Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет121/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136
халықтары  –  түрікмен, қарақалпақ, өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз  –  бәрі де
революцияға   дейінгі   дәуірде   ғасырлар   бойы   су   тапшылығын,   қуаңшылық
азабын кімнен болса да көп көрді («СҚ»). 
6. Сызықша кейде оңашаланған мүшені бөлуде қос нүкте орнына да
қолданылады.   Мысалы:  Гогольді   орыс   драматургиясы   мен   театрының
тарихында   зор   роль   атқаратын,   көлемді,   жалпыға   мәлім
комедиялары«Үйлену» және «Ревизор» комедиялары   болып табылады
7.   Нүктелі үтір кейде   баяндауыштары   бір тұлғада келген сөйлемдер
арасында нүктенің орнына жүреді. Мысалы:
1) Соны айтып жаздың күні масатыдай, 
Айырды жерге жанша басатындай;
Кернетіп
 
кең
 
даламен
 
керуенін,
 
Асқардан асу бермес асатындай;
Сүрлеуден ұлы даңғыл арна салса, 
Ертіспен қатар ол да тасатындай (Ж. Т. ). 
2)Ауыр аптап ыстық ауа мүлгіп тұр; ыстық өтіп күнсіген бетін ынтыға
самал       іздегендей,   бірақ   жел   лебі   білінер   емес;       қарауытқан       көкшіл
аспаннан төгілген күн  нұры күйдіріп барады; өзеннің арғы бетінде,  қарсы
154


алдымыздан   сарғайып   көлбеп,   сұлы   егістігі   жатыр;   әр   жеріне   аралас
жусан шығыпты; бір де бір масағы селт етсейші (С. Т. ). 
8. Бір сөйлемде әрі лептік, әрі сұраулық мағына болса, сұрау белгісі
мен леп белгісі қабат қойылады. Сөйлемнің сұраулық мағынасы басым болса,
онда   әуелі   сұрау   белгісі   қойылады.   Егер   сөйлемде   лептік   мағына   басым
болса, алдымен леп белгісі, одан соң сұрау белгісі қойылады. Мысалы: 1)
Жайлаубай әдетінше сақалын тарамдай, жай ғана қайырды жауапты:  
Неге сасам?! Осынау жұрт не болса, мен сол болам. («Ә. және И. »). 2) Бүгін
оның аузынан Мағрипа не естімек!? (М. Ә. ). 
Мысалдар келтірейік: 
1. Қаратпа  және қыстырма  сөздердің  тыныс   белгісін оқыту.  Сөйлем
құрамында   кездесетін   қаратпа   мен   қыстырма   сөздердің   белгісі   бар,   ол   –
сөйлем мүшесі бола алмаулары.  Ал мағына жағынан  екеуі   екі баска нәрсе.
Бұл   тақырыптарды   өткенде   де,   ең   алдымен   мағынаны,   мағыналық   бөлікті
таба білу керек. 
Оқулықта рет бойынша "каратпа сөз" тақырыбы бұрын өтіледі де, араға
оңашаланған айқындауышты салып қыстырма сөздер кейін берілген. Мұнда
да   егер   мұғалімнің   сағаты   (мүмкін,   басқа   тақырыптардан   үнемдеп,   ол
оқушылардың   білу   дәрежесіне   де   байланысты)   жеткілікті   болса,   қаратпа
сөздің   өзін   жеке   сабақ   өту   нәтижелі   болмақ.   Бұл   жерде   оқушыға   ерекше
түсіндіретін   нәрсе   –   қаратпа   сөздің   мағынасы,   оның   қолданылу   себебі.
"Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөзді қаратпа сөз дейміз"
деген анықтаманы оқушы игерген. Сондықтан сабақта осы “назарын аудару”
деген   тіркесінің   мәні   түсіндіріледі.   Ол   үшін   диалогты   мәтін   талданады.
Мысалы,   "Үзілісте"   атты   диалогтен   мынандай   сөйлемдерді   тақтаға,
дәптерлеріне жазады. 

Асқар, сен математикадан тапсырманы орындадың ба?

Айгүл, кітабыңды бере тұршы?

Балалар, мұғалім келе жатыр. 
Осындағы   асты   сызылған   сөздер   не   үшін   қолданылып   тұр?   Соның
мағынасын   ашып   алу   керек.   Оқушы   жетекші   сұрақтар   арқылы   Асқарды,
Айгүлді өзіне қаратып алу үшін айтқанын айтады, ал қаратып алу – тыңдату
үшін қажет, сондықтан қаратпа сөз көбінесе кісі аттарынан, адамға қатысты
сөздерден   (есімді  атаулардан)   болатындығы.   Жазуда   бұл   үтірмен
ажыратылатындығы   және  қаратпа   сөздің  сөйлем   ішінде   үш   түрлі   орында
тұратындығы (сөйлемнің басында, сөйлемнің ортасында, сөйлемнің соңында)
үйретіледі. 
Сөйлеуші ауызекі сөйлеуде екінші адамның назарын дыбыспен немесе
қимылмен өзіне аударып алады. Мұнда, әрине, белгілі пауза болады, жазуда
оны   үтірмен   белгілейміз.   Ендеше   оқушыға   қаратпа   сөздің  басты   белгісі
тыңдаушы   назарын   аудару   екенін   түсіндіру   аса   қажет,   назарын   аудару-
тыңдату   деген   сөз.   Бұдан   соң,  әрине,   қаратпа   сөздің   поэзияда   т.б.   нақты
(жеке)   тыңдаушыға   емес,   көпшілікке,   жансыз   заттарға   да   қаратылып
айтылатыны мысалдармен көрсетіледі. 
155


–   Апа,   екеуіне   де   жақсы   қып   тұрып
сый беріп аттандыршы! – деді. 
(М. Әуезов. )
Тарихымды жазудамын бүгін мен
Бабаларым, сенің Ана тіліңмен!
Таулар,   таулар,   тауларым,   тауларым-
ай!   Сағынысып   қаппыз   ғой,
тарланым-ай!
(М. Мақатаев. )
Қаратпа   сөз   назар   аудару   үшін
айтылып тұр. 
Бұл   мысалдарда   арнау   мәні   бар,
назар аударту, қарату жоқ. 
Қаратпа   сөзге   байланысты   бір   ескертетін   жайт:   грамма-тикалардың,
әдістемелердің көпшілігінде "қаратпа сөз атау тұлғалы зат есімнен жасалады"
деген   ереже.   Бұл   жерде   сөздің   лексикалық   мағынасы   мен   грамматикалық
мағынасын   шатастыру   бар.   Атау  септік   (атау  тұлға)   –   тек   грамматикалық
мағына, оның грамматикалық мағынасы– сөйлемдегі ойдың кім туралы, не
туралы екендігі, яғни бастауыш. Атау септігінде тек бастауыш қана тұрады,
себебі   ол   –   сөйлемдегі   ойдың   иесі.   Ал   қаратпа   сөз   сөйлем   мүшесі   бола
алмайды. Қаратпа сөздің грамматикалық мағынасы – біреудің назарын аудару,
кімге қаратылып айтылатындығын білдірмек.
Қаратпа сөзге байланысты оқулықта жаттығу жеткілікті әрі оларды тіл
ұстарту   үшін   де   пайдалануға   болады,   мағынасын   ашып   көрсетуге  қажетті
сөздер   алынған.   Мәтіндерді   дауыстап,   рөлмен   оқытқан   дұрыс,   қаратпа
сөздері   бар   сөйлемдерді   теріп   алып   жазғызса   болады.   Сондай-ақ   қажетті
сөздер  және тақырыптар бойынша ой толғауға,  әңгіме т.б.  жазуға болады.
Жалпы, осы тақырыптардың бәрі де оқушылардың өздерінің шығармашылық
жұмыстары   арқылы   бекітілгенде   тиімді   болмақ.   Соңынан   мынадай
анықтамалармен қарастырылады: 
1.   Қыстырма   сөз   де,   қаратпа   сияқты,   сөйлем   мүшесі   бола   алмайды,
себебі ол сөйлемдегі ойға айтушының өз көзқарасын білдіреді. Оларды алып
тастағаннан   сөйлемнің   грамматикалық   құрылысы   өзгермейді.  Мысалы:
Абырой болғанда, Нұрбек орнында екен  деген сөйлемдегі Абырой болғанда
есімді айтушының өз көзқарасы, ризашылығы, көңілі орнына түскен сезімі.
білдіретін   бөлік.   Ал  Нұрбек   орнында   екен  деген   сөйлем,   хабар.
Қыстырмасыз-ақ айтуға болады, ойға нұқсан келмейді. 
2. Сөйлем ішіндегі орны ұксас: қыстырма сөз де сөйлемнің басында,
ортасында,   соңында   келе   береді;   құрамына   қарай   жеке   сөзден   де,   сөз
тіркесінен   де   жасалады   (сөйлем   түрінде   келетіндері   де   бар,   оның   тыныс
белгісі басқа). 
3.   Қыстырма   сөз   айтушының   көзқарасын   білдіреді,   ендеше   осыған
байланысты ол бірнеше топқа бөлінеді. Бұл жөнінде оқушы біледі, мұны
тек   қаратпамен   салыстыру   үшін   жаттығуды   орындау   барысында   айтқан
жөн. Ал қаратпа сөз мұндай көп мағыналық топқа бөлінбейді. Оқулықта
қаратпа   сөз   бен   қыстырма   сөзді   салыстыра   отырып   орындауға   арналған
жаттығулар орындаттырылады.
156


2.   Жалпылауыш   сөздердің   тыныс   белгілерін   көрнекілікпен   өту.
Жалпылауыш   сөздер   және   оның   тыныс   белгілері   туралы   түсіндіргенде,
жалпылауыш сөздер жайлы айта келіп, оның тыныс белгілерін көрнекті құрал
арқылы көрсетіп, оқушылардың көзін жетілдіреміз. Оған мынадай көрнекті
құрал пайдаланылды:
1-Кесте
Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері: 
Қойылатын   тыныс белгілері:   :(қос нүкте), – (сызықша)
Тың өлкесіне қарайтын облыстар мыналар:     Целиноград
                                                                                 Петропавл, 
Жалпылауыш                                                          Көкшетау,                      
Сөз бұрын                                                                Павлодар. 
                                 Айжамал
                                 Нұржамал, 
                                 Серік
                                 Берік  - бәрі бір сыныпта оқиды. 
Жалпылауыш   
            сөзден кейін            Мына өзендер: Объ, 
                                                                       Енисей
     Жалпылауыш сөз алдында                                Лена  - Солтүстік Мұзды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...