Жаңа кәсіпорындарды сатып алу

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі61.74 Kb.
Кіріспе

Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.Инвестор – бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Олар стратегиялық немесе портфельдік инвестор болып бөлінеді.Инвестициялар төмендегі мақсаттарды шешуге көмектеседі :



  • Қаржы және материалдық қорларды жинақтау арқылы өз кәсіпкерлік іс-әрекетін кеңейту;

  • Жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

  • Бизнесті жаңа салаларды меңгеру арқылы түрлендіру (диверсификация).

Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады:Портфель ді инвестици ялар – қаржыны жобалар тобына құю, мысалы әр түрлі кәсіпорындардың акцияларын сатып алуНақты инвестици ялар – қаржы қаражатты нақты, әдетте ұзақ мерзімді және нақты активтерді сатып алуға тиісті жобаға құю.Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез–келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады

. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Инвестицияның әдістемелік мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Инвестиция және инвестициялық іс әрекеттің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Инвестициялық іс әрекеттің механизмі мен қағидалары ... ... ... ...6

1.3 Шетел тәжірбиесі: АҚШ және Оңтүстік шығыс Азия тәжірибесі ... ... ... ... 9

2. ҚР да тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолдануды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2.1 ҚР да тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың қазіргі жағдайы мен мәселелері ... ... ... ... ... ..12

2.2 Қазақстанда инвестициялық іс әрекетті мемлекеттік қолдау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.3 Инвестициялық іс әрекеттің негізгі қиыншылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

3. БАСЫМДЫ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3.1 ҚР инвестициялық іс-әрекетін шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

3.2 2010-2012 жылдарда республикада индустриалды инновациялық даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
1 Инвестицияның әдістемелік мазмұны

1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні


Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларына ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Барлық инвестициялар екі негізгі топқа бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар – бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.

Портфельді инвестициялар – құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті – қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель – бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы [2].

Нақты инвестицияларды кейде тікелей деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық қорларға және т.б. құралдар салымы.

Қаржылық мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып алу – қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады – патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға шығындар.

Реинвестициялар – бұл қайтадан босаған инвестициялық ресурстар, өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні жаңаға аустыруға, технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына, шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге (мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т.б.) бағытталуы мүмкін.

Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды құрайды.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті – инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының “Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекет инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекет – коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға немесе кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын бекітілген активтерді ұлғайту немесе құрудағы заңды немесе жеке тұлғалардың іс-әрекеті.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушелер, заңды тұлғалар (банктер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге – инвесторлар және басқа инвестициялық жобаны іске асырушы және заңды тұлғалар жатады.

Инвестициялық жоба – қызмет етуші өндірістерді кеңейту және жаңарту, жаңаны құруға инвестиция қамтитын шаралар кешені.

Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асырушы ҚР-ң заңды тұлғаларына берілетін адрестік сипаттағы артықшылықтар.

Инвестор - ҚР-да инвестицияны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Инвестициялық талас – инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын талас.

Мемлекеттік натурлық гранттар – ҚР-дың заңды тұлғасына инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ақысыз меншікке немесе жер пайдалануға берілетін Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын мүлік.

Құзыретті орган – келісімшартқа отыру және орындалу барысын бақылауменен тікелей байланысты құқықтары берілген орталық атқарушы орган

1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары


Инвестициялық іс-әрекет – мемлекеттің жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады.

Құрылымдық қайта құру институционалдық реформалармен қатар Қазақстанда болып жатырған экономиканың орталықты жоспарлаудан әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылыққа трансформациалануда маңызды бағыт болып табылады.

Мемлекеттік инвестициялық іс-әрекеттің басты мехнизімінің бірі мемлекеттік қаржы болып табылады. Мемлекеттік қаржы – экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Мемлекеттік қаржы арқылы жалпы өндірістің көп бөлігі бөлінеді: Жапония мен Ресейде – шамамен 1/3, Франция мен Нидерланд елдерінде – 1/2, Швецияда – 2/3 артық.

Инвестициялық іс-әрекетті қаржыландыру көздері және жүйесі

Ұйымның, басқарудың интеграциялық құрылымдарының инвестициялық қызметін дамыту мен жүзеге асыру қаржыландырудың негізді жүйесін құруды талап етеді. Ұйымның инвестициялық қызметі заңды және жеке тұлғалардың сонымен қатар мемлекеттік, шетел және халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы жүреді. Жалпы түрде қаржыландыру жүйесі өзара байланысты бөлімнен тұрады (1 сурет).

Мемлекеттік қаржы өзінің құрамына келесілерді енгізеді:

- мемлекеттік бюджет;

- бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік несие жүйесі;

- сақтандыру жүйесі.
Қаржыландыру жүйесі


Мемлекттік қаржы




Шаруашылық етуші субъектілер қаржысы

Сурет 1- Қаржыландырудың құрамды өзара байланыс бөлігі
Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтанған қорын жинақтау формасы болып табылады және мемлекеттік билік органдарының қызмет етуін, елдің қорғанысы, халықшаруашылығының негізгі бағыттарын қаржыландыруға, әлеуметтік мәдени шараларын қамтамасыз етуге арналған. Оның көмегімен қоғамдық өндірістің және тұтастай елдің даму қарқынына әсер ету мақсатында ұлттық табыстың бөлінуі жүзеге асады.

Бюджеттен тыс қорлар үкімет пен жергілікті басқару органдарының қаржы ресурстарын білдіреді, олар мемлекеттік бюджетке енбейтін қаржы ресурстары. Бюджеттен тыс қорлардың негізгілері: зейнетақы қоры, сақтандыру қорлары.

Нарықтық экономика жағдайында қаржыландыру жүйесі бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Бөлуші қызмет нақты бір шаруашылық етуші субъектіні қажетті қаржы ресурстарымен қаматамасыз етуге арналған.

Бақылау функциясы қаржы ағымы мен олардың көлемдік шығындарын талдауға әкеледі. Бұл функциялардың орындалуы нақты шаруашылық субъектілері қаржы ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланғаны туралы тұжырым жасауға мумкіндік береді. Бақылау функциясы жүзеге асырылуының құралы ретінде қаржы ақпараты бар. Бұндай ақпаратты шаруашылық етуші субъекттің бухгалтерлік, басқару, статистикалық және оперативті есептілігінде болады.

Ұйымның инвестициялық қызметтегі қаржыландыру жүйесі бірнеше мәселелері шешімімен байланысты. Бұл мәселелердің шешімі дегеніміз ұйымның инвестициялық қызметін негізгі және айналым құралдарымен мүліктік құқықпен, материалдық емес активтермен, несиелермен, жер пайдалану құқығымен қамтамасыз ету. Ұйымды инвестициямен қамтамасыз етуде қаржыландыру келесі кезеңнен өтуі қажет:

- ұйымның инвестициялық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын алдын ала іздестіру;

- қаржылық стратегияны әзірлеу;

- жедел қаржы жоспарын әзірлеу;

- әлеуетті инвесторлармен келісімшартқа отыру.

Ұйымның инвестициялық қызметінің қаржыландыру жүйесі келесі принциптерге сүйенуі керек:


  • қаржыландыру жүйесінің максимальді нәтижеге мақсатты бағытталуы;

  • инвестициялық қызметтің заңды қорғалуы және қаржылық негізділігі;

  • қаржыландыру көздерінің неғұрлым көп болуының жеткіліктілігі;

  • қаржыландыру жүйесінің нақты жағдайда икемділігі мен бейімділігі.

Инвестициялық қызметті жақсы ұйымдастырылған қаржыландыру

жүйесінің болуы ұйымның қызметінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде бұл жүйе стратегиялық мақсатқа, сонымен бірге тактикалық мақсатқа жетуге әсер етеді.

Қаржыландырудың негізгі көздері. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері көп көлемділігімен және көп түрлілігімен ерекшеленеді. Жалпы түрде меншікке қатысына байланысты қаржыландыру көздері үш түрге бөлінеді (2 сурет).
Қаржы көздерінің түрлері
Меншікті

Тартылған

Қарызға алынған

Сурет 2- Қаржыландыру көздерінің түрлері


Ұйымның жеке қаржы ресурстары жарғы капиталы, пайда, амортизациялық аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың жинақтары ретінде болады. Одан басқа жеке қаржы ресурстарына табиғат апатынан, авария, айыппұл, пеня шығындарын төлейтін сақтандыру органдарының құралдары да жатқызылады.

Тартылған қаржы ресурстары акция, еңбек колективі жеке және заңды тұлғалардың мүшелерінің, пайлық және басқа салымдарынан түседі. Қарызға алынған құралдар облигациялық займдар, банктік және бюджеттік несие есебінен тартылады. Заемға алынған қаржы құралдарына шетел инвестицияларын жатқызуға болады. Шетел инвестициялауында шетел мемлекеттері, халықаралық қаржы және инвестициялық институтар, жеке дара ұйымдар, институционалды инвесторлар, банктер, несие мекемелері қатысады (3 сурет).

Нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін мемлекет деңгейінде де, ұйым деңгейінде де қаржыландыру көздерінің құрамы пайдаланады.

1.3Шетел тәжірбиесі: АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия тәжірибесі


Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.

Оңтүстік Шығыс Азия елдері мемлекеттің инвестициялық үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды нарықтық деңгейден төмен ұстау.

Мемлекеттік несие және бағаларды бақылау.Фирмалардың инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда маңызды рөлді банктік несие ойынады. Мемлекет несие құны мен оның ағымының бағытына белсенді әсер етті.АҚШ тәжірибесі қызықты, өйткені 80 жылдардың басында инфляция мен өндіріс құлдырауы қатар келген жағдай, белгілі бір деңгейде 90 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстандағы жағдайға ұқсастығына байланысты.

Әр елдің корпорация қызметін қаржыландырудағы айырмашылықтарына қарамастан, басты рөлді ішкі көздер (бөлінбеген пайда мен амортизациялық аударымдар) және банктік несиелер ойнайды. Сонымен бірге акционерлік капиталдың рөлі әлсіз болды (Тайваньді есептемегенде). Әлемдік Банк мамандарының айтуынша: “Тек экономиканың жетілуіне байланысты акция және облигация нарықтарын құру мен тиімділігін арттыруға күш салынды. Бұл нарықтардың маңызы өссе де, осы елдердің қарқынды даму кезеңінде инвестициялық ресурстарды мобилизациялаудың басты факторы болмады”.

Дамушы елдердің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда мемлекеттік қаржылық институттар маңызды рөл ойнады. Мәселен, Оңтүстік Кореяның несие-қаржылық аясында мемлекеттік институттар басым болды, себебі жеке банктік несиелік институттар 80 жылдардың бірінші жартысында пайда болды және 90 жылдардың басында рудименттік күйде болды.

Мемлекеттік несие-қаржылық институттар Жапонияның өнеркәсіптік құрылымын модернизациялауда маңызды орын алды, әсіресе алғашқы сатысында. 1955 жылы мемлекеттік қаржылық институттар займы арқылы жапон фирмаларындағы жаңа өнеркәсіптік жабдық сатып алуға 32%-ы қаржыландырылды, 1965 ж. – 16%, 1980 ж. – 17,6% және 1990 ж. – 8,1%.

Жапония өнеркәсібінің дамуына үлкен әсер еткен үш мемлекеттік қаржылық институт болды. Олар – Даму Банкі, Экспорттық-импорттық Банк және шағын бизнесті қаржыландыру жөніндегі Корпорация. 80 жылдардың басында жапон фирмаларына ұсынылған займдар үлесі: металл бұйымдарының өндірісінде – 15,7%, қара металлургияда – 12,4%, құрылыс материалдары өндірісінде – 12,9%, жалпы машина жасауда – 8,4%, түсті металлургияда – 7,7%, химия өнеркәсібінде – 6,3%, электротехникалық машина жасауда – 5,7%.

Мемлекеттік Даму Банкі берген займдар маңызды функция атқарды. Жоғары дәрежеде осы займ есебінде электроэнергетика, газ және сумен қамту қаржыландырылды (аталған сала компанияларының алған зайымдарының жартысынан көбі). Сонымен қоса мемлекет тұрғысынан басымды саналатын қызмет аясында жеке қаржылық ұйымдардың зайымдарының катализатор рөлін атқарды.

Даму банкінің займдары әдетте инвестициялық жоба құнының 30-50%-ын жауып отырды және 5 жылдан 15 жылға дейін, сонымен бірге жеке банк несиелерінен гөрі төмен пайызға берілді. Осындай займ алатын фирмаларға банкте соманың 10%-ын құратын депозит ашу керек болмады.

Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде инвестициялық үрдісті мемлекеттік ынталандырудың маңызды бағыты – пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу.

Американдық экономист А. Амсден айтуынша, “Оңтүстік Кореялық 25 жылдық экономикалық дамуының көп бөлігінде ұзақ мерзімді несие таңдаулы фирмаларға белгілі салалалдың дамуын ынталандыру мақсатында теріс нақты пайыздық мөлшерлеме бойынша үкіметпен бөлінді”.

Әлемдік Банк мамандары аталған елдерде салықтық, тарифтік және валюталық саясат инвестор-фирмалардың инвестициялық тәуекелділігінің бір бөлігін азайтты және қалыпта масштабта пайыздық мөлшерлемені түсіріп қоймай, капитал импортын бақылады және инвестициялық тауарларға төменгі баға ұстағанын айтады.

А. Амсден есептеуінше, “Оңтүстік Корея тәжірибесі экономикалық даму инвестициялау бағытында экономикалық белсенділікті ынталандырушы бағалық диспропорцияны мемлекеттің жасау қабілетіне тәуелді”. 1986 жылы Оңтүстік Кореяда мемлекет 110 тауарға, оған қоса газ, болат, дәрі-дәрмектер, автомобиль, қағаз, теледидар бағаларын бақылады. Осыған байланысты тек дифференциаланған өнім өндіруші фирмалардың баға бәсекелестігін жасау мүмкіндігі болды.

Тайваньда мемлекет жергілікті фирмаларды шығынды азайтуға ынталандыру үшін импорт алмастыратын өнім бағасын реттеді. 1960 ж. жергілікті импорт алмастырушы өнімді орташа әлемдік бағадан 25% жоғары сатуға рұқсат етілді, 1964 ж. – тек 15%, 1968 ж. – тек 10%, 1973 ж. - 5%.

Мемлекеттің баға пропорциясына әсер ету масштабы туралы Малайзия мысалын келтіруге болады, 1987 ж. ішкі бағамен есептелген таза өнім құны әлемдік баға құнынан артық болды: қара металлургияда - 284%, пластмасса өндірісінде - 163%, ағаш өңдеу өнеркәсібінде - 82%, көлік-машина жасауда - 65%, целлюлозды-қағаз өнеркәсібінде - 29%, жалпы машина жасауда - 19%, электротехникалық машина жасауда - 12%.

АҚШ-та бағаны мемлекеттік реттеудің әртүрлі формаларына тоқталды. 1960жж. Дж. Кеннеди әкімшілігі металлургия фирмаларының өніміне бағаның өсуін тоқтату мақсатында қысым көрсетті. Р. Никсон әкімшілігі де 1970 жж. бірінші жартысында бағаны бақылауда кең қанат жайды (қысқа мерзімге). Ұзақ уақыт табиғи газ бірнеше жылдар мұнай өнімдері бағасына мемлекеттік бақылау жүргізілді.

1970 жж. екінші жартысында Канада үкіметі 3 жыл бағаны бақылады (жалақыны қоса). Сонымен қатар инвестициялық үрдіс пен елдің экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында мемлекеттік реттеу тудыратын бағалық диспропорцияны қолдану мүмкіндігі оның әлем шаруашылығына ену көлеміне байланысты азаюда.

2 Қазақстан Республикасында тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолдануды талдау


2.1 Қазақстан Республикасындада тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың қазіргі жағдайы мен мәселелері


Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі тікелей шетел инвестицияларын (әрі қарай ТШИ) тартудың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан экономикасында инвестиция және қолайлы инвестициялық климат құру ең ауыр және өткір мәселеге айналды. Экономиканың көптеген саласы шетел ресурстарын мол көлемде қажет етеді.

Шетел ресурстары экономикалық белсенділікті жандандыру мен экономикалық өсудің тұрақты жолына шығу үшін ғана емес, сонымен қатар экономиканың басты салаларының моральдік және физикалық тозған негізгі қорын ауыстыру үшін қажет.

Өтпелі экономикасы бар елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ТШИ көлемі мардымды емес. Алайда ТМД елдері ішінде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда алдыңғы орынды алады. 1994-2000 жж. Қазақстан экономикасына келген жылдық ТШИ 80 АҚШ долл. құрады, Венгриямен салыстырғанда жан басына келетін ТШИ жылына 220 долл. және Чех Республикасында бұл көрсеткіш 134 долл. құрады. Шетел инвестициясын бұл елдерге тартуда мынадай факторлардың әсет еткені туралы айтқан жөн, Венгрия мен Чехияның Батыс Европаға географиялық жақындығы мен Европалық одаққа қосылу перспективасы, ТШИ ауқымы жоғары.

Компаниялардың өз қызметін осы және басқа елдерде жасау туралы шешім қабылдаудағы мотивтері көптүрлілікпен ерекшеленеді. Шартты түрде оларды екі ірі топқа бөлуге болады. Бір жағдайда фирмалар басқа елде өндірілетін тауар сату және қызмет көрсетумен айналысады, екіншіде – жергілікті нарықта сату немесе басқа елге экспорттау мақсатында, аталған елде өндірістік қуаттарды қалыптастыру құралдарын инвестициялайды. Қазақстан және басқа да бұрынғы социалистік елдер үшін бұл үрдісті іске асыру жолында кедергілер бар. ТМД елдеріне (әсіресе Ресей мен Қазақстан) өз қаржыларын салушы шетел инвесторларының пікірінше ең басты мәселе – қылмыс пен сыбайластық қана емес, қайта-қайта ауысатын салық заңы. Маңыздылығына байланысты келесі мәселелер аталады: несие беруші мен иегердің құқығын қамтамасыз етуге қатысты кедендік реттеу, макроэкономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, дамымаған банктік сектор, бухгалтерлік есеп жүйесі, содан кейін ғана сыбайластық.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметі бойынша Қазақстанға 2000-2012 жылдар аралығында келген ТШИ көлемі 29,9 млрд. АҚШ долл. тұрады. Қазақстанға әр жылдары келген шетел инвестициясының көлемі 1 млрд. АҚШ долларынан кем болмаған.

Тікелей шетел инвестицияларының ең көп ағымы 2012 жылы 4607,6 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2010 жылғы көрсеткіштен 51 млн. АҚШ долл. өскен.

Қазақстан экономикасына тура инвестициялардың өсуі – жағымды жәйт. Жедел қайтарымды және ақылы ақша құралдары болып табылатын портфельді және басқа инвестициялардан ерекшелігі экономиканың нақты секторы дамыту мен, алдыңғы технологиялармен және менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістерін қолданумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, тура инвестициялар Қазақстанның сыртқы қарыздарының пайда болуына әкелмейді.

Әлемнің 40 елі Қазақстанда тура инвестицияларды жүзеге асыруда. Бұл тізімде АҚШ, Ұлыбритания және Италия бар. Қазақстан экономикасына инвестиция салушылар тек дамыған елдер емес, сонымен қатар, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты “Жаңа индустриялды елдер”, дамушы елдер – Чехия, Венгрия және т.б.

Қазақстанға 2000 жылдар басында жеке инвестициялардың экспорты бойынша шетел мемлекеттері ішінде АҚШ бірінші орынға ие болды. Американдық тура шетел инвестицияларының жалпы көлемі 2000-2012 жж. 8,9 млрд. (29,9 пайыз) құрады. Егер 2000жылы Қазақстан экономикасына АҚШ-тан келген инвестициялар көлемі 966,9 млн. долл. құраса, ал 2001 жылы олардың көлемі екі есеге – 412 млн. АҚШ долл. қысқарған. Соңғы төрт жылда олардың көлемі 150-400 млн. долл. өзгерген. 2010 жылдан бастап тікелей шетел инвестицияларының деңгейі өсе бастады және 2012 жылы оның деңгейі 1 млрд. АҚШ долл. жетті.

АҚШ компаниялары, әсіресе, мұнай-газ өнеркәсібінде, электроэнергия өндірісінде, өңдеу өнеркәсібінде, тамақ және темекі салаларында белсенділік танытты.

Келесі ірі инвестор – Ұлыбритания. Қазақстанға ағылшын компаниялары 2000-2012 жж. салған салымдары 4046,3 млн. АҚШ долл. (келген ТШИ-ның 13,6 пайызын) құрады. Бірақ олардың көлемі 2012 жылы 25,7 млн. АҚШ долл., 2012 жылы 622,7 млн. АҚШ долл. өзгерген. 2012 жылдың ішінде капитал салымдарының ағымы 528,5 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2011 жылмен салыстырғанда 101,2 млн. АҚШ долл. көп.

Жаңа индустриалды елдердің ішіндегі ең ірісі – Оңтүстік Корея. Қазақстан экономикасына 1803,5 млн. АҚШ долл. салған. Тікелей шетел инвестицияларының көп ағымы 2010 жылы 720 млн. АҚШ долл., ал соңғы жылдары инвестиция салымы 90 млн. АҚШ долл. аспаған.

Азия елдерінің ішінде Қытай (1235,6 млн.АҚШ долл.) және Жапония (620,6 млн. долл.) салымшылар болып табылады.

Тікелей шетел инвестицияларының ірі салымшылары Италия (2136,9 млн. АҚШ долл.), Швейцария (1862,3 млн. АҚШ долл.), Нидерланды (2193,6 млн. АҚШ долл.), Канада (1089,9 млн. АҚШ долл.) мемлекеттері 2000-2012 жж. 7 млрд. АҚШ долл. салған. ТМД елдері де Қазақстан инвесторлары болып табылады. Олардың салған салымдары 1 млрд. АҚШ долл. құраған.

Кестеде тікелей шетел инвестицияларының үлестері елдер бойынша көрсетілген.Шетел компаниялары үшін ең көп қызықтыратын салалар: шикізатқа бағытталған және салалардағы тез сатып алынатын жобалар, халықтардың сұранысына ие болатын өнімдер.




2.2Қазақстанда инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік қолдау жүйесі


Экономиканың басымды салаларында қызметін жүзеге асырушы кәсіпорындарға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы мемлекеттік қолдау инвестициялық қарекетті тек ынталандырып қоймай, сонымен қатар отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді.

Республикада инвесторлармен жұмыстың құқықтық базасы белсенді дамуда. ҚР мынадай заң мен кодекс қабылданды:

“Инвестициялар туралы” (08.01.03 ж.)

“Банкроттық туралы” (21.01.97 ж. және 03.06.03 ж. өзгерістерімен)

“ҚР Ұлттық банкі туралы” (30.03.95 ж. 10.07.03 ж. өзгерістерімен)

“Бағалы қағаз нарығы туралы” (02.07.03 ж.)

“Бюджетке салық және басқа да міндетті түсімдер туралы” (12.06.01 ж.)

Инвестициялық жеңілдіктер беру 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған “Инвестиция туралы” Заңмен реттеледі. Бұл заң инвестицияның құқықтық және экономикалық негіздерін ынталандырып, Қазақстан Республикасында инвесторлардың инвестиция салудағы құқықтарын қорғап, инвестицияны мемлекеттік қорғау шараларын анықтап, инвесторлардың қатысуымен келіспеушілікті шешу тәртіптерін айқындайды.

Инвестицияны мемлекеттік қолдау шараларының жаңа механизмдері біршама жаңа артықшылықтарға мүмкіндік береді.

Алдымен, Заңда отандық та, шетелдік инвесторларды да бірдей дәрежеде ынталандыру қарастырылған. Инвестициялық жеңілдіктер беру туралы өтініштерді қарау мерзімі қысқартылып (отыз жұмыс күніне дейін уақыт ішінде), оларға мүмкіндік беру тәртіптері оңайлатылды. Сондай-ақ қазіргі заң инвестиция көлемінің минимал шегін қоймайды. Бұл оның, қызметтің басым түрлерінде инвестиция салатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса есептегендігі, қолданылу аясын кеңейтеді.

Шетелдік және отандық инвесторлардың теңдігі мемлекеттік ұйымдардың тексерулерін жүргізгенде, инвестициялық таластарды шешуде, табыстарды есептеп, бөлуде, сондай–ақ Мемлекеттік ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардың әрекетімен келген зияндарды қайтаруда әділетті болады.

Заңға сәйкес өкілетті органмен контракт жасауға төмендегідей инвестициялық преференциялар беріледі:

1. инвестициялық салықтық преференциялар;

2. кедендік баж салығынан босату;

3. мемлекеттік натурлық гранттар.

Инвестициялық салықтық преференциялар белгіленген активтегі инвестиция көлеміне тәуелді анықталатын мерзімге беріледі, бірақ та он жылдан артық емес.

Заңға сәйкес төмендегідей салықтық преференциялар беріледі:

- Корпоративтік табыс салығына преференциялар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуға немесе жылдық жиынтық табыстан, преференцияның күші болатын мерзімге тәуелді, белгіленген активті пайдалануды енгізу бағасын бірдей үлеспен шегеруге мүмкіндік береді.

- Мүлікке салық преференциялары бойынша инвестициялық жоба шеңберіндегі белгіленген активті жаңадан пайдалануды енгізгенде салық төлеушіге мүлікке салық төлеуден босату құқығын береді.



  • Салық салынатын обьектінің салықтық базасы болып, бухгалтерлік есептің мәліметі бойынша анықталатын, салық салынушы обьектінің орташа жылдық қалдық құны есептеледі. Заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлер мүлікке салықты салық салынушы обьектінің орташа жылдық құнының 1%-ын есептейді.

- Жерге салық преференциялары бойынша салық төлеушіге инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін алынған және қолданылатын жер учаскелеріне жер салығын төлеуден босату құқығын береді.

Қолданылатын заңнамаға сәйкес жердің белгілі-бір категориялары салық төлеуге жатады. Бұл жағдайда, әрбір жеке категориялар үшін базалық салық ставкасы, белгілі-бір критерийлер негізінде анықталады:

- Ауылшаруашылық қызметтерге арналған жерлер үшін базалық ставкалары 1 гектарға есептелген және топырақтың құнарлылық сапасы мен бонитет балына сараланған. Базалық ставка мөлшері бонитет балы 1 болғанда, 0,48 теңгеден, 100 балл болғанда 202,65 теңгеге дейін ауытқиды.

- Елді мекендердің жерлері үшін (тұрғын үй фондылары мен құрылыс жерлерін қоса есептелгенде) – базалық ставкалар орналасқан жеріне байланысты 1 шаршы метр ауданға есептегенде ауылдық жерлердегі тұрғын үй фондыларында 0,09 теңгеден Алматыдағы жерлерде 28,95 теңгеге дейін ауытқиды.

Инвестициялық салық преференцияларының қолданыла басталу мерзімі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келісімшартпен белгіленеді.

Арнайы салық режимі қолданылатын заңды тұлға қызметі үшін, сондай-ақ келісімшартпен жер қойнауын пайдаланушылар үшін инвестициялық салықтық преференциялар берілмейді.

Мемлекеттік натурлық грант берілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына белгіленген активке байланысты инвестициялық салықтық преференциялар берілмейді.

Кедендік баж салығынан босату инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін керекті құралдар мен оларға қажетті қосымша бөлшектерді импорттау кезінде болады. Мәселен:

- Қазақстан Республикасы аумағындағы балама құрал-жабдықтар мен оған керекті қосымша бөлшектерді шығармайтын болғанда;

- Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектерді Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті мөлшерде шығармайтын болғанда;

- Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектердің белгіленген жоба шеңберінде қойылатын талаптарға сәйкеспейтін болғанда.

Кедендік баж салығынан босату мүмкін болатын ұзартуларымен бір жылдық мерзімге, бірақ та контракт тіркелгеннен бастап бес жылдан артық емес уақытқа беріледі.

Кедендік баж салығынан босату және оның мерзімін ұзарту туралы шешімді инвестиция туралы құзіреті бар ұйым шығарады.

Қолданылатын заңнамаға сәйкес кедендік баж салығының ставкасы жалпы кедендік–тарифтік саясат шеңберінде белгіленеді және СЭҚ КС кодтауға сәйкес бекітіледі. Қазіргі кезде 11 мыңға тарта тауарлық ұстаным бар.

Экспорттық баж салығы ІМҚ терісін және металл сынақтарын шығарғанда ғана салынады.

Қазіргі кезде импорттық баж салығы бойынша кедендік қорғау (импорттық баж салығының орташа ставкасы) 7,9% құрайды.

Мемлекеттік натурлық гранттар Заңда бекітілгендей Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын жекеге немесе қолдануға беруді басқару аясындағы сәйкес мемлекеттік органдардың келісімімен құзыретті органдармен беріледі.

Мемлекеттік натурлық гранттың максимальді мөлшері Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның белгіленген активтегі инвестиция көлемінің (инвестициялық жобаның мөлшері) 30 пайызынан аспау керек.

Инвестициялық климаттың жақсаруы Үкіметтің қызметіндегі артықшылықты істердің бірі болуы, халықаралық эксперттердің бағалауынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында реформаны жүзеге асыруда көшбасшы деп танылды.

Қазақстан нарықтық экономикалы ел ретінде Европамен де, АҚШ-пен де мойындалды.

Қазақстанға екінші жыл Шығыс Европа деңгейіне сәйкес келетін инвестициялық рейтинг берілді.

2002 жылдың қыркүйегінде жетекші халықаралық “Mood’s” рейтингтік агенттігі Қазақстанға инвестициялық категорияға жататын жаңа несиетік рейтинг берді.

2003 жылдың мамырында “Standart and Poors” агенттігі Қазақстанның шетелдік ұзақ мерзімді “ББ”-дан “ББ қосуға” дейін валюталық міндеттемесі бойынша несиетік рейтингісін және ұлттық валюта бойынша несиетік рейтингісін өсірді.

Рейтингтік агенттіктің есебінше, рейтингтің өсуі республиканың тұрақты экономикалық өсу тенденциясын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет дифициті мен сыртқы бережақты төмен деңгейде ұстау бағытындағы мемлекет жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін көрсетеді.

Мемлекеттің нарықтық реформаларға ерекше көңіл бөлуі банк секторына деген сеніммен қатар жүруі қаржы секторын күшейтеді.

Сонымен қатар, экономика мен бюджеттің теріс, қолайсыз жағдайларға тәуелділігі бірте-бірте төмендеуде деп көрсетеді рейтингтік агенттік.

Инвестициялардың өсуінің жалғасуына байланысты, мұнай-газ секторындағы өндіріс пен экспорт өсуі, мұнай бағасының түсіп кетуі жағдайында да Қазақстан жоғары экономикалық өсуді күтеді[10].

2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары

Қазіргі кездегі тура халықаралық инвестицияларды тарту саясатының негізгі мақсаты модернизация мен құрылымды қайта құруға, халықтың жоғары сапалы өмір сүруіне шетел капиталын қолдану арқылы қол жеткізу.

Алайда ТШИ тартуды қолдануда республикада бірнеше мәселелер бар:

1. ТШИ құрылымы қазіргі таңда шикізаттық бағытта және кәсіпкерлерді тек жоғары рентабельді жобалар қызықтырады. Бірде-бір кәсіпорын мұнайды максимальды өндіру технологияларын қолдану, кен орындарын тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Бүгінгі таңда Қазақстанға деген қызығушылықты шикізат байлығына ғана танытуда.

2. Аймақтық талдау аймақтардың инвестициялық рейтингі жергілікті билік күшімен әлсіз анықталады. Бұл дегеніміз, яғни ынталандыру тетігі әлі күнге дейін орталықта. Аймақтар экономикалық шешім қабылдауда өз алдыңа тәуелсіз емес.

3. Шетел инвестициялардың шикізаттық бағыты республика экономикасының құрылымындағы диспропорцияны онсыз да ұлғайтуда, елдің қауіпсіздігін бұзуда. Пайданың көп бөлігі шетелде қалуда (оның ішінде дайын күйде: мұнай өнімдері, металл өнеркәсібі, түсті металл және с.с Қазақстан экспортының негізгі салалары). ТШИ бұл жағдайда елдің сыртқы борышында көріне бастады және экономикалық өсуге түрткі болмайды.

4. ТШИ “Капитал ағымына” трансформациялануы. Тәжірибеде, талдау көрсеткендей шетел және БК шетел капиталының үлкен ағымына әкелмейді. Жергілікті ресурстарды қолданғаннан кейін түскен пайда басқы компанияларға жіберіледі. Мұндай қызмет ТШИ мақсатына қайшы келеді, шын мәнінде, ешқандай пайда әкелмейді, керісінше “капитал ағымы” орын алады.

Сөйтіп, ТШИ “әдемі статистикасы” бұрмаланған, ал ТШИ көбіне жаңа технологиялардың, жұмыс орындарының және тәжірибенің ағымын емес, сауда-коммерциялық шағын кәсіпорындардың келіссіз формасын білдіреді. Шикізаттық салаға ірі компаниялардың келуі елге валюталық түсімдердің азаюынан сыртқы қарызының өсуіне әкеледі. Егер де, сыртқы қарыздануда айтарлықтай мәселелер жоқ және оның шектеушісі болып мемлекет бола алады, тәуелсіз кәсепкерлік инвестицияларда жағдай неғұрлым күрделі. Шетел инвестициясының ағымына негізгі ынталандыру болып тек қолайлы инвестициялық климат бола алады. Әйтпесе, ағым өзінің шекті шамасына жеткен соң сапалық срезде өзінің шекті мәніне жетеді (шикізаттық кәсіпорын санымен және шикізаттық қор өлшемімен байланысты) [11].

Әрбір дамушы елдің экономикалық дамуының болмысы сыртқы қаржыландырудың көзі ретінде ТШИ басымдылығымен анықталады.

ТШИ тартудың мүмкін жағымсыз жақтарын обьективтік бағалаудың маңыздылығы – бұл үрдістің барлық мүлігін толығымен пайдалануға мүмкін болады. ТШИ тартудың жетілдіру үрдісінің практикалық және теориялық мәселелерінің кейбіріне тоқталайық.

Кейбір экономистердің пікірінше, жақын арада шетел инвесторларының дивиденд республика экспортының маңызды бөлігін құрайды, яғни сыртқа шығарылатын өнім көлемінің номиналды өсімі экспорттық валюталық табысты теңбе-тең өсімімен ере жүрмейді, ол төлем балансының ағымдық шотында теріс әсер етеді.

Өлшеулі ағымның себебін талдай келе бірінші кезекте инвесторлардың түсініктемелеріне қарау керек.

Отандық және шетелдік мамандардың бағасы бойынша инвесторларды бәрінен бұрын мына факторлар тоқтатады:

- елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;

- тұрақтық құбылмалы және тиянақсыз заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы;

- экологиялық норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде саясаттың жоқтығы;

- транспорттық инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстан мен сыртқы әлем арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі;

- Қазақстаннан сыртқы нарыққа құрлықпен тауар тасымалы үшін жер үсті тасымалы жүйесінің (мұнай құбыры мен газ қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі.

Осы қорытындыларды растайтын басқа да зерттеу нәтижелерін келтірейік.

Шетел инвестициялары бойынша Кеңестік қызметтің тексеру мәліметіне сәйкес кейбір инвесторларда ел туралы жағымсыз түсінік қалыптасқан. Осы зерттеулер бойынша теріс факторлар келтіріледі:

1. Инвестициялық жобаларды іріктеудің жетілмеген, тәртіпсіз, шиеленіскен жүйесі әлеуетті инвесторларды болашақта инвестиция салудан бас тартуға мәжбүр етеді.

2. Шетел инвесторларына ықыластың кәсіпкерге емес, қаржылық құралдардың, салықтық түсімдердің көзіне деген қарым-қатынас.

3. Шиеленіскендік, қайшылық, заңды аумалы-төкпелі қолдану және толығымен елемеу.

4. Заңды сақтау мен келісімшарттық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сенімді механизмдерінің жоқтығы.

5. Инфрақұрылымның шетел фирмаларының қажеттілігіне сәйкес келмеуі.

6. Корпорациялар үшін тұрақсыз, әрдайым өзгеретін салық режимі.

Салық және инвестициялар бойынша Халықаралық орталықтың батыстың ірі инвесторлары арасында жүргізген әлеуметтік сұрау нәтижелері газет бетіне жарияланып, Қазақстанның іскерлік қызығушылық білдіретін келесі бес себебін анықтады:

- ірі нарықтық әлеует;

- табиғи ресурстардың молдығы;

- стратегиялық іскерлік орналасуы;

- аймақтағы басқа бәсекелестердің алдына шығу тілегі;

- инвестициядан түсетін әлеуетті пайда көлемі.

Сұраудың нәтижесі бойынша неғұрлым тартымдылау болып төмендегілер табылады:

- мұнай мен газ қоры;

- өндіріс;

- қызмет саласы (бухгалтерлік есеп және заңды қызметті қоса);

- тұтынушылық кооперация.

Сонымен қатар, шетел инвесторларын іскерлік мәселені шешудің бюрократиялық әдісі, қаржылық тәуекелділік, тарифтік барьерлер, шаруашылық қатынастарға қатысты заңдық актінің жиі өзгерісі мен әлсіз инфрақұрылым тежейді, кей кезде үркітеді.

ТШИ теориялық пайдасының практикаға сәйкес келмеуі және бұрмалануы келесі мысалдан көрінеді, инвестор жергілікті жұмыс күшін қолданбайды, өз елінен импорттайды. Мысалы, қонақ үй және туристік кешендердің құрылысын инвестициялаушы жақ жұмыс күшін өз елінен әкеледі. Елге жаңа технологиялар аз тартылады. Тіпті акцияның бақылау пакеті мен кәсіпорынды сатып алуда инвесторлар өндірістік аппаратты жаңартуға асықпайды. Көне жабдықтан бәрін күтеді және сығып алады. “Ноу-хау” – технология деңгейінде салмақты капитал салымының жоқтығы инвестицияның қысқа мерзімді екенін, инвесторлар мүддесінің уақытша екенін білдіреді [12].

Нәтижесінде қазіргі уақытта бірде бір біріккен немесе шетел кәсіпорындары мұнай өндірудің максимальді коэффициенті мен өндірілген өнімнің толық қолданылуын қамтамасыз ететін кен орындарын толық зерттеу, технологиялық сұлба өңдеу жұмыстарын орындамайды.

Жер қойнауы байлығын қолдану барысында біріккен кәсіпорын құру барысында қазақстан қатысушылары БК қызметін қиындататын, кей кезде құлдырауына әкелетін әртүрлі қателіктер жіберілді және жіберілуде. Іс жүзінде тіркеу мәселелерінің келісімшарттық мәселелерімен араласып кеткені байқалады. Нәтижесінде, көптеген жарғылық құжаттардың көбінде салық салу мәселелері және құрылтайшылар компитенциясына енбейтін экономикалық көрсеткіштер бар.

Сөйтіп, ТШИ тартуда көңіл көншітерлік жағдай, кейде статистикаға қарамастан әлі де мардымсыз.

Екінші жағынан, бұл жағдайды түзетуде ешқандай шаралар қолға алынбауда деп айтуға болмайды.

Шетел инвестицияларын тартуда ең басты бағыт ақырғы өңдеу салалары. Қазіргі таңда Қазақстанда рудалардың, минералды шикізаттың, жанармай – энергетикалық ресурстары сирек кездесетін асыл металдың қоры, пайдалы қазбаны өңдіру мен алғашқы өңдеудің қуатты индустриясы бола тұрып, машина жасау базасы, жоғары тауарлық дайын өнім өндіру өндірісі жоқ. Республикада білім сыйымдылықты техникалық күрделі өнім өндіретін сала жоқ, халық тұтынатын тауар индустриясы әлсіз дамыған, химия өнеркәсібінің ауылшаруашылық өнімін өңдеу әлеуеті жеткілікті пайдаланылмайды. Өнеркәсіптің алдыңғы салаларында – қара және түсті металлургия, химия кешенінде энергияны көп қажет ететін, экологиялық лас технологияларды, моральды және физикалық тозған жабдықтарды қолдану үлесі жоғары [13].

Осы мәселелерді шешу үшін және экономикалық дамуға жету үшін, сонымен бірге экономиканы шикізаттық бағыттан ауытқу үшін ҚР–ң 2003-2015 жылдардағы индустриалды–инновациялық даму Стратегиясы жасалды. Индустриалды–инновациялық дамуға қатысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты мемлекеттің қолдауынсыз жеке сектордың әлі жетпейтін салаларға инвестиция тарту мен қолданудың сәйкес механизмдері мен қаржыландыру көзін анықтау Стратегияда көрсетілген.

Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу шикізаттық емес өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияны жүзеге асыру және жеке инвестицияларды ынталандыру шараларының кешенін қарастырады.

Перспективті жобаларды табу бойынша потенциалды инвесторларға да, кәсіпорындарға инвестициялық жобаларды дайындауға көмек көрсететін аймақтарда тікелей ақпараттық-консультативтік орталықтарды құру үшін жұмыстар жүргізіледі.

Ақпараттық-презентациялық шараларды өткізуден басқа, инвесторлармен, әсіресе, индустриалды-инновациялық дамудың ірі инвестициялық жобаларын бірігіп іске асыратын трансұлттық компаниялармен тығыз қарым-қатынасқа көшу қажет.

Инвестициялық қарекет үшін жағымды ортаның қалыптасуына әсер етуші болып ең алдымен, экономикалық және саяси тұрақтылық, жеке секторды қолдау, инфрақұрылым мен банк жүйесінің дамығандығы, сонымен қатар шетел инвесторларына қатысты заңнаманың нақтылығы мен тұрақтылығы табылады.

Біріккен кәсіпорын құруда жаңа әдістер, олардың қызметінде радикалды өзгерістер қажет. Біздің ойымызша ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекеқабілетті дайын өнім өндіруші біріккен кәсіпорындарға белгілі дәрежеде мемлекеттік көмек көрсетілуі тиіс.

Тіпті ең дамыған елдерде де біріккен кәсіпорындарға қолдау көрсету сыртқы экономикалық саясатта лайықты орынға ие. БК-ға тегін немесе мардымсыз арендалық ақыға бос жерлер мен ғимараттар беріледі. Энергия, су және жылу тарифтерін төмендету.

Осындай протекционистік саясатты барлық деңгейдегі әкімшілік басшыларының ұстанғаны дұрыс. Бұл жаңа жұмыс орнының пайда болуына, бюджетке түсімдердің ұлғаюына әкеледі.

Батыс прессаларының хабарламаларының негізінде қалыптасқан пікірге байланысты, қазақстанда шынымен жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету үшін әлі де жұмыстану қажет екеніне қарамастан, тікелей шетел инвестицияларытартымды болып табылады.

Мәселелердің айтарлықтай кең шеңбері бар, алайда неғұрлым маңыздылары мүмкіндігінше жедел шешімін табу қажет. Абсолютті приоритетті міндет- салық заңнамасын тәртіпке келтіру. Инвестицияны қай жерде жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде инвесторларды салықтық жеңілдіктер қызықтырмайды, ашық және ақылға сыятын салықтық жүйе қажет [14].

Қорытындылай келгенде, басты мәселелердің бірі кеден органдарының жұмыстарын ретке келтіру болып табылады, өйткені инвесторлардың айтуынша бұнда сыбайластық пен немқұрайдылық қалыптасқан.

Сонымен, тура инвестициялардың көп бөлігі өндірістік салада шоғырланғанына қарамастан, олардың салалық құрылымы отын-энергетикалдық кешенінің гипертрофиялық жағына бағытталғаны байқалады.

Осы құрылымдық бұрмалаушылықтың өзгермеуінің басты себептерінің бірі-қазақстандық экономиканың даму приоритетін анықтаушы және шетел инвесторларын тартуда сараптаушы әдісті жүзеге асырушы экономикалық саясаттың нақты шараларының жоқтығы.

3 БАСЫМДЫ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ



3.1 ҚР инвестициялық іс-әрекетін шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру



Шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі.

Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы [15].

Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екенін көрсетті, маңыздылары келесілер табылады:

- саяси тұрақтылық;

- елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;

- қолайлы инвестициялық климат;

- басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі мен мүмкін табыс көлемі;

- құқықтық қорғалуы, ашықтығы және тұрақтылығы;

- жарамды, қолайлы өндірістік және нарықтық инфрақұрылым;

- табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;

- валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.

Теріс тенденциядан құтылып және тура шетел инвестицияларының өсуіне қол жеткізу үшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан үшін енуі қажет шаралар:

- қызмет етуші шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін жеке салалар мен аймақтарда құру (жеке жағдайда өнім бөлу механизмін шыңдау және нақты жұмыс істеуші еркін экономикалық аймақтар құру);

- жергілікті билік пен шаруашылық субъектілер арасында меншікті нақты айқын бөлу;

- тұрақты экономикалық және сыртқы сауда заңнамасын құру, концессия және өнімді бөлу бойынша нормативті базаны қоса алғанда;

- салық ауыртпалығын төмендету мен салық құрылымын оңайлату;

- жерге жекеменшік енгізу;

- шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін құру;

Инвестициялау процесінің негізін салымның басымды бағытын анықтау мен сәйкес қаржыландыру көзін табу құрайды.

Приоритетті бағытты және бағдарламалық шараларды таңдау барысында мыналарды есте ұстаған жөн:

- бұрын құрылған материалды-техникалық базаны, өндірістік қуатты және жабдықты тиім қолдану мүмкіндігі;

- қызмет етуші жұмыс орындарымен толықтыру және жаңа орындар құру;

- экспортты-жарамды өнім үлесін ұлғайту;

- инвестиция қайтарымдылығы және ең алдымен, жоғары қор қайтарымдылық есебінен капитал салымының мерзімін қысқарту;

- әртүрлі көздерден инвестиция тарту мүмкіндігі.

Бюджеттен тыс инвестициялар үшін мемлекеттік приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын басуы керек. Аталған мәселе бойынша макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады: мынадай жағдай қалыптасқан, инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатырғанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде.

Инвестиция салу туралы шешім қабылдауны негізгі шарт инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау. Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де, жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

- республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

- халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру;

- инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;

- үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;

- әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

- инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;

- есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;

- аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.



3.2 2010-2012 жылдарда республикада индустриалды инновациялық даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары


Қазіргі кезде мемлекет тарапынан инвестицияны ынталандыру шараларында кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін экономиканың шикізаттық емес секторында кешенді түрде қолдауға көңіл бөлінуде.

Инвестицияны мемлекеттік қолдаудың бірыңғай жүйесі шеңберінде, мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыратын, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіптің дамуын, сыртқы және ішкі инвестицияларды елімізге тартуды ойластыратын даму институттары жұмыс істеуде.

Қазақстанның Даму Банкі ұзақ мерзімді және орташа мерзімді төмен пайыздық несиелер беру, соның ішінде экспорттық, сондай-ақ басқа да несиелік институттар ұсынатын зайымдар мен несиелерге гарантиялық міндеттемелер алу сияқты, жеке сектор мен мемлекеттің инициативасын қаржылық қолдауды жүзеге асырады.

Қазақстанның Даму Банкінің жұмыс істеу себебі, қаржылық жүйе едәуір дәрежеде тәуекелділік пен банк жүйесінде пайыздық мөлшерлемені төмендету қажеттілігінен экономикаға ұзақ мерзімді және төмен пайзды несиемен қамтамасыз ете алмайтындықтан болып отыр. Сондай-ақ ҚДБ өз қызметін кең түрде инфрақұрылым, әлеуметтік және аймақтық жобаларды орындауға шоғырландырады және де Банк ұсынатын инвестициялық жобаға несиенің минимальді көлемі 5 млн. АҚШ долларына барабар.

Қазақстанның Инвестициялық Қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстандық болсын, шетелдік болсын кәсіпорынның жарғылық капиталына бөлшектік және бақылаусыз қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес жеке секторының инициативасына қаржылық қолдау көрсету.

Жеке секторда қажетті қаражаттың жетіспеуі жағдайында, жобаны қаржыландыруды жеңілдету үшін ҚИҚ жарғылық капиталға қатысу арқылы (акция сатып алу) бірге қаржыландыра алады, бірақ та бақылау пакетіне ие болмайды.

Оның өзі ҚИҚ-ң жаңа өндірістің тууына ықпал етіп қоймай, соның ішіне жоғары технологиялы бағалы қағаздар нарығының дамуына да мүмкіндік береді.

Инновациялық қор нарықтық экономиканың венчурлық қызметін ынталандыруға бағыталған, ал бұл керек десеңіз кейбір дамыған елдерде толық дәрежеде жоқ екен. Бұл қызмет әсіресе ақпараттық сектор, электроника, биотехнология және т.б. сияқты экономиканың жоғары технологиялы салаларын құру мен дамытуға керек. Қор қызметінің басты мақсаты инновациялық белсенділікті арттыру, Қазақстан Республикасының жоғары технологиялы және ғылымды көп керек ететін өндірісті дамыту.

Қордың негізгі міндеттері:

- инновациялық инфрақұрылым элементтерін жасауға қатысу (технополистер және технопарктер, ақпараттық-талдау орталықтары т.б.);

- отандық және дүниежүзілік деңгейдегі ірі венчурлық инвесторлармен бірге венчурлық қорлар құру;

- жоғары технологиялық және ғылымды көп қажет ететін өнімді өндіру, жаңа технологияны дайындау мақсатында құрылатын және қызмет етіп жүрген кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу;

- грант ұсыну арқылы, экономикалық-технологиялық дамуы және коммерциялық тиімділігі тұрғысынан әлеуетті-перспективалы саналатын, қызмет көрсету, тауарлар, жаңа технологиялар жасауға бағытталған жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжірибе конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

Экспортты сақтандыру корпорациясының негізгі міндеттері саяси және реттеуші тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен қазақстандық өндірушілердің тауарларымен қызмет көрсетулерін экспорттауға тікелей ықпал ету.

Экспортты сақтандыру корпорациясы қазақстандық өнімдердің экспортының дамуы үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, потенциалды өткізу нарығы туралы ақпараттарды анықтайды және таратады. Бұл қаржылық және әкімшілік көзқарастар тұрғысынан экспорттық транзакцияны жеңілдету бағытында бүкіл дүние жүзі мойындаған құрал болып табылады.

Мемлекеттік органдар мен жоғарыда айтылған Қазақстандық дамыту институттарының өзара байланысының көрсеткіші деп инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын алуды айтуға болады. Тура инвестицияның қатысуымен инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыруға артықшылықтар беріледі.

Жалпы алғанда тұрақты қызмет етуі орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестік принциптеріне негізделген даму институттары біртұтас жүйені құрайды.

Одан басқа, сервистік даму институттары маркетингтік және аналитикалық зерттеу Орталығы мен инжиниринг және трансферттік технология Орталығы құрылып, олар мемлекет жүргізетін индустриалды-инновациялық саясатты экспертті-аналитикалық және техникалық қолдауды іске асыруы тиіс.

Маркетингтік-аналитикалық зерттеу Орталығының міндеті – бәсекеге қабілетті салалар мен жаңа өндіріріс үшін нарық пен орындарды анықтау.

Инжиниринг және трансферттік технология Орталығының негізгі міндеті – технологияны трансферттеу жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновациялық дамудың инфрақұрылымын жасау.

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып экономикалық дамуды басқарудың принципті жаңа жүйесі – Ұлттық Инновациялық Жүйені (ҰИЖ) құра бастады.

ҰИЖ негізгі төрт элементтен тұрады. Бұл ғылыми потенциал, инновациялық кәсіпорын, қаржылық және инновациялық инфрақұрылым.

Бұл жүйеде технопарктер маңызды орындардың бірін иемденеді, өйткені олар тиімді ортаны жасауға бағытталған, яғни, ірі кәсіпорын болсын немесе жекеленген ғалым болсын қазіргі заманғы ғылыми талдауларды жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болады. Бұл – салықтық преференциялар, өндірістік және офистік алаңдарды жеңілдікпен арендалау, алдыңғы қатарлы зертханалық қондырғылар, маркетинг бойынша кәсіби кеңестер алу, патент алу, т.б.

Қазақстандағы технопарктер жүйесін дамыту Концепциясына сәйкес олар екі деңгейде қалыптастырылмақ: ұлттық және аймақтық деңгейдегі парктер.

Қазіргі кезде үш арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар, олар салықтық және кедендік преференциялды режимінде қызмет етеді. Мәселен каспий аймағында орналасқан “Ақтау теңіз порты” АЭА шеңберінде теңізбен тасымал базасы, теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс объектілері мен өндірісін жасау жобасын жүзеге асыруда. “Астана – жаңа қала” АЭА шеңберінде Астананың сол жақ жағалауында тұрғын және өндірістік объектілер құрылысының жобалары жүзеге асырылуда. Алматы түбіндегі Алатау ауылында ұлттық деңгейдегі парк – ақпараттық технология Паркі жұмыс істей бастады.

Үш аймақтық технопарктер: Оралда “Алгоритм”, Қарағанды және Алматыдағы аймақтық технопарктер қалыптаса бастады.

Шетелдік инвесторлар мен даму институтының қатысуымен жаңа жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Дамыған шетелдер мен көрші Ресей аймақтарындағы алдыңғы қатарлы өндірістік компаниялармен келісімдер жүргізілуде.

Кәсіпорындарды ынталандыру бағытында салықтық заңнамаларға өзгерістер мен қосымшалар жасау ойластырылуда.

Инвестициялық климаттың тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық жобаны іске қосқан күннен бастап он жылға дейінгі мерзімде корпоративтік салықтан босату нормасы енгізілуде.

Тозған негізгі қорларды жаңартуға ынталандыру үшін амортизациялық есептеулердің жаңа әдістеріне көшу жоспарлануда.

Қорытынды
Курстық жұмысты зерттеу барысында келесідедей қорытынды шығаруға болады:


  1. Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда

(табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

  1. Теориялық көзқарастан инвестиция екі топқа бөлінеді:

  • тікелей (тура)

  • портфельді.

3. Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:

- өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;

- осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі;

- республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы.

Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары.

4. Инвестицияның басым бөлігі тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, электроэнергия және су өндіру және бөлу, құрылысқа салынып отыр. Инвестициялық климатты жақсартуда республиканың банктік жүйесіннің рейтингін жоғарылату оң жағдай тудырды. Қазақстанның бәсеке қабілеті жоғары және банктік тәуекелі аз ірі банктері ат салысуда. Олар: “Казкоммерцбанк”, “БанкЦентрКредит” және т.б.

Қазақстан экономикасының нақты секторын мемлекеттік қолдау болашақта мемлекеттік инвестициялық ресурстардың ұтымды бөлінуіне байланысты тұрақты кеңиді.

Қазіргі кезде инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу барысында келесі негізгі қиыншылықтар байқалады:

- елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;

- тұрақтық құбылмалы және тиянақсыз заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы;

- экологиялық норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде саясаттың жоқтығы;

- транспорттық инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстан мен сыртқы әлем арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі;

- Қазақстаннан сыртқы нарыққа құрлықпен тауар тасымалы үшін жер үсті тасымалы жүйесінің (мұнай құбыры мен газ қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі.

Осы қиыншылықтарды шешу жолдары болып келесілерді келтіруге болады:



  1. Елдегі еркін экономикалық аймақтар санын ұлғайтып,

инвесторларды қолдауды одан әрі жалғастыру;

  1. Заңдық базаны тұрақтандыру, олардың орындалуын бақылау;

  2. Мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе салық инспекторлары, құқық

қорғау органдары қызметкерлерінің өз ісіне тиянақты, адал болуын қадағалау. Жоғары квалификациялы және компетентті мамандар дайындау.

  1. Инфрақұрылымды шетел фирмалары қажеттіліктеріне

сәйкестендіру. Оларға тек қаржы көзі деп қарамай, басшыларының тәжірибесін, менеджерге тән біліктілігін отандық инвесторларының үйренуін алға қою қажет;

  1. Ақпараттық-таныстыру шараларын өткізумен қатар, ірі

Тізімделген шаралар уақытында, толығымен орындалуы экономикамыздың қарқынды дамуына әкелетіні анық және оған толық мүмкіндік бар. Еліміз жер асты, жер үсті байлығына өте бай. Шикізаттық сектормен қатар экономикамыздың ақсап тұрған салаларын дамыту арқылы қуатты серпіндер болатынына толық негіз бар.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ





  1. “Инвестициялар туралы” Қазақстан Респуликасы Заңы 2003 ж. 8 қаңтар.

  2. Шетел инвестициярлары туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1994 жылы 27 желтоқсан № 226.

  3. Мыльник Д.Г. Инновационный менеджмент - М.:2001

  4. Қазақстан Респуликасы Конституциясы. Алматы, 1998 ж.

  5. Қазақстан Респуликасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995 ж.

  6. “Қазақстан-2030” Стратегиясы. Алматы, 1997 ж.

  7. Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1997 жылы 28 ақпан.

  8. Экономиканың басым салаларында инвестициялық іс-әрекетін жүзеге асырушы инвесторлармен елісімшартқа отыру барысында жеңілдіктер мен преференциялар беру процедураларын жеңілдеті туралы. Қазақстан Респуликасы Инвестиция жөніндегі Агенттігі төрағасының бұйрығы. 2000 ж. 14 сәуір.

  9. Индустрия және сауда министрлігінің, инвестиция жөніндегі комитетінің статистикалық және аналитикалық мәліметтері.

  10. Инвестицияны тиімді бағалау. / Саясат.-2003 -№ 10.

  11. Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация. // МЭ и МО-2003-№2 б.42-47.

  12. Сараев А. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері // Ақиқат.-2000-№4-72-75 б.

  13. Доронина А.Г. Регулирование иностранных инвестиций. // проблемы международного частного права. – М:2000

  14. Мороз С. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы // Қазақстан жоғары мектебі – 2003-№1 б. 161-166.

  15. Инвестиционная активность как главный индикатор // Евразийское сообщество -2004-№1-б 1033-108.

  16. Караваев В. Шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу // Проблема теории и практики управления.-2002-№2

  17. Инвесторлар мүддесі мен мемлекет мүддесінің оңтайлы арақатынасы // Егемен Қазақстан.-2000 ж. 9 желтоқсан.

  18. Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента - Алматы: Ғылым, 1999-264 б.

  19. Каренов Р.С. Производственный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1996-232 б.

  20. Каренов Р.С. Инновационный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1997-184 б.

  21. Каренов Р.С. Государственное регулирование экономики – Алматы: Ғылым, 1998 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...