Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет43/98
Дата14.09.2022
өлшемі1.53 Mb.
#290152
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98
Байланысты:
6-TБTЛ¦-TЛ¦¬ TЫ¦-¦¬¦-TЫ TВTЦ¦¬TЦ. ¦Ь¦-TГ¦¬¦¦¦- (2)
4th grade, 9 сынып 1, жоспар 22, 9 сынып инф 2, 4-сынып-кмж 23, БЖБ.ТЖБ. 3-тоқсан 4-Ә, 9 кл БЖБ точ, Қысқа мерзімді жоспа 8сынып АКТ
Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысып, ойын анық жеткізеді;

  • эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, ойыңызды анық жеткізіп, жұбыңызбен диалогқа түсіңіз.


Тіл және технология


Қолданысымыздағы жаңа сөздер, жаңа қызметтік лауазымдар аталмыш трансформацияның жаршысы істпетті. Әрбір мекемеде IT-ға, яғни ақпараттық технологияға жауапты бөлім немесе кемінде бір маман бар. Сондай-ақ мемлекеттік және коммерциялық компания­ларда аналогтан сандық техноло­гияларға көшуге көмектесетін жаңа лауазымы пайда болды. Ал бұл жаңа технологиялардың мемлекеттік басқаруда, бизнесте, ғылымда маңызды рөл атқаратынын, оның жыл өткен сайын тек арта түсетінін көрсетсе керек. 
Ақпараттық технология­лардың адамзат өміріне әсерін зерттейтін атақты футуролог ғалым Рэймонд Курцвейлдің айтуынша, 2035 жылы компьютердің ойлау қабілеті адамдыкімен теңеседі. Ал 2045 жылы компьютердің ойлау қабілеті немесе ғылым тілімен айтатын болсақ, оның жасанды интеллектісі барлық адамзаттың интеллектісінен асып түспек. Осы ақпараттық техноло­гияларды, соның ішінде жасанды интеллектіге негізделген технологияларды тіл білімінің керегіне қалай жарата аламыз деген сұрақ баршамызды мазалауда. Себебі алдағы уақытта тілдің өміршеңдігі, оның кең қолданысқа енуі технологияларға тәуелді болмақ.
Бүгінгі күнде интернетке деген қолжетімділікті арт­тыру­ға мемлекеттік дең­гейде зор көңіл бөлінуде. Қазақстанда интернет тұтыну­шы­лардың саны, соның ішінде мобильді интернет күн сайын артып келеді. Инвес­тициялар және даму министр­лігінің мәліметінше, Қазақстандағы интернеттің енуі 70%-ды құрайды. 
Ақпараттық технологиялар мен интернеттің қарқынды дамуы адамдар арасындағы коммуникациялық қарым-қатынасты арттыруда. Бұл үлкен көлем­дегі сандық ақпараттың жинақ­талуына алып келді. Ақпарат алмасу тек технологиялық қарым-қатынас қана емес, сонымен қатар лингвистикалық құбылыс. Адамдардың тілді пайдалануы, сөз бен сөз тіркестерін қолдануы, мәліметтердің контекстуалдық ортасын түсінуі сынды мәселелер тіл білімінің маңызды саласына айналып, компьютерлік ғылым мен лингвистиканың тоғысқан жерінде компьютерлік лингвистика саласы пайда болды. Аталған сала XX ғасырдың 50-60 жылдары қалыптаса бастағанымен, қарқынды дамуы 2000 жылдардан бастады. Компьютерлік лингвистика дегеніміз – тілді пайдалану мен түсіндіру мақсатында тілдік нормаларды математикалық және компьютерлік модельдеу. Түп мақсаты – жасанды интеллект құрастыру. 
Бүгінгі күнде компьютерлік лингвистика жетістіктері екі негізгі бағытта қолданылады. Біріншісі, тілдерді түсіну мен зерттеу әдістерін дамыту. Бұрын белгісіз болған заңдылықтар мен құбылыстарды ашу. Екіншісі, адам мен машина арасындағы байланысты жеңілдету. Бұл бағытта технологиялық шешімдер мен өнімдерге назар аударылады. Жоғарыда айтылғандай, компьютерлік лингвистика нәтижелері жасанды интеллектінің құрамдас бөлшегі. (298 сөз)
jasqazaq.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде