Жануарлар патологиясы зертханасында оқу-машықтану сабағы барысында қауiпсiздiк техникасы. Жануарлар патологиясы зертханаларда оқу бағдарламасына байланысты әртүрлi зертханалық жануарлармен жұмыс жүргiзiлiп


Өлім туралы ілім - танатология. Танатогенез

Loading...


бет6/6
Дата21.09.2021
өлшемі20.45 Kb.
1   2   3   4   5   6
1. Өлім туралы ілім - танатология. Танатогенез.

Өлім (латынша - mors, грек тілінен аударғанда tanatos - ағзаның өмір сүргіштік функцияларының қайтымсыз тоқтауы. Өлім ағзаның өмір сүру шарттарының өзгерістеріне бейімделе алмауы кезінде болады. Табиғи /физиологиялық/ және патологиялық /уақытынан бұрын/ өлім түрлері бар.



А) Өлудің түрлері:

1. Әбден қартаюдан (табиғи өлу)

2. Патологиялық өлім (аурудан, зорығудан өлу)

Б) Өлудің себептері:

1. Жүрек қызметінің тоқталуы (паралич)

2. Тыныс алудың тоқталуы (паралич)

В) Өлудің сатысы:

1. Клиникалық өлім (қайтымды) 4-5

2. Биологиялық өлім (шын)

Г) Өлімнің белгілері:

1. Өлексенің салқындауы (алғашқы күні дене 1ºэр сағат сайын 1º,

екінші күні 0,2ºкемиді)

2. Өлексенің сіресуі (өлгеннен кейін 8-10 сағатта басталады)

3. Өлексенің теңбілі-гипостаздар. (ыдыраған қанның тканьдерге сіңуі)

4. Өлексенің шіруі-сұр-жасыл теңбіл пайда болады. (гемоглобинде темірдің күкіртті сутегімен реакцияға түсуі)

Әбден қартаюдан, табиғи өлім - ағзаның тозуы мен функцияларының ақырындап істен шығуымен байқалатын кәрілік кезінде туындайды. Бұндай табиғи өлім жануарларда сирек болатын жағдай. Олардың өлімі әдетте патологиялық немесе қаса-қана өлтірілген болады.

Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туған уақытынан бұрын болатын өлім, ағзаның өміршеңдігінің тоқтауымен сипатталуы - патологиялық өлім - деп аталады. Патологиялық өлім аурудың ақырымен және лажсыздан болған өліммен байланысты болады. Өлім бірнеше даму кезеңінен өтеді: агония, клиникалық өлім және биологиялық өлім.

Өліммен арпалыс кезеңі агония /agonia – күресу, арпалыс/ деп аталады, ол кезең бірнеше секундтан сағатқа созылуы мүмкін. Агония кезеңінің белгілері клиникалық түрде әртүрлі көрініс береді немесе депрессиялық жағдаймен білінеді немесе қысқа уақыттық ояну, дем алу ритмінің, жүрек жұмысының бұзылуымен, рефлекторлы реакцияның жоғалуы және кенеттен әлсіреуімен сипатталады. Бұл белгілер жүйке жүйесінің және жүректің салдануы салдарынан пайда болады.

Жүректің тоқтауын клиникалық өлім деп атайды. Жүрек тоқтағанан соң көптеген мүшелер әліде өзінің өміршеңдігін сақтайды, мысалы, бұлшық еттер электр тоғы әсеріне жауап бере алады, атропин еккен соң көз қарашығы ұлғаяды, сәулеге жауап береді, асқазан мен ішек перистальтикасы, қан тамырларының жиырылу қабілеті сақталады. Агония кезеңі қаншалықты қысқа әрі әлсіз білінсе, соншалықты ағзаның функциясы ұзағырақ жұмысын атқарады. Осылайша, клиникалық өлімнің қайтарымды және осы кезеңде қайта тірілуге болатынын білуге болады. Реанимация /грек. reanimatio – қайта тірілу/ кезеңінің уақыты өте маңызды болып саналады. Себебі, қайта тірілу тек егер орталық жүйке жүйесі зақымдалмаған әрі гипоксияға ұшырамаған болуы керек. Бұндай нәтиже клиникалық өлім болғанан 5-6 минут ішінде болады.

Реанимация немесе организмнің қайта тірілуі қанайналымы мен тыныс алудың қайта қалпына келуіне көмектесетін шараларын қамтиды: жүрекке массаж, жасанды тыныс алу және кейде жүрекке дефибриллияция – яғни, электр тоғының /6000В 10мс уақытпен/ жүрекке әсер етуі. Ағза элементтерінің барлығының өлуі биологиялық өлім деп аталады. Бұл кезеңде мүшелер мен тканьдерде қайтарымсыз үрдіс жүреді. Малда жасырын тіршілік немесе анабиоз деп аталатын басқа да ерекше күй кездеседі.

А н а б и о з — тіршілік процесі кенеттен тежелетін организмдегі ерекше күй. Бұл қысқы ұйқыға кететін көптеген жануарларда (борсық, аю, суыр, жарқанат, жылан, бақа т. б.) байқалады. Мұндай жасырын тіршілік кейде нервісі ауруға шалдығып, бүкіл тіршілік функциясы әлсіреген жануарларда да байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...