«Жалпы мағлұмат» тарауында берілген тәжірибеге сәйкес қысқаша теория енгізілген


Потенциалдық диаграмманың қасиеті

Loading...


бет2/9
Дата30.03.2020
өлшемі392.31 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Потенциалдық диаграмманың қасиеті:

Кез келген кедергінің потенциалын, екі түйіннің арасындағы кернеуді және тармақтардағы токтарды есептеуге лайықты екенін көрсетеді.



Мысалы: Тармақталған тізбектің сыртқы контурының потенциалдық диаграммасын сызу (1.6, а, ә-сурет).

1.6, а, ә-сурет. а) Электртізбегінің сұлбасы. ә) тізбектің потенциалдық диаграммасы

φа= 0

φ в= φ a+E1

φ c= φ b-I1R1

φ d= φ c+I2R2

φad-E2


  1. Дайындық жұмысына тапсырма

1.2.1 ЭҚК-тер мен кедергілердің мәндері белгілі деп есептеп,келтірілген тізбектегі токтарды табу үшін Кирхгофтың заңдары бойынша теңдеулер жазыңдар.

1.2.2 ЭҚК-тер мен токтардың мәндерін пайдаланып, есептелген кедергілердің шамасы бойынша сыртқы контурдың потенциалдарын есептеп, диаграммасын сызыңыз.



1.3 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындау тәртібі

1.3.1 Тәжірибе УЛК ТОЕ стендінде орындалады. Стендпен, қорек көздерімен және оларды қосып- ажырататын аспаптармен танысыңыз.

1.3.2 1.7-суретте көрсетілген тізбекті жинаңыздар.Кернеулерді, токтарды, қуаттарды өлшеу үшін коннектордың каналдарын тізбекке қосыңыздар.

1.3.3 УЛК ТОЕ стендінде қорек көзі ретінде тұрақты кернеулер блогындагы екі кернеу көзі алынады. Оның бірі сан мәні 15 В-ке тең кернеу берсе, екіншісінің кернеуі реттелмелі (Е=5÷15 В).

1.3.4 Тармақтардағы токтар мен кернеулерді өлшеу үшін қолдану керек виртуалды аспаптарды Vмен А1.

1.3.5 Тізбекке кернеу беріп, ЭҚК-терді және тармақтардың токтары мен сыртқы өнбой бойынша көрсетілген нүктелердің потенциалдарын өлшеңіз. Өлшенген шамаларын 2 және 3 кестелерге жазыңыз.

1.7-сурет. зерттелетін тізбектің сұлбасы.

1.2 кесте



E1,B

E2,B

I1,mA

I2,mA

I3,mA

UR1,B

UR2,B

UR3,B

UR4,B

UR5,B


































φ,B

φ1,B

φ2,B

φ3,B

φ4,B

φ5,B

φ6,B

φ1,B

φөлшен.

0



















φесепт.

0



















1.4 Бақылау сұрақтары:

1. Тізбектегі түйін, тармақ және контур дегеніміз не?

2. Тәуелсіз контурлардың санын қалай анықтайды?

3. Қандай тізбектерге қолданамыз Ом заңын?

4. Кирхгофтың бірінші заңы қандай заңдылықты тағайындайды? Өрнегін жазып, түсіндіріңіз.

5. Кирхгофтың екінші заңы қандай заңдылықты тағайындайды? Өрнегін жазып, түсіндіріңіз.

6. Потенциалдық диаграмма деген не және ол не үшін түрғызылады?

7. Вольтметірдің көрсету мәндерін анықтаңыз, егер Е1=10 В, Е2=20 В, Е3=80 В, R1 = R= R3 = 10 Ом.

8. Кирхгофтың бірінші және екінші заңының теңдеулерін құрып, тармақтардағы токтарды есептеңіз, егер E1=100 B, E2=130 В, I=8A, R1=5 Ом, R2=5 Ом, Uca=80 В тең болған жағдайда.

9. Потенциалдық «В»-нүктенің потенциалын есептеңіз, егер «А»-нүктенің потенциалы φА=15 В, R=10 Ом, I=2 А, Е=5 В.тең болса.

2 Зертханалық жұмыс

СЫЗЫҚТЫҚ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІН БЕТТЕСТІРУ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты:


  1. Сызықты электр тізбектерінің негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеу.

  2. Беттестіру әдісін қолданып, тізбектерді шешуді үйрену.

  1. Қысқаша мағлұматтар

Күрделі сызықты электр тізбектеріндегі токтармен кернеулерді есептеу үшін беттестіру әдісін қолдануға болады.

Ол әдістің негізінде қорек көздерінің токтарының тәуелсіздігі көрсетілген. Сызықты электр тізбектерінің элементтеріндегі токтар мен кернеулер қорек көздері тудыратын жекеше токтар мен кернеулердің қабаттасуын нәтиже ретінде белгілейді.



Беттестіру әдісімен дәлелдеу үшін:

а) сызықты тізбекте бір ЭҚК-ті қалтырып қалғандарын тізбектен алып тастау керек, мұнда тармақтардағы токтармен кернеулер жекеше токтар мен кернеулер арқылы есептелінеді;

б) сол сияқты қалған ЭҚК-тер өздерінің жекеше токтар мен кернеулерін беру тиісті;

в) жекеше токтар мен кернеулерін пайдаланып тізбектерді шешу әдісі беттестіру әдісі деп аталады. Тізбектегі негізгі токтар мен кернеулер жекеше токтар мен кернеулердің алгебралық қосындысына тең.

Егер қарастырылып отырған тармақта жекеше токтар немесе жекеше кернеулер қарама-қарсы бағытта болса, онда сан мәні ұлкен шамадан сан мәні кіші шама шегеріледі де, ұлкен шаманың бағыты қойылады, ал бағыттас болса, онда олар қосылады.

Мысалы, берілген сызықты тізбектің (2.1-сурет) тармақтарындағы негізгі токтарды есептеу үшін тізбекті екі қарапайым тізбекке бөліп жіберу керек.

2.1-сурет.күрделі тізбекті қарапайым тізбектерге түрлендіру.

Беттестіру әдісімен негізгі токтарды келесі формулар арқылы есептеуге болады:

I1=I1/-I1//

I2=I2//-I2/

I3=I3/+I3//

мұнда I1/, I1//, I2/, I2//, I3/, I3// – жекеше токтар.



Қуаттар балансы

Тізбектегі қорек көзіннің қуаты деп басқа түрлі энергияның электр энергиясына түрлендіру жылдамдылығын айтамыз:

Қабылдағыштардың қуаты – электр энергиясын басқа түрлі энергияға түрлендіру жылдамдылығы деп есептеуге келеді:

Кез келген электр тізбекте энергиялардың балансы – қуаттар балансы арқылы зерттелінеді.



Қуаттар балансы дегеніміз – ЭҚК-дің қуаттарының алгебралық қосындысы қабылдағыштардағы қуаттардың алгебралық қосындысына теңдігі:

Егер тармақтағы токпен ЭҚК-тің бағыттары бағыттас болса, ЭҚК-ті генератор режимінде істейді деп есептейміз, ал қарама-қарсы болса ЭҚК қабылдағыш ретінде энергияны қабылдайды деп оның таңбасын (-) аламыз.



  1. Дайындық жұмысына тапсырма

    1. ЭҚК-тер (Е1, Е2) мен кедергілер (R1 ,R2 ,R3) берілген (2.2-сурет) тізбекті жинаңыз.

    2. Беттестіру әдісін қолданып токтар мен кернеулерді есептеңіз.

    3. Токтармен кернеулердің есептік мәндерінің дұрыстығын Кирхгоф задары бойынша тексеріңіз.

    4. Тізбек үшін қуаттар балансының теңдеуін жазып, ЭҚК көздерінің жұмыс әлпін анықтаңыз.

2.3 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі

    1. Тәжірибе УЛК ТОЭ стендінде орындалады. Стендпен, әсіресе қорек көздерімен және оларды қосып ажырататын аспаптармен танысыңыз. Кернеу блогынан екі кернеу көзі алынады.

    2. Қорек көзінің кернеуін реттей отырып, тізбек элементтеріндегі токтар мен кернеулерді өлшеңіз. Өлшеу деректерін 1÷3 кестелерге жазыңыз.

а) 2.2, а-суретте келтірілген сұлба бойынша тізбек жинастырып, Е1 ЭҚК көзі тудырған жекеше токтармен кернеулерді өлшеңіз (Е1=15 В).

Өлшеу деректерін 2.1-кестеге жазыңыз.

б) 2.2, ә-суретте келтірілген сұлба бойынша тізбек жинастырып, (Е2) ЭҚК көзі тудырған жекеше токтармен кернеулерді өлшеңіз. Өлшеу мәндерін 2.2-кестеге жазыңыз (Е2=10÷15 В).

в) 2.2, б-суретте келтірілген сұлба бойынша тізбек жинастырып, (Е1, Е2) ЭҚК-тер көздері тудырған токтар мен кернеулерді өлшеңіз (Е1=15 В; Е2=10÷15 В). Өлшеу мәндерін 2.3-кестеге жазыңыз.

Есептелген және өлшенген токтар мен кернеулер деректерін салыстырыңыз.

2.2, а, ә, б-сурет. а) бірінші қарапайым сұлба. ә) екінші қарапайым сұлба. б) күрделі электр тізбегі.



2.1 кесте

Е1, В

Е2, В

I1/, A

I2/, A

I3/, A

U1/, В

U2/, В

U3/, В




0



















2.2 кесте

Е1, В

Е2, В

I1//, A

I2//, A

I3//, A

U1//, В

U2//, В

U3//, В

0






















2.3 кесте

Е1

Е2

I1, A

I2, A

I3, A

U1

U2

U3

























  1. Тәжірибе деректерін өндеу және оларды қорытындылау

    1. 2.1÷2.3 кестеде келтірілген токтардың сандық мәндерін салыстырып, беттестіру принципы туралы қорытынды жасаңыз.

    2. 2.1-2.3 кестеде келтірілген жекеше токтар мен кернеулердің мәндері бойынша 2.2, а, ә, б-суреттерде келтірілген тізбектің токтары мен кернеулерін есептеп, бағыттарын анықтаңыз.

    3. Жұмыс бойынша ақпар жазып, оны қорғауға дайындалыңыз.

2.5 Бақылау сұрақтары:

  1. Беттестіру әдісінің негізінде қандай принцип қолданылады? Оның маңызын анықтаңыз.

  2. Егер тізбекте бірнеше қорек көзі болса, онда тізбек элементтеріндегі токтар мен кернеулер қалай тұзеледі?

  3. Беттестіру әдісі бойынша тізбек элементтерінің токтары мен кернеулері қалай анықталады?

  4. Беттестіру әдісі бойынша тізбек элементінің қуатын неге анықтауға болмайды?

  5. 2.5-суреттегі сұлбаның токтарын есептеу үшін «бөтен кедергінің» әдісін қолдануға болатындығын дәлелдеңіз

2.5-сурет





  1. Тізбектегі элементтердің параметрлері:

Тармақтардағы токтарды беттестіру әдісімен есептеңіз.

3 Зертханалық жұмыс



ҚАБЫЛДАҒЫШТАРЫ БІРІЗДІ ЖАЛҒАНҒАН СИНУСОИДАЛ ТОКТЫҢ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ

Жұмыстың мақсаты:

  1. Резистивті, индуктивті және сыйымдылықты элементтерден тұратын бір фазалы синусоидал ток тізбегіндегі электрлік шамалардың мәндік және фазалық қатынасын анықтау;

  2. Бірізді тізбектердің резонанстық күйге түсу шарттарын талдау, резонанстық жиілігін анықтау, контурдың сапалығын зерттеу;

  3. Кернеуді, токты, олардың фазалық ығысуын, периодты және жиілікті осциллографпен өлшеуді ұйрену.

  1. Қысқаша мағлұматтар

Синусоидал токтың тізбегіндегі қабылдағыштар үш тұрге бөлінеді. Олардан ток жүрген кезде жұмыс істеледі және магнит өрісі мен электр өрісі қоздырылады. Электр қабылдағышқа берілген электр энергиясы басқа бір энергияға түрленеді (мысалы: жылу, механикалық, химиялық, т.с.с.) және магнит пен электр өрісінің энергияларына.

Электр қабылдағыштардың кедергісі (R), индуктивтілік (L) және сыйымдылық (С) деп аталатын параметрлері олардың осы қасиеттерін сипаттайды.

Синусоидал токтардың тізбектерін зерттегенде осы қабылдағыштарды идеал резистор (R), идеалды индуктивті (L) және сыйымдылық (С) элементтердеп есептейміз.

Идеал резисторде ток пен кернеу фазалас болады, яғни олар бір уақытта нөлге тең, бір уақытта өсіп не кеміп отырады, ал электр энергиясы жылу энергиясына түрленіп тізбекке қайтып келмейді. Сондықтан мұндай элементті активті деп атаймыз.



Егер идеал резисторді синусоидал кернеу көзіне қоссақ, онда оның кернеуі мен тогы (3.1-сурет).



Кешенді түрінде





немесе  , себебі .

Кернеу мен токтың ығысу фазасы , Ом заңы бойынша резистордың активті кедергісі  немесе ,

ал активті қуаты  Вт.

3.1-сурет. Токпен кернеудің синусоидал өзгеру графиктері

Тек қана индуктивтік қасиеті бар элементті (R=0; Хс=0) идеал индуктивті элемент деп атайды. Бұл элементте электр энергиясы магнит өрісінің энергиясына түрленеді.



Идеал индуктивті элементтің кернеу мен тогы (3.2-сурет)



Кешенді түрінде



Фазалық ығысу бұрышы .



Ом заңы бойынша идеал индуктивті элементтің кедергісі, ХL

3.2-сурет. Токпен кернеудің өзгеру графиктері.

немесе 

Мұнда  – реактивтік кедергісі.

Егер тек қана сыйымдылық қасиеті бар элемент болса, онда оны идеал сыйымдылықты элемент деп атайды (R=0; L=0). Бұл элементте электр энергиясы өрісінің энергиясына түрленеді.

Идеал сыйымдылықты элементтің кернеуі мен тогы (3.2-сурет)





Кешенді түрінде



Фазалық ығысу бұрышы .





3.2-сурет. Токпен кернеудің өзгеру графиктері.

Ом заңы бойынша сыйымдылықты элементтің кедергісі, ХC

немесе ;

Мұнда  - реактивті сыйымдылықтық кедергі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...