«Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы


Материалдарға қойылатын өндірістік талаптар

Loading...


бет2/8
Дата05.05.2021
өлшемі78.18 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8
Материалдарға қойылатын өндірістік талаптар. Ұзақ мерзiмдi, сенiмдiлiк - материалдардың пай¬далану барысында өзiнiң физика-механикалық қасиет¬тepiн көpceтeтiн қабiлеттiлiгiн сипаттайтын қасиеттерi.

  • Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттері.

    Материалдың физикалық күйін сипаттайтын қасиеттер.
    Құрылыс материалдары күйiнiң өлшемдерi дегенiмiз - материалдар мен бұйымдардың физикалык қасиеттерiнiң бiр түрi. Физикалық қасиеттерге күй-өлшемдерiнен басқа: гидрофизикалық жэне жылуфизикалық қасиеттер жатады. Материал күйiнiң өлшемдерi - оның тығыздық және кеуектiлiк касиеттерiмен сипатталынады.
    Материалдың тығыздығы мына формула арқылы анықталады:

    ρ=m/v;
    мұндағы ρ - материалдың тығыздығы, г/см3 немесе кг/м3; m - құрғак материалдың салмағы, г немесе кг; v - материалдың көлемi, см3 немесе м3.


    Тығыздық - шын және орташа деп бөлiнедi. Шын тығыздықты (Dш) анықтағанда v - ол материалдың саңылаусыз, яғни оның тек затпен толған көлемi; сондықтан шын тығыздыкты "заттың тығыздығы" деп те атайды. Орташа тығыздықты (D0) анықтағанда, көлемнiң есебiне материалдың iшiндегi саңылаулар да кiредi. Материалдың шын тығыздығын табу үшiн оның көлемiн материалды ұнтақтап, iшiнде саңылау қалдырмай, арнаулы әдiспен пикнометр арқылы анықтайды. Орташа тығыздықты табу үшiн бұйымның үлгiсiн үш бағытта өлшейдi де, оның көлемiн саңылаулармен қоса анықтайды.
    Сусымалы материалдардың (кұмның, жарқышақ немесе малта тастардың, т.б.) тығыздығын аныктау үшiн, олардың көлемiн белгiлi ыдысқа стандартта көрсетiлген биiктiкпен толтыру (құю) арқылы табады.
    Кеуектiлiк деп - материал көлемiнiң саңылаулармен (ұсақ тесiктермен) толған дәрежесiн атайды. Демек, кеуектiлiк тығыздыққа қарама-қарсы түсiнiк. Кеуектiлiк бiрге теңелген көлемнiң үлесi не процентi арқылы анықталады:
    К = Vс / Vm;

    К = (1- ρ 0/ ρ ш)100;


    Мұндағы К - материалдың кеуектiлiгi, көлемнiң үлесi немесе процентi; Vс - саңылаулар көлемi, бiрдiң үлесi; Vm - материалдың көлемi, ол бiрге тең; ρ0,
    ρ ш - материалдың орташа және шын тығыздықтары, г/см3 немесе кг/м3.

    Материалдың көлемi - материал затының көлемi (У3) мен оның саңылаулары көлемiнiң (Ус) қосындысына тең.


    Саңылаулар көлемi - сумен толуы мүмкiн. Сондықтан бұл көлемдi табу үшiн материал алдын-ала 105°С-та салмағы өзгермегенше кептiрiлiп, содан соң тығыз бiтелiнген ыдысқа орналастырылады.
    Саңылаулардын көлемiн тапқаннан соң, ол материалдың кәдiмгi жағ-дайындағы көлемінен алу арқылы, материалдың көлемi аныкталынады, яғни:
    Vз = Vт - Vс.
    Саңылаулар мөлшерiне қарай, материалдар – уақ не iрi кеуектi деп аталынады. Уақ кеуектi материалдардың саңылаулары, мм-дiң жүзден мынға, яғни (I0-6м) дейiнгi үлесiмен, ал iрi кеуектiлерiнiң саңылаулары -мм-дiң он үлесiнен 1-2 мм-ге дейiнгi мөлшермен сипатталынады.
    Кеуектi материалдардың саңылаулары ашық және жабық түрде болады. Ашық саңылаулар қоршаған ортамен қатынасты және өзара да қатынасты болуы мүмкiн. Мысалы, материал үлгiсiн су құйылған ыдысқа салғанда, ашық саңылаулар сумен кәдiмгi жағдайда-ақ толады. Сондыктан материалда ашық саңылаулар көп болса, оның аязға төзiмдiлiгi төмендейдi. Керiсiнше, материалда жабық санылаулар көп болса, оның ұзактығы өседi. Бiрақ дыбыс өткiзбейтiн материалдар үшiн оларда ашық саңылаулар көп болтаны жөн. Өйткенi өзара шектесе орналасқан осындай саңылаулар -лабиринттерде, оның дыбыс энергиясы бiрте-бiрте сөнедi.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8
    Loading...




    ©melimde.com 2020
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    Сабақтың тақырыбы
    Сабақтың мақсаты
    бойынша жиынтық
    жиынтық бағалау
    Сабақ тақырыбы
    рсетілетін қызмет
    ғылым министрлігі
    Жалпы ережелер
    қызмет стандарты
    тоқсан бойынша
    бекіту туралы
    Әдістемелік кешені
    бағалауға арналған
    Сабақ жоспары
    туралы хабарландыру
    тоқсанға арналған
    жиынтық бағалаудың
    арналған жиынтық
    Қазақстан республикасы
    бағалау тапсырмалары
    жиынтық бағалауға
    арналған тапсырмалар
    бағалаудың тапсырмалары
    Қазақстан республикасының
    республикасы білім
    білім беретін
    пәнінен тоқсанға
    Жұмыс бағдарламасы
    біліктілік талаптары
    Қазақстан тарихы
    арналған әдістемелік
    әкімінің аппараты
    туралы анықтама
    мамандығына арналған
    қойылатын жалпы
    Конкурс туралы
    жалпы біліктілік
    мемлекеттік әкімшілік
    Қазақ әдебиеті
    мерзімді жоспар
    Мектепке дейінгі
    жалпы конкурс
    қатысушыларға қойылатын
    әдістемелік кешені
    оқыту әдістемесі
    Қазақстан облысы
    ортақ біліктілік
    қызмет регламенті
    пәнінен тоқсан
    мамандығы бойынша
    болып табылады

    Loading...