Ж XIX.ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия К. Ясперстің тарих философиясы. Карл Ясперс

Loading...


бет2/6
Дата05.05.2021
өлшемі39.38 Kb.
1   2   3   4   5   6
Тарих философиясы — («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.

Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие:

біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.

Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Тарих философиясы философиялық ілім тармақтарының бірі ғана емес, тарихи процестің мазмұны өзіндік философиялық көзқарас пен пайым-даудың тақырыбына айналған кездегі тарихи материалға қатысты ерекше көзқарас. Өзгермелі заман, қарқынды әлеуметтік құрылымдар, көшпелі мәде-ниеттер контекстіндегі адам пән ретіндегі тарих философиясының негізгі мазмұны болып табылады. Адамзат тарихына қатысты философиялық көзқарастардың дамуы көптеген ғасырлар бойына – Конфуций мен ЛаоЦзы, Платон мен Аристотель кезеңдерінен бастап өріс алды. Философиялық ілімнің арнайы бөлімі ретіндегі тарих философиясының бастапқы нүктесі ретінде Гегельдің «Тарих философиясы бойынша дәрістері» саналады. Гегель ХІХ ғасырдың басында батыс еуропалық ойшылдары арасында бірінші болып философия мен тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи процестің парасаттылығы тұжырымдамасын – тарих барысына алғаш тарихи берілген бағаны әзірледі. Еуропада тарих философиясына қызығушылық Француздық Ағарту дәуірінде пайда болды. «Тарих философиясы» термині Вольтермен енгізіліп, дүниежүзілік тарих туралы философиялық пікірлер жиынтығын олардың қажеттілігі мен заңдылығының арнайы философиялық-теориялық негіз-демесінсіз қамтып келді. Деректерді білу ретіндегі сипаттау тарихы мен та-рихи процестің теориялық қайта құрылуы арасындағы айырмашылықтардың дәлелдемесін Ж.-Ж.Руссо берді. Бірақ оған дейін Д.Вико «жаңа ғылыммен» зерделенетін «мәңгілік мінсіз тарихты» түрлі халықтардың эмпирикалық тарихынан бөліп ажыратты. Материалистік негізде тарих философиясын К.Маркс жетілдірді. ХХ ғасырда білімнің бұл саласына үлкен үлес қосқандардың қатарында К.Ясперсті, А. Тойнби мен У. Ростоуды атауға болады. Қазіргі тарих философиясы – бұл қоғамның табиғаттан ерекше дамуы-ның сапалық өзінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салы-стырмалы дербес саласы. Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады:

• тарихтың мәні мен бағытталуы; • қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері; • тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері; • тарихи процесс ілгерілеуі.

Ясперс үшін әлем уақыт аралығында берілген нақты болмыс және әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік жағдайымен ерекшеленеді. Тарихи нақтылық та сол себепті біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну үшін, адамды ұғыну керек, адами болмыс өзін уақыт аралығында – тарих арқылы танытады.Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен таралып келгендігін айта кету керек, дегенмен, бұл Фихтенің қосқан үлесі деп айтуға болмайды, сірә, бұл экзистенциализм өкілдерінің қазіргі философияға қосқан үлесі болса керек.

К.Ясперстің өзі тарих – бір дәуірден екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды. Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат бірлігін түсіндіру үшін, Ясперс бүгінде кеңінен танымал болған «ордалық дәуір (осевая эпоха)» ұғымын енгізеді (б.д. дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл кезеңде адамзат тарихы өзінің жеке құрылымына ие болады.

Әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді. Ұқсас тарихи жағдайлардың пайда болуы да ықтимал. Мәселен, қазіргі адам түрі қалыптаса бастаған кезде, бірдей тарихи жағдайлар Қытайда, Үндістанда, Парсыда, Палестина мен Ежелгі Грецияда пайда болады. Міне, осыны әлемдік өркениеттің «ордалық дәуірі» деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...