Жаңа материалды меңгерту

Loading...


Дата20.11.2020
өлшемі19.69 Kb.
Жаңа материалды меңгерту:

1. Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіндіру үшін айналатын дененің қарапайым түрі иіндікті (рычагты) қарастырайық. Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.

Төмендегі суретте көрсетілгендей иіндікке екі күш: Ғ1 және Ғ2 әрекет етеді. Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. АА1 және ВВ1 түзу сызықтар бойымен Ғ1 және Ғ2 күштері орналасқан. Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген  перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды. Суретте Ғ1 күшінің иіні d1=OC, ал Ғ2 күшінің иіні  d2=OD болып табылады.

2.Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F·d

Күш моментінің бірлігі үшін иіні 1 метрге тең 1Н күштің моменті алынады. Ол Н·м деп белгіленеді.

 1 Н·м= 1Н·1м

Күш сияқты, күш моменті де векторлық шама. Оның бағыты түскен күштің бағытымен сәйкес келеді. Суреттегі Ғ1 күшінің моменті M1=Fd1   

 Ғ2 күшінің моменті: M2=F2·d2

М1 моменті иіндікті сағат тілі қозғалысына қарама-қарсы бағытта бұруға тырысады. М2 моменті, керісінше, сағат тілі қозғалысымен бағыттас әсер етеді.

3.Иіндік тепе-теңдікте тұруы үшін сағат тілі жүрісіне бағыттас күш моменті сағат тілі жүрісіне кері бағыттас күш моментіне тең болу керек. М12

Айтылған тәжірибелерден мынадай моменттер ережесі деп аталатын қорытынды туындайды: айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек. Екінші сөзбен айтсақ: біліктің оң жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.                    



Моменттер ережесі

Архимед иіндер ережесін тағайындағаннан бері, бұл ереже бастапқы нұсқада 1900 жыл айтылып келді. Тек қана 1687 жылы француз ғалымы П. Вариньон күш моменті туралы түсінікті пайдаланып, оған жалпылама көрініс берді.                              



Күш моменті

M=  F·d                                           

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

 Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни    немесе

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массалырн анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.



Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...