Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын

Loading...


Pdf көрінісі
бет10/136
Дата04.05.2021
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136
Құдай сақтасын! О не дегеніңіз, Тәке?!
-
Ойбай-ау,   өмір   бойы   аңсап   күткеніміз   осы   аттаныс
емес пе еді?!
                 - Төбеге келіп ту тігіп, Дарабоздың өзі дабыл қағып
отырса, бұдан   
артық     Құдайдан     тілегеніміз   не?   –десіп   жатыр  (Қ.
Жұмаділов). 
           Мағыналық бөлікті танытатын белгілер немесе тыныс
белгілерін қоюды қажет ететін белгілер:
а) морфологиялық (демеушілік шылаулар, одағай, сұрау
есімдіктері, рай тұлғалары);
          ә) синтаксистік (предикаттық қатынас саны, бірыңғай
мүше, қыстырма, айқындауыш, қаратпа);
                 б) дауыс ырғағы  (баяндау, қуаныш, реніш, шақыру,
бұйыру, тілек, өтініш т.б. )
Берілген сөйлемдерде осы белгінің
үшеуі   де   бар:
ойбай-ау, не демеулік шылауы, не сұрау есімдігі. Осылардың
қатысуы   арқылы   сөйлемнің   мақсаты,   эмоциялық   белгісі
көрінеді. Сондықтан сөйлемдер сұраулы, лепті болып, сұрау,
леп белгісі қойылып тұр. Бұйрық рай бұл жерде бұйыру мәнін
бермейді,   сондықтан   сөйлем   шошыну,   ақталу   мәнді   дауыс
ырғағымен   айтылып,   леп   белгісі   қойылған.   Синтаксистік
белгілер:   диалог,   автор   сөзі,   жай,   құрмалас   сөйлемдер.
Ендеше тыныс белгілері қойылуға тиісті орын, оны нақтылап,
көрсетіп   тұратын   белгілер   болады.   Сонымен,   тыныс
белгілерін   оқытудағы,   үйретудегі   басты   нәрсе   –
оқушылардың  пунктуациялық   дағдысын   қалыптастыру.
Оқушының өзі оқыған грамматикалық материалдарға сәйкес,
пунктуациялық ережелерге сүйеніп жазуда тыныс белгілерін
еркін қоя білуі  пунктуациялық дағды деп аталады. Мектепте
оқушының бойында мынадай дағдылар қалыптасуы тиіс:
          а)  сөйлемді құрылысына қарай ажыратып, тиісті тыныс
белгісін қоя білу;
ә)   сөйлемді   айтылу   мақсатына   қарай   ажыратып,   тиісті
тыныс белгісін қоя білу;
б)   сөйлем   құрамындағы   ерекшелеуші   мағыналық
бөліктерді   (қаратпа,   бірыңғай,   қыстырма,   одағай)   тауып,
тиісті тыныс белгісін қоя білу;
22


в)   тыныс   белгісінен   кеткен   қателерді   анықтап,   түзете
білу. 
Оқушының   пунктуациялық   дағдысының   қалыптасуы
оның   ойлау-сөйлеу   дағдыларымен   тікелей   байланысты,
сондықтан   пунктуациялық   дағдыны   қалыптастыруда
бірыңғай   грамматикалық   талдау   жұмыстары   ғана   емес,
оқушының   байланыстырып   сөйлеу   әрекетін   жетілдіру,
шығармашылық,   тіл   ұстарту   жұмыстарын   бірлікте,   бірімен-
бірін байланыста жүргізіледі. 
Тұжырымдағанда,   оқушыларды     оқытуда   пунктуация
мынадай   жүйеге   құрылады:   пунктуация   туралы   түсінік,
пунктуация   ұстанымдары,   пунктуацияның   қойылу
ерекшеліктері. 
1.  Пунктуация   туралы   түсінік.   «Пунктуация»   термині
мына түсініктерді қамтиды: Графика мен орфография арқылы
жазба   тілінің   негізгі   тәсілдерін   құрайтын   алфавиттен   тыс
графикалық белгілер жүйесін (тыныс белгілер); бұл жүйенің
негізгі жұмысы – жазба, оның ішінде баспа мәтінін бөлшектеу
және графикалық ұйымдастыруды; белгілі бір тілдің тарихи
қалыптасқан   жазба   мәтінін   пунктуациялық   ретке   келтіру
нормаларының   ережелерін;   пунктуация   жүйесінің
заңдылықтары   мен   тыныс   белгілерінің   қолданылу
нормаларын зерттейтін тіл білімінің бөлімін. 
Қазіргі   қазақ   пунктуациясының   жүйесі   кең   тарапты
келеді:   міндетті   түрде   қолданылатын   ережелермен   қатар
қатаң нормалардан тыс мағына жағынан ғана емес, сонымен
бірге стилистикалық ерекшеліктері бар нұсқалары бар. 
Грамматиканың   теориялық   мәселелерінің   жетістіктері,
әсіресе синтаксис теориясы негізінде құрылады. 
2.   Пунктуация   ұстанымдары:  Мәндік-жазба   мәтінді
түсінудегі   пунктуацияның   рөлі;   грамматикалық-жазба
мәтіннің
 
синтаксистік
 
құрылымын
 
анықтаудағы
пунктуацияның рөлі; интонациялық-тілдің ритмикалық және
әуендік көрсеткіші ретінде пунктуацияның рөлі; бұл ұстаным
көбіне қосымша ретінде қарастырылады. 
Көрсетілген   бағыттармен   қатар   пунктуацияның
қатысымдық   ролі   анықталады   және     жазба   мәтінде   тыныс
белгілерін   пайдалану   арқылы   сөздің   не   сөз   топтарының
қатысымдық   мағыналарын   табу   арқылы   көрсету   мүмкіндігі
болады. 
Бүгінгі лингвистикада пунктуацияны қызметтік мақсатта
зерттеу   белсенді   дамуда:   тыныс   белгілерінің   қолданылу
заңдылықтарын   зерттеу   арқылы   ол   оның   мәтіндегі   нақты
қызметіне сүйенеді. 
23


Пунктуация   ұстанымдары   тілді   оқыту   тәжірибесімен
байланысты. 
3.  Пунктуацияның   қойылу   ерекшеліктері:     Пунктуация
өзінің   ерекше   қызметімен   орфографияның   да   қойған
мақсаттарын   іске   асырады:   жазба   тілі   арқылы   адамдардың
қарым-қатынасын толық қамтамасыз етеді; жазуда айтылған
ойды дұрыс жеткізуді, яғни пунктуациялық сауаттылықты   -
игерту. 
Мектепте     пунктуация   бойынша   жүргізілетін   жұмыстың
үш   бағыты   бойынша   жүргізілмек:   1.   Пунктуация   әдістемесі
жайында түсінік; 2. Пунктуациялық сауаттылық деңгейлерін
игеру; 3. Пунктуацияға үйрету мақсаттарын білу.
1.   Пунктуация   әдістемесі.   Оқушыларда     пунктуациялық
икемділіктер   мен   дағдылардың   қалыптасу   жолын
баяндайтын   тілді   оқытудың   әдістемесінің   бөлімі.   Бұл
пунктуация әдістемесін дамытуға үлес қосқандар: Ұйықбаев
И.,   Ә.Хасенов,   М.Балақаев,   Мұсабекова   Ф.,   А.Ысқақов,   т.б.
және   орыс   ғалымдары   Ф.   И.   Буслаев,   Я.   К.   Грот,   А.   М.
Пешковский, Л. В. Щерба, А. Б. Шапиро, С. И. Абакумов, Г. И.
Блинов, Л. Т. Григоряк т.б. Қ. Арғынов, Р. Сыздықова:
2.  Пунктуациялық   сауаттылық   деңгейлері.   Абсолютті
пунктуациялық     сауаттылық   –   барлық   пунктуациялық
нормаларды   мүлтіксіз   меңгеру;   авторлық   мақсатта   тыныс
белгілерін дұрыс қолдана білу;
Салыстырмалы
 
пунктуациялық
 
сауаттылық
 

пунктуациялық ережелердің көбін қолдана білу. 
Орфография мен пунктуациядағы абсолютті сауаттылық –
аз  адамдарда, яғни тәжірибелі корректорлар  мен  білімді тіл
мұғалімдерінде қалыптасқан. Сондықтан Л. В. Щерба басқа
жазу     жазатын,   өздерін   сауаттымын     деп     есептейтін
адамдардың   сауаттылығы   тек   салыстырмалы     түрде   ғана
болатындығын айтады [14]. 
3.   Пунктуацияға   үйретудің   негізгі   мақсаты   –
оқушылардың     пунктуациялық   сауаттылығын   қажетті
деңгейге жеткізу:
-   танымдық   мақсат   –   пунктуация   бойынша     білім   алу;
Онда:
-   тәжірибелік   мақсат   –   пунктуациялық   икемділіктерді
қалыптастыру. 
Ал   пунктуациялық   икемділік   мына   сияқты   танымдардан
тұрады:
1) Пунктуация мен тыныс  белгілерінің қызметін ашу;
24


2)   Пунктуацияның   негізгі   единицасымен   таныстыру   –
яғни,   пунктуациялық-   мағыналы   бөлік   пен     мағыналы
бөліктердің  түрлерімен;
3)   Тыныс     белгілерінің     қызметімен   таныстыру   –   тыныс
белгі   қойылатын   мағыналы     бөліктерін   ажырататын
ерекшеліктерімен  таныстыру;
4)   Бағдарламаға   енген   пунктуациялық   ережелерді
меңгерту. 
5) Оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;
6)   Оқушыларға   өтілген   пунктуациялық   ережелерге   сай
тыныс  белгілерін қоюды үйрету;
             7) Тыныс белгілерін таңдап, дәлелдеу икемділіктерін
дамыту;
8)   Пунктуациялық     қателерді   тауып,   оны     жөндеуді
үйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...