Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тұжырымдағанда,   мектепте   пунктуация   бойынша

Loading...


Pdf көрінісі
бет11/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136
Тұжырымдағанда,   мектепте   пунктуация   бойынша
жүргізілетін
 
жұмыстар
 
мынадай
 
бағытта
ұғымдастырылады:  1.   Негізгі   пунктуациялық     түсініктер
мен   ережелер   2.   Пунктуациялық   икемділіктер;   3.   Мектеп
пунктуация курсының құрылымы. 
1.   Негізгі   пунктуациялық   түсінік   пен   ережелер.
Пунктуацияның негізгі бірлігі – пунктуациялық-мәндік бөлік,
яғни,   тыныс   белгілері   арқылы   берілетін   мәндік   бөлік.   Бұл
туралы   М.Т.Баранов   былай-дейді:   пунктуациялық-мәндік
бөліктер   құрлымына   қарай   мынадай   болады:  сөздік;
сөзтізбелік; сөйлемдік [15]. 
Пунктуациялық   ереже  –   белгінің   орнын   таңдау   және
қажетті белгіні таңдау тәртібі  берілген  ерекше нұсқау. 
Ал   пунктуациялық  ережелер   мына   мәселелерді   негізге
алады:
1)   Пунктуациялық   норма-     жазуда     сөйлем   ішінде,
мәтінде арнайы  ережемен заңдастырылған тыныс белгісінің,
не тыныс  белгілерінің  қолданылуы, не қолданылмауы. 
2) Тыныс белгілер -   жазба тілінде мағыналы бөліктерді
көрсету үшін қолданылатын ерекше графикалық құралдар. 
3)   Тыныс   белгілері   түрлі   бөліну   нысандарына   (сөйлем-
мәтін)   және   тыныс   белгілерінің   қолданылу   орнына   қарай
жүйеленеді. 
4)   Түрлі   ұстанымдарда   пунктуациялық-мағыналы   бөлік
пунктуациялық   ережелерге   сай   түрлі   тыныс   белгілерімен
белгіленеді   және   пунктуациялық   норманың     нұсқалары
(варианты) ретінде көрінеді. 
25


5) Тыныс белгіге орын таңдау және қажетті белгіні табу
пунктуациялық   ереже   қызметіне,   яғни   мағыналы   бөліктің
келесі ерекшеліктеріне  байланысты:
а.   Грамматикалық:  грамматикалық   негіздер;  сөйлемді
күрделендіретін   синтаксистік   элементтер; 
бөгде   сөз;
жалғаулықтар мен сөйлем  мүшелерінің түсірілуі. 
ә.   Семантикалық  -   мағыналық   бөліктердің   түрлі
маңыздағы  сипаты. 
б. Интонациялық - ритмоәуендік;
Сондай-ақ   сөйлемде   және   мәтінде   мәнді   бөлікті
ажырату   белгілері   бар:  Морфологиялық   -  есімше,   көсемше,
одағай,   шылау,   демеуліктердің   болуы;  Синтаксистік  
бірнеше   грамматикалық   негіздері   және   жай   сөйлемді
күрделендіретін элементтердің болуы;
2.   Пунктуациялық   икемділіктер.   Оқушылардың   өтілген
пунктуациялық   түсініктер   мен   ережелер   негізінде
жүргізілетін   іс-әрекетте   дайындық   жасау   барысында
мектепте келесі пунктуациялық икемділіктер қалыптасады:
1.   Қатысымдық   бірліктердің  
  тыныс   белгімен
ажыратылатын мәндік бөліктерін табу; 
2.   Өтілген   пунктуациялық   ережелерге   сай   тыныс
белгілерін қою;
3.   Тыныс   белгінің   орнын   және   қажетті   тыныс   белгіні
дәлелдеу;
4. Пунктуациялық қателерді табу және оны жөндеу. 
Ал   бұл   икемділік   пен   дағды   мектептегі   пунктуация
курсының  жүйесі бойынша игереді:
Пунктуацияны оқытудың  алғашқы сатысы –
1-4 сыныптарда:
- оқушылар сөйлеммен танысады;
- одан кейін  логикалық екпінді, хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдерді   ғана   емес,   сонымен     бірге   төл   сөздің
интонациясын игереді;
- нүкте, сұрау белгісі мен үтірді қолдану ережелерімен
танысады;
-     бастапқы   оқудың   қортынды   кезеңінде   оқушылардың
синтаксис   пен   пунктуациядан   білімдері   бір   жүйеге   түседі.
Сондай-ақ   бастауыш   сыныптарда   пунктуацияны   оқытуда
мәнерлеп оқуға, интонация мен пунктуацияның бір-біріне сай
жақтарына көңіл бөлініп мынадай икемділіктерді игереді. 
-   тыныс   белгілерді   ажырату,   бөлу   ерекшеліктерін
игерту;
- бірыңғай   мүшелер арасындағы үтір, шылаусыз және
«ақ», «ау, еу», «және» шылауларының жазылуын білу;
26


- жалпылауыш сөзден кейінгі қос нүктені қоя білу;
- қаратпа сөзде қойылатын тыныс белгілерді игеру;
-   құрмалас   сөйлемдердің   жай   сөйлемдері   арасында
«бірақ,  себебі, неге десеңіз, сол себепті, не,  егер, қайсысы,
дегенмен, алайда» алдында қойылатын үтірді қоя білу;
-   төл   сөзде   қойылатын   тыныс   белігері   мен   диалогтың
алдында қойылатын сызықшаны жаза білу. 
5-6 сыныптарда:
- есімшеде қойылатын  үтір;
- көсемшеде қойылатын үтір;
- жеке көсемшенің екі жағына қойылатын үтір;
- одағайдға қойылатын дефис, үтір, леп белгісі. 
7-сыныпта:
- бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша;
- айқындауыш сөздердегі тыныс белгілері:
- бірыңғай мүшелер  арасындағы  ажырату белгілері;
-   сөйлемдегі     жалпылауыш   сөздердегі   қос   нүкте   мен
сызықша;
- қаратпа сөздегі ажырату тыныс белгілері;
-   қыстырма     сөз   және   қыстырма   сөйлемдерде,
одағайлардағы ажырату тыныс белгілері, жеке және қатар
келетін тыныс белгілері;
-   сөйлемнің     оңашаланып   бірыңғай   және   нақтылаушы
мүшелерін ажырату тыныс белгілері;
- төл сөзі бар сөйлемдерді бөлу және ажырату   тыныс
белгілері;
- біреудің сөзін беруде қолданылатын тыныс белгілер. 
8- сыныпта:
-   құрмалас   сөйлем   бөліктерінің   арасындағы   ажырату
тыныс белгілері;
- тыныс белгілерді авторлық қолдану;
-   басыңқы   және   бағыныңқы   сөйлемдер   арасындағы
тыныс белгілер;
-бірнеше   бағыныңқысы   бар   сабақтас   құрмалас
сөйлемдегі тыныс  белгілер;
-   шылаулы   және   шылаусыз   байланысқан     құрмалас
сөйлемдердегі  ажырату  тыныс белгілері; тыныс белгілерінің
байланысы. 
9-сыныпта   пунктуация   туралы   білімі   жүйеленеді,
шығармашылық   жұмыс,   мәтін   құрау,   мазмұнда,   шығарма
жазу   бойынша   сауатты   жазудың   тәжірибелік,   сөйлесім
әрекеті бойынша игереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...