Ж. Ортаңғы ми. Аралық ми



бет1/2
Дата24.12.2020
өлшемі229.47 Kb.
  1   2

19.12.2020ж.

Ортаңғы ми.Аралық ми.


№1 Тапсырма

1. Ортаңғы мидың құрылысы, ерекшелігі, қызметі?


Ортаңғы ми (средний мозг); (mesencephalon — грек,гр. mesos — ортаңғы, гр. encephalon — ми) — ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі. Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе- теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.

Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрамына төрт төмпешік,қара зат,қызыл ядро III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді.Төрт төмпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке (III жұп)ядролары ортаң,ы мидың сырт жағында,ал ішкі жағында қара зат,қызыл ядро және IV жұп шығыршықтың жүйке нейрондары орналасқан.Көз алмасын қозғайтын III жұп аралас жүйке тармақтары арасында көздің қиғаш еттерінен басқа еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке талшықтары бар.Төрт төмпешік алдыңғысы көру қабылдағышыштарының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық.Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді(мысалы көздің,бастың,дененің жарық түскен жаққа бұрылуы). Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан.Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық.МысалыМиды қызыл ядродан төменірек жерден кессе,мысықта децеребрациялық мелшию (құрысу) белгілері пайда болады:мысықтың басы қақшиып шалқаяды,жотасы созылып,тікірие сіресіп қатаяды,құйрығы тік көтеріледі.

Қара зат.Нейрондарынан қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді.Мұның қызметтің маңызы осы күнге дейін анықталмаған.Дегенмен оның қыртыс және қыртыс астындағы түпкі ядролар торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіресе саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды.
2.Аралық миға қандай құрылымдар жатады, атқаратын қызметі?
Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешікасты( гипоталамус), төмпешікүсті (эпиталамус) құрылымдары жатады. Аталған құрылымдар ІІІ ми қарыншасын жан-жағынан қоршап, оның қабырғасын құрады.

Таламус көп ядролы, көлемі және қызметі жағынан ең көрнектісі. Ол арқылы ми қыртысына әртүрлі сезім серпіністерін өткізетін жүйке талшықтары өтеді. 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар қызметінің маңызына қарай арнамалы,бейарнамалы,ұластырушы,қозғалтқыш деп бөлінеді. Арнамалыядроларына жұлынның өрлеуіш жеке талшықтары арқылы дене қабылдағыштарынан келетін түрлі сезімдік ақпараттармен бірге көзден, құлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып, одан әрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі. Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді, оның қозғыштық қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бұл ядролардан ми қыртысына барған серпіністер қыртыс қозғыштығын жоғарылатып, арнамалы жолдарынан келген әсерлерге қыртыс жауабын күшейтеді. Ұластырушы ядроларға түрлі серпіністер таламустың арнамалы жолдарынан келіп түседі.Бұлар жоғары анализдік, синтездік үрдістеріне, ми қыртысының бірлестіруші қызметіне қатысады. Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты базальдық ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.

Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы құрылым. Гипоталамус орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен бірге шеттегі ағзалар, тіндермен екі жақты(афференттік және эфференттік) байланысының арқасында организмнің көптеген әрекеттерін реттей алады.Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр,ішкі сөлініс бездері, ас қорыту, бүйректер қызметін,зат алмасуын,несепті шығаруын реттейді.Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығын сақтайды.

№ 2 Тапсырма


Суреттегі белгіленген бөлімдерді атау:

№3 Тапсырма

1.Қызыл ядро ...орналасқан?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар