын
тырнақшаға   алынатын   сөздің   я   сөйлемнің   бірінші   сөзінің
төменгі   жағынан   ашудың   орнына,   оны   сөздің   жоғарғы
жағынан ашып, екінші сыңарын тырнақшаға алынған сөздің
я   сөйлемнің   соңғы   сөзінің   нүкте   қойылатын   жерінен
төменірек   қоюшылық   бар.   Тіпті   тырнақшаның   “...   ”,   «...   »
деген   белгілері   қолданылып   жүр.   Әсіресе,   бұл   белгілер
компьютерде де қолданылуда. 
Леп белгісі мен сұрау белгісінен соң қойылуға тиісті көп
нүкте   кейде   дұрыс   қойылмай   жүр;   леп   белгісі   мен   сұрау
белгісінен кейін қасына және екі нүкте қою керек. Мысалы: -
Шыда, Сәмет!...  Неге үндемедің?. .  (Ғ. Мұст. ) Ал сөйлемдегі
ой аяқталмай қалған, әлі жалғасы бар дегенді білдіру үшін
“көп нүкте” үш нүктеден аспауы керек сияқты. 
Баспасөз   орындарында   бұл   белгіні   әр   түрлі
қолданушылық   байқалады.   Мысалы,   осы   екі   тыныс
белгілерінен кейін бір ғана нүкте, кейде үш нүктені қатар да
қояды. Оның дұрысы – леп не сұрау белгілерінің бірінен кейін
екі   нүкте   ғана   қойған   жөн.   Кейде   тырнақша   ішіндегі
сөйлемге қатысты көп нүктені тырнақшаның сыртына, бүтін
сөйлемге   қатысты   етіп   қойып   жазушылық   бар:  «Кейбір
жолдастар «Қайтеміз, бізден қателік өтті, кешірім сұрадық...
»   дейді»   газет.  Бұлайша  көп   нүктенің   тырнақшаның   ішінде
қойылуы, ойдың аяқталмағандығы тек тырнақша ішіндегі төл
сөзге ғана қатысты екендігін білдіреді. Егер ол көп нүктені
тырнақшаның сыртына қойсақ, «Кейбір жолдастар және тағы
басқа адамдар» деген сияқты ой туады. 
Сөйлемге   жол-жөнекей   түсінік   беретін   жақша   ішіндегі
аяқталған   сөйлемдерден   соң   үтір   қойып   жазушылық   та
кездеседі:  Әйелді   жөнелтіп   жіберіп,   көп   толқудың   соңынан
(Варвара Павловна әлі қайтқан жоқ еді),  енді қалаға баруға
бекінді... көп нүктеден кейін үтір қоюшылық та бар. Мысалы,
Мен   сізді   ақтық   минутқа   дейін   күттім...   ,   сізге   тағы   айтам,
енді болары болып қалды (Ғ. Мұс. ). 
Кейде леп белгісін көп нүктенің үшінші нүктесінің үстіне
апарып қоюшылық бар. Мысалы:
-
Қалай қорықпассың?!
  -   Менің орнымда болсаң, өзің де осылай істер едің. . !
Бұлай қою дұрыс емес, сияқты. 
36


Тырнақша ішіндегі сөзге, сөйлемге қатысты леп белгісі
мен сұрау белгісін тырнақшаның сыртына қою жиі кездеседі. 
Жұп болып келетін тыныс белгілері бір сөзде немесе бір
сөйлемде қолданылғанда, сол сөздің я сөйлемнің екі жерінен
қойылады.   Мұндай   тыныс   белгілеріне   жататындар   -   жақша
мен тырнақша. Жақша мен тырнақша сыңар қолданылмайды.
Тырнақшаға   алынған   сөзді   я   сөйлемді   басқа   біреуге   оқып
бергенде,   тырнақшаны   қоса   (тырнақша   ішінде   деп)   оқып
айту керек. Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік жоқ.
Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік болса, ол жеке
автордың   арнаулы   ерекшелігі   деп   қана   қарауымыз   керек.
Мысалы:   «Ендігі   етікшіміз   –   осы   мақала   сипаттап   отырған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...