Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуын оқыту

Loading...


Pdf көрінісі
бет119/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136
2.9. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуын оқыту
Әрбір тыныс белгісінің өзіне лайық қызметі бар, соған орай олардың да
белгілі орындары болады. Сөйлемдегі сөздердің белгілі орны болса, тыныс
белгілерінің де сөйлем ішінде тиісті орны бар. Олай болса, тыныс белгілерін
қалай болса солай қабаттастырып қоя беруге болмайды. Сондықтан тыныс
белгілерінің қабаттасып келетін орындары туралы мынаны білген жөн: 1. Бір
сөйлемде кейде екі жақша да қабаттасып келеді. Оның астындағы жарау көк
биесі, қолындағы тобылғы сапты бұзау тіс қамшысы, қызыл қайың сойылы,
желқом сияқты («желқом» деп қапталында (бір нәрсенің жанын «қап-тал»
дейді) қалың киізі бар тоқымсыз салынған ерді айтады) жыртылған киіз
тоқымы, кішкентай ері, ұзын қайыс қанжығалары, жіңішке темір үзеңгісі,
өрген жүгені, қара қыл шылбыры – бәрі бір-біріне үйлесімді еді. (С. М. ). 
2. Қейде   сызықша койылуға   тиісті жерге сұрау, леп белгісі, көп нүкте,
нүкте,  үтір      қойылуға  тиіс  болса,  сызықша   да  олармен  бірге  қабаттасып
қойыла   береді.   Сызықша  осы  белгілерден   соң   ғана   қойылады:   1)   –  Мен
демагогикадан  аулақпын  –  деді Жомарт,  –  мүмкіндік  зайыр көрініп  тұр...
(«ҚӘ»);   2)  Егоров   маған:–  Бізге   қарай   тез   шегініңдер.   Қоршауда
қаласыңдар,  –  деді  (Ә. Ә. ); 3)  Мұндағы әрбір өлеңде де, әңгімелерде де  
өнер-білімге   шақыру,   шыншыл   болуға   үндеу   («Өтірікші»),   жетім-
жесірлерді,   нашарларды   аяу   («Жетім   бала»,   «Жетімнің   өлеңі»   т.б.   ),
қайырымсыз, қатыгез байларды әшкерелеу («Арыстан мен тышқан»)–  сол
шығармалар-дың негізгі идеялық ой түйіні, басты арқауы болып оты-рады
(«СҚ»); 4) Түлкі айтты (іліп ала), – «өй, сұлтаным:
Кеше еді сізден жаман ауырғаным. 
Қасқырдың артқы аяғы сіңірін жеп, 
Жазылды   сәлемат   боп   ғазиз   тәнім  (С.   Д.   );   5)  Сенде   қандай   күйік
болушы еді?–  деп, Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады  (М. Ә. ); 6)
Сені ұялтып, соған мен семіреді деген бақал өсекті қашан қоясыңдар, осы
түге!?– деп Қаражан мен Әзімбайға да суық қарады (М. Ә. ); 7)Солай ма?
деді ол. – Солай ма!? Саған әлде жал біте бастады ма? (С. Қ. ); 8) Сабыр,
отағасы, сабыр. Жыламашы   балаңай!. .  –  деп,   екеуінің үстіне   түсті  (Ғ.
Мұст. ). 
152


Тырнақша сұрау белгісімен, нүктемен, леп белгісімен, көп нүктемен,
үтірмен   қабаттасып   қолданыла   береді.   Ал   сызықша   төл   сөзге   қатысты
болмаса,   тырнақша   сыртына   қойылады.   Мысалы:  Оның   қарамағында
«нағыз»   анатом   үшін   «қажетті   нәрселердің   бірі»–  диплом,   үй,
инструменттер, шамадан тыс талаптар жеткілікті болған  («ЕҚ»). Жеке
сөздер  бірыңғай мағынада  әрқайсысы тырнақшаға алынып жазылса, бүтін
сөйлемнің,   құрылысына   қарай   басқа   тыныс   белгілері   тырнақшадан   соң
қойылады.  Мысалы:Жиналғандардың   бәрі,   «даңқы   арта   берсін»,   «даңқы
арта берсін!», «даңқы арта берсін!»– деп, үш рет қайталады («ЕҚ»). 
3.
Тырнақша алдына қойылған сұрау, леп, я көп нүкте, қос нүкте   сияқты
тыныс       белгілері   тырнақшаның   жабылатын   екінші   сыңары   соңынан
қойылмайды,   тырнақшаның  алдыңғы   сыңарының  алдынан   ғана  қойылады.
Мысалы:  «Сен   әрі   суық,   әрі   қатты.   мұқтаждық   көрген   кезімізде   туып
едің», – деуші еді («ЕҚ»). 
4.
Сөйлем мен сейлемнің, не сөйлем мүшелерінің арасында жақша тұрса
үтір   ол   жерге       қойылмайды,   ол   жақшаның   екіші   сыңарының   сыртынан
қойылады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...