Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған



бет2/7
Дата19.11.2021
өлшемі337.38 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
Адам. Қоғам. Құқық: Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 20 б.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «18 » маусымдағы

№ 393 бұйрығына 6-қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 03 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 66-қосымша




Жалпы білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен



типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.

  3. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру;

  2. ақыл-ой мәдениеті ретінде философия түсінігін, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;

  3. әлемді сезімдік және рационалдық тану арасындағы байланыстарды, діни және ғылыми таным мен философия, антропология арасындағы байланыстарды анықтау;

  4. адам құндылығы, құқығы мен бостандығы туралы білім беру, оларға баға бере білуге үйрету;

  5. жоғарғы моралдық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді, адам мен табиғатқа деген философиялық көзқарасты қалыптастыру;

  6. этникалық және тұлғааралық қатынастарда төзімділікті сақтауға тәрбиелеу;

  7. қоғамдық дамудың заңдарын білу негізінде құқықтық, жемқорлыққа қарсы және саяси мәдениетке тәрбиелеу;

  8. заң ілімдері, жемқорлыққа қарсы заңнамалар, экономикалық теория, саясаттану, әлеуметтану негіздері, жеке және көпшілік құқықтың заңнамалық нормалары туралы білім беру;

  9. ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;

  10. оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;

  11. зерттеу әдістерінің көмегімен барлық мәселелерді шеше білу қабілетін қалыптастыру.

  1. Пәнаралық байланыс:

  1. «Қазақ тілі және әдебиет»:

адамға, адам өмірінің мәні мен мақсатына арналған көркем туындылар оқушылардың бойындағы ар-ұят, абырой сияқты асыл қасиеттердің ашылуына септігін тигізеді;

  1. «Дүниежүзі тарихы»:

алғашқы қауымдық қоғам туралы, ертедегі мемлекеттер, сөйлеу құралы ретіндегі тіл мен сөздің, адамның, рудың, тайпалардың пайда болуы туралы білу; діни түсініктер мен әлемдік діндердің пайда болуы, ұлттардың, ұлттық мемлекеттердің, азаматтық қоғамның қалыптасуы туралы білім;

  1. «Қазақстан тарихы»:

қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен дәстүрі, ислам дінінің мәдениеттің дамуына әсері туралы білім беруде, қазақтардың дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;

  1. «Физика»:

жер құрылысы, уақыт, кеңестік пен материя туралы білім беруде, физикалық үдерістердің адам мен қоғамға әсері туралы білім;

  1. «Биология»:

адам мен адамзат қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның өзара байланысы туралы білім беруде;

6) «География»:

табиғи қор және оларды тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасының Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары, халықаралық дәрежеде табиғатты қорғау бойынша шаралар туралы білім беру.


  1. Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде