«Жалпы мағлұмат» тарауында берілген тәжірибеге сәйкес қысқаша теория енгізілген


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР

Loading...


бет8/9
Дата30.03.2020
өлшемі392.31 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5.3. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР

  1. Токтар резонансына анықтама беріңіздер.

  2. Қай тізбекте және қандай шарттар орындалған кезде токтар резонансы пайда болады?

  3. Кернеу резонансы мен токтар резонансының айырмашылығы қандай?

  4. Қандай параметрлерді өзгерту арқылы токтар резонансын алуға болады?

  5. Токтар резонансы пайда болғанда, тізбектегі жалпы ток неліктен минималды болады?

  6. Токтар резонансы пайда болуына аспап және қандай белгі арқылы тұжырым жасауға болады?

  1. Электр тізбекте (6-сурет) токтар резонансы кезінде I= 10 A, I= 5 A, индуктивтік элементтің кедергісін есептеу керек, егер XС = 40 Ом тең болса.

6-сурет

  1. Сыйымдылық элементінің параметрін (Xc) есептеу керек, егер тізбекте (7-сурет) токтардың резонансы кезінде элементтердің параметрлері: R=6 Ом, XL=8 Ом болса.

7-сурет

6 Зертханалық жұмыс



ЭЛЕКТР ҚАБЫЛДАҒЫШТАРЫ ЖҰЛДЫЗША ЖАЛҒАНҒАН ҮШ ФАЗАЛЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты: Жұлдызша жалғанған симметриялы және бейсиметриялы электр қабылдағыштарының үш сымды және төрт сымды үш фазалы электр тізбегін зерттеу. Симметриялы және бейсимметриялы режимде фазалық және желілік токтар мен кернеулердің мәндерінің арасындағы негізгі ара қатынастарды, сонымен қатар фазаның үзілген кезіндегі бейтарап сымды және қысқа тұйықталу режимін тәжірибеарқылы зерттеу.



6.1. ҚЫСҚАША ІЛІМИ МАҒЛҰМАТТАР

Амплитудалары және жиіліктері өзара тең, бірақ фазалары бір-бірінен 120- қа ығысқан ұш синусоидалы ЭҚК-і бар тізбектердің жинағы үш фазалы электр тізбегі деп аталады.

Ұш фазалы электр тізбегінде синхронды генератор электр энергия көзі болып табылады. Қарапайым синхронды генератордың статорында бір-бірінен 120-қа ығысқан ұш бірдей орама болады. Ораманың басын А, В, С аяғын X, Y, Z әріптерімен белгілейді. Орамалардың аяқтары түйінделген нүктені бейтарап нүкте деп атап, оны «N» әріпімен белгілеп, генератор орамаларының жұлдызша жалғанған сұлбасын аламыз (1-сурет).

1-Сурет


Ротордың магнит өрісінің тиісті таралу кезінде статордың орамасында, амплитудалары мен жиіліктері өзара тең, фазалары 1200-қа ығысқан, үш синусоидалы ЭҚК-і индукцияланады. Егер ЭҚК -нің бастапқы фазасын нөлге тең деп алсақ, онда ЭҚК-нің лездік мәндері мына түрде болады:

ЭҚК-ң үш фазалы жүйесін -қа ығысқан үш векторлар арқылы бейнелеуге болады:



Генератор орамаларының (фазаларының) бастары мен аяқтарының арасындағы кернеуді фазалық кернеу деп атаймыз - .Орамалардың (фазалардың) бастарының арасындағы кернеуді желілік кернеу деп атаймыз - . Фазалық және желілік кернеулер бір-бірімен мына теңдік пен байланысты:

Оларға фазалық және желілік кернеулердің векторлық диаграммалары сәйкес келеді.

Желілік кернеулердің векторының үшбұрышы фазалық кернеулердің векторына салынған болса, онда оны топографиялық диаграмма деп атайды:

Осы диаграммадан:





немесе  

Жұлдызша жалғанған генератор орамасы тұтынушыға екі түрлі кернеу алуға мүмкіндік береді: фазалық және желілік.



Үш фазалы үш сымды жүйеде электр энергиясын ток көзінен тұтынушыға желілік сымның көмегімен беріледі (Аа, Вв, Сс). Төртсымды үш фазалы жүйеде төртінші бейтарап сым (Nn) бар, сол сым арқылы ток көзінің «N» және тұтынушының «n» фазаларының нүктелері жалғанған (2-сурет). Желілік сымдардағы ток ,, желілік ток деп, фазалардың токтары () фазалық ток деп, ал бейтарап сымның тогы  бейтараптық ток деп аталынады.

Үш фазалы қабылдағыштар сұлбада «жұлдызша» немесе «үшбұрышша» жалғануы мүмкін.



Қабылдағыштардың жұлдызша жалғануы

2-сурет


Егер сымдардың кедергісін елемесек, онда қабылдағыштардың фазалық кернеулері генератордың фазалық кернеулеріне тең болады:

,

Генератор мен қабылдағыштың желілік кернеулері сәйкесінше бір-біріне тең:



.

Желілік сымдағы ток генератодан тұтынушыға бағытталған. Ал бейтарап сымдағы ток қабылдағыштан генераторға бағытталған. Фазадағы токтар Ом заңымен есептелінеді:

Желілік токтар фазалық токтарға тең:

.

Бейтарап сымда ток үш фазалардың токтарының қосындысына тең. Кирхгофтың бірінші заңы бойынша мынадай теңдік аламыз:



Егер комплекстік кедергі барлық фазаларда бір-бірімен тең болса, онда жүктемені симметриялы деп атаймыз:

Симметриялы жүктеме кезінде токтың есептелінуі бір фазалы токтың есептелінуімен сәйкес келуі керек. Бейтарап сымда ток нөлге тең сондықтан оны алып тастауға болады.

Симметриялы жүктеме мен үш сымды жүйеде токтардың есептелінуі, төрт сымды жұйедегідей болады. Бұл жағдайда токтардың есептелінуі бір фаза арқылы жүргізіледі:

Ток пен кернеудің топографиялық диаграммалары да бірдей.



Бейсимметриялы жүктеме кезінде болса,онда фазалық кернеу мен токтың симметриясы бұзылады, яғни жүктемені өзгерту арқылы бір фазада кернеуді өзгертсек, басқа да фазаларда кернеу өзгереді. Бұл бейтарап нүктелержәне  арасында кернеудің болуы салдарынан болады (бейтараптың ығысуы). Бейтараптың ығысуын екі түйіннің арасындағы кернеу формуласымен табуға болады:

Қабылдағыштың фазалық кернеуін әрбір фаза үшін Кирхгофтың екінші заңымен жазуға болады:



Тәжірибеде өлшеген мәндерін қолданып, кернеудің потенциалдық диаграммасын салады. Бұл үшін желілік кернудің үшбұрышын саламыз, одан кейін сәйкесінше ұшынан радиуспен фазалық кернеудің доғасы белгіленіп, n нүктесінің түйісуі фазалық кернеудің векторының басы болып табылады. Потенциалдық диаграммасын сызу үшін циркульмен сызғышты қолдану керек. Токтардың векторлық диаграммаларын тұрғызу үшін фазалық кернеудің  векторлары, сәйкесінше  бұрыштары, фазалық токтарының  векторлары сызылу керек.

6.2. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ

  • 1-суреттегі сұлбаға сәйкес тізбекті жинау керек. Үшфазалы генератордың А және В шығыстарын коннектордың аналогты V0 және V1 кірістерін қосу керек.



1-сурет

  • Виртуалды вольтметрмен барлық фазалық кернеулерді, сонымен қатар кернулердің арасындағы UA және UBUB және UCUC және Uфазалық ығысу бұрыштарын өлшеу керек. Өлшенген қорытындыларды 1-кестеге енгізу керек.

1-кесте

UA, В

UB, В

UС, В

А В, град

В С , град

С А, град



















  • Виртуалды вольтметрмен барлық желілік кернеулерді, сонымен қатар кернеулердің арасындағы U және UU және UU және UAВ фазаның ығысу бұрыштарын өлшеу керек. Өлшенген қорытындыларды 2-кестеге енгізу керек.

2-кесте

UАВ, В

UВС, В

UСА, В

АВ ВС, град

ВС СА, град

СА АВ, град



















  • Ток көзінің фазалары жұлдызша жалғанған кезде, фазалық және желілік кернеулердің векторлық диаграммаларын масштабпен тұрғызу керек.

  • 2-сурет бойынша бейтарап сыммен симметриялы жүктемені тізбекке «жұлдызша» жинау керек (R= R= R1 кОм).

2-сурет

  • Кернеу мен токтың әсерлік мәндерін өлшеу керек. Өлшенген қорытындыларды 3-кестеге енгізу керек.

  • Бейтарап сымды ажыратып, симметриялы жүктемемен бейтарап сымсыз тізбек үшін өлшеулерді қайталау керек ( R= R= R= 1 кОм ).

  • Бейтарап сымды бейсимметриялы жүктемемен тізбекке «жұлдызша» жинау керек ( R1 кОм, R= 680 Ом, R330 Ом ). Ток пен кереудің әсерлік мәндерін өлшеу керек.

  • Бейтарап сымды ажыратып, бейсимметриялы жүктемемен бейтарап сымсыз тізбек үшін өлшеулерді қайталау керек ( R1 кОм, R= 680 Ом, R330 Ом ).

  • Алынған қорытындылардың өлшемдерімен кернеу мен токтың векторлық диаграммаларын тұрғызу керек.

3-кесте

Режим

IA

IB,А

IC

IN

UAB

UBC

UCA

UA

UB

UC

UnN

Симметриялы бейтарап сыммен

(R= R= R=

1 кОм)



































Симметриялы бейтарап сымсыз

( R= R= R=

1 кОм )



































Бейсимметриялы бейтарап сыммен

R1 кОм,



R= 680 Ом,

R330 Ом )


































Бейсимметриялы бейтарап сымсыз

(R1 кОм,



R= 680 Ом,

R330 Ом)


































6.3 Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Синусойдалы токтың үш фазалы жүйесіне анықтама беріңіздер.

2. Үш фазалы ток қалай анықталады?

3. Фазалары жұлдызша жалғанған кезде үш фазалы қорек көзінің фазалық және желілік кернеулері мен токтарының ара қатынасы қандай?

4. Нөлдік сымның рөлі қандай және ол қай жағдайда қажет?

5. Зерттелген режимнің тұрғызылған векторлық диаграммасының ерекшелігін атап беріңіздер.

6.Амперметрдің көрсететін тогын есепте, егер Uж =380 В, Ra=10 Ом, Rb=10 Ом, Rc=10 Ом тең болса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...