Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет125/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136
Басқарушы:  –   Жолдастар,   бүгінгі   мәжілісімізді   ашық   деп
жариялаймын.  Мәжіліске   қатысуға   тиісті   мәжіліс   мүшелері   түгел   дерлік
қатысып отыр: сондықтан мәжілістің ашылуына ешкімнің қарсылығы болмас
деймін. 
Мен  сіздерге   мәжіліске   қатысып   отырған   кісілердің   қай  жерден
келгендерін,   олардың   кім   екенін   таныстырып   өтейін.  Бұл   мәжіліске
грамматика   кітабынан   көптеген   өкілдер   қатысып   отыр.   Атап   айтқанда,
сөйлем мүшелерінің атынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш
және   пысықтауыш.  Сөз  таптары   атынан   сан   есім   мен   шылау,   сөйлем
мүшелерімен   грамматикалық   байланысы   жоқ   оқшау   сөздердің   атынан
қаратпа,  қыстырма,  одағай  сөздер  және сөйлем қатысып    отыр. Мәжіліске
шешуші дауыспен қатысып отырғандар – мәжілістің толық мүшесі бастауыш,
баяндауыш,   толықтауыш,   анықтауыш   және   пысықтауыш.   Ал   кеңесші
дауыспен қатысып отырғандар – сан есім мен шылау, қаратпа,   қыстырма,
одағай   сөздер   жөне   сөйлем.   Жолдастар,   мәжілістің   күн   тәртібінде   қандай
мәселе қаралатынын сіздерге мәжілістің басты мүшесі бастауыш хабарлайды.
Енді бастауыштың  сөзін байыппен тыңдаңыздар. Сөз бастауышқа берілді. 
Бастауыш: – Жолдастар, біздер көп уақыттан бері қарай  бірге қызмет
істесіп,   адам   баласының   игілігіне   жұмсалып   келе   жатырмыз.   Біз   адам
баласының         игілігіне   қалай   жұмсалып,  қандай  қызмет   атқарып   келе
жатқанымыз   туралы   есеп   бермекшіміз.  Сондықтан   бүгінгі   мәжілісте
қаралатын   мәселе   біреу.  Ол  –   осы   мәжіліске   қатысып   отырған   бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш және анықтауыштар өз міндетін қалай
атқарып келеді деген мәселе. 
Біздің  бүгінгі   бас   қосудағы   мақсатымыз   –   әркім   өз   міндетін   қалай
атқарып   келе   жатқандығы   туралы   біраз   кеңесіп.  келешек  жұмысымызды
бұдан әрі жандандыра түсудің шараларын белгілеу. Күн тәртібіне пікір айтып,
қосып аларларыңыз бар ма?  (бәрі: «жоқ, жоқ» дейді).  Күн тәртібіне қосып
аларларыңыз  болмаса,   мен  сөйлем мүшесінің  ең  басты  мүшесі    бастауыш
160


болсам, әуелі   мен өз жұмысым жөнінде   қысқаша айтып өтейін. Әрине, мен
алдын   ала   мойындауым   керек,   мойындаймын   да.   Сөз   жоқ,   мен   сөйлемнің
басты   мүшесі   бастауыш   бола   тұрсам   да,   сөйлем   ішінде   сәйлемнің   басты
мүшесі   болып   қызмет   атқаруда   менің   кемшіліктерім   болды.   Болмады
демеймін.   Мен   ірі-ірі   қателіктерге   де   ұрындым.   Бірақ   қазір   мен   бұл
қателіктерден мүлдем арылдым. Бұл қателіктерден  арылуыма осы отырған
жолдастардың   қатаң   сындары   орасан   жәрдем   етті.   Сынға   кең   жол   ашып,
өрістету керек, жолдастар!
Менің мойнымдағы жауапкершіліктің ұшан-теңіз екені бәріңізге мәлім.
Сонда да менің   келелі-келелі   табыстарымның бар екенін ешкім жүрегі дау
жоққа   шығара   қоймас   деп   ойлаймын.   Мен,   шынын   айтқанда,   сөйлемдегі
ойдың    иесімін. Менсіз сөйлем жүрексіз дене секілді. Жүрексіз мал да, адам
да   ешқандай   өмір   сүре   алмайды.   Сондай-ақ   сөйлем   де   менсіз   сіздерге
түсінікті бола алмайды. Сондықтан сөйлем мүшелерінің ішінде бәрінен де
менің жауапкершілігім күшті. Сөйлемдегі айтылып отырған ойға бір ғана мен
жауап беремін. Сөйлемде кім? не? деп сұрай келгендердің   бәрі атау тұлғада
тұрған мені қиналмай бірден табады. Рас, кейбір жағдайда менін көзге түспей
жасырынып қалатыным бар. Бірақ бұл менің салақтығымнан емес, сейлем
құрушы мына отырған сіздердің олақтықтарыңыздан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...