Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет29/98
Дата14.09.2022
өлшемі1.53 Mb.
#290152
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98
Байланысты:
6-TБTЛ¦-TЛ¦¬ TЫ¦-¦¬¦-TЫ TВTЦ¦¬TЦ. ¦Ь¦-TГ¦¬¦¦¦- (2)
4th grade, 9 сынып 1, жоспар 22, 9 сынып инф 2, 4-сынып-кмж 23, БЖБ.ТЖБ. 3-тоқсан 4-Ә, 9 кл БЖБ точ, Қысқа мерзімді жоспа 8сынып АКТ
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Тақырыбы: «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
І нұсқа



Оқу мақсаты:

6.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;
6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

  • Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

  • ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады;

  • сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз.


Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75% судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрлық арасындағы айналымды жүзеге асырады, сол себепті мен «Су – тіршілік көзі» тақырыбын таңдап, зерттедім.
Жер шарында жыл сайын 400 мың км3 шамасында су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. Қазақстандағы су ресурстарының негізі – өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық мөлшері – 100 км3, 43 пайызы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды.
Қазіргі кезде Республикамыздағы барлық ірі өзендер – Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңіз бен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған ортаға өте қауіпті. Судағы балықтар қырылып, қалу қаупі жылдан жылға өсіп келеді.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың артық мөлшері топырақтан шайылып, өзен, көлдерге, теңізге түсуде. Бұл судағы оттекті азайтады. Сонымен бірге бұл балық өндірісіне қатты әсерін тигізіп, балық аулау азайып кеткенін айтылып жүр. Біз осы жағдайларды саралай келе, адам күніне қанша литр су жұмсайды және оны үнемдеу, таза ұстауға бола ма деген мәселені айтқым келіп тұр. Мысалы, тісті екі мезгіл тазалау кезінде 4 литрден 8 литр су кетеді екен, тамақ әзірлеуге 3 мезгілде бас-аяғы 10 литр су кетеді екен. Суға түссең орта есеппен 10 – 15 литр су жұмсайсың. Сонда күніне 33 – 38 литрдей су кетеді екен. Бұл бір балаға кететін бір күндік су мөлшері. (223 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/374




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде