Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет5/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

біріктірмек   ұлы   талпыныстары   Еуразия   далаларында   алуан   түрлі
нәсілдерге жататын халықтардың сан ғасырлық қарым-қатынастарынан
және   мәдени   араласуынан   қалыптасқан   ортақ   құндылықтарға   сүйенгені
бекер емес». 
XIХ   ғасырда   Еуропада   Бүкіләлемдік   тарихты   батыстың   тарихы   деп
қарастырған уақытта және «бөтен» деректердің барлығын шынайы тарихтан
тыс   қалдыра   отырып   Ежелгі   Грециядан   бастап   тарих   уақытын   санауды
бастаған   кезде   Шығыста   тарихтың   өзіндік   дәстүрлі   және   жаһандық
тұжырымдамалары   болды.   Бәлкім,   бұл   құбылыс   табиғат   пен   адамдардың
арасындағы   тығыз   қарым-қатынастарға   немесе   олардың   бір-бірінен
тәуелділігіне байланысты шығар. Мысалға ежелгі түрік  жазу нұсқаларында


бұл мәселе жөнінде былай айтылған: «Төрт жақтан қаулаған жау көп еді.
Соғыс   арпалысымен   төрт   құбыладағы   халықты   олар   бағындырды,
бейбітшілікке   мәжбүрледі.   Бастары   барларға   бастарын   игізді,   тізелері
барлардың   тізелерін   бүктірді»   (VIII   ғасыр).   Сонымен   қатар   біздің
тарихымыздың далалық дәстүрлері айтарлықтай дербестендірілген. Әбілғазы
баһадүр  хан «Түрік шежіресін» жазуға деген ниетін былай деп түсіндіреді:
«Шыңғыс   ханның   ұрпақтары   негізін   салған   державалардың   кейбір
династиялары   туралы   ондаған   жылнамалар   бар...   Бірақ   біздің   ата-
бабаларымыз   бен   туысқандарымыздың   қамқорлығы   жетіспегендіктен
және   Хорезм   халқының   білімсіздігі   себепті   біздің   мемлекетіміздің   билік
жүргізушілері   туралы   тарихи   шығармалар   жазылмаған...   Адамдардың
жақсысы   болсын,   жаманы   болсын   барлығы   түгел   білсін   деп   бұл
жылнаманы мен түрік  тілінде жаздым. Түркі тілінде жазғанда бес жасар
бала   да   түсінетіндей   етіп   бердім,   түсінікті   болу   үшін,   түркі-шағатай
сөздерін,   парсы   және   араб   сөздерін   қосқан   жоқпын».   Әлбетте,   өткенді
білгенге қазіргіні игеру оңай және болашаққа деген бағдар жасау одан бетер
жеңіл. 
Біздің унификацияланған  әлемде әр халықтың тарихи болмысы саяси
қиын-қыстау   жағдайларда   су   айырығы   іспеттес,   халықтардың,
мәдениеттердің   және   мемлекеттердің   мүдделері   қақтығысқанда   оған   үміт
артылады.   Өз   тарихын   білмегендердің   бірыңғай   қоршаған   ортада   адасуы
ғажап емес, ал тарихты бұрыс түсінгендер тіпті тарихқа деген сенімсіздік
тудыра   алады.   Қазір   біз   осы   таңдауға   ұшырап   отырмыз.   «Егер   тарихшы
жазып   жатқаны   бұрын   соңды   жазылмаған   анық   және   ақиқат   болып
танылады деп ойласа, онда ол қателеседі, оның дәлеліне бірде-бір жазба
нұсқа келтіре алмайды, өйткені оның сілтемесінің бәрі оқиғаны  көрген ұлы
адамдардың   айтқанынан,     немесе   ежелгі   жазып   кеткен   кітаптарынан
алғандарына   сүйенеді.   Ал   бұл   қашанда   қарама-қайшылықтың   көзі,   бірақ
солай   екен   деп   тарихтан   безінуге   болмайды.   Егер   тарихшылар   осылай
ойласа   бірде   –   бір   кітап   жазылмас   еді.   Осы   себеппен   (тарихшылар)
«адамдардың   оны   сынауынан   және   ұнатпауынан   Құдай   сақтасын»   деп
ойлап   (тарихи   мәліметтерді)   жазуды   және   ауызша   баяндауды   қоятын
болса,   қандай   болған   жағдайда   да   әлемдегі   барлық   тарихтар,   хабарлар
және жағдайлар (болған) қажетсіз қалушы еді және адамдардың барлығы
(олардан келетін) пайдадан айырылушы еді», - деп жазған Рашид-ад-Дин.
Біздің   елімізде   тарих   ғылымы   теориялық   пән   ретінде   қолданылып
көрген жоқ, оның жай-күйі есі кірмеген баланың жүріс-тұрысына ұқсайды.
Тарих ғылымы адам мен оның рухын зерттеуге бағытталған деп санайтын
болсақ,   бұл   жағдайда   түрлі   дәуірлердің   құбылыстарын,   қоғамдық
институттары   және   саяси   оқиғаларына   жеңіл-желпі   талдау     жүргізумен
шектелмей  адам және оның қоғамына басымдылық беруіміз керек. 
Адам факторы кез келген қоғамның басты құрылымдық бөлшегі болып
табылады. Қоғамдық және этникалық құрылымдардағы айырмашылықтарға
қарамастан, әр халықты біз өзіндік жүйе деп айта аламыз. Бұл тұрғыда ол
жалпы адами қарым-қатынастардың үлкен құрылымына және бүкіләлемдік


тарихқа кіреді. Өзінің «тірі» құрылымына ие болмайтын халық бүкіләлемдік
тарихи үрдісте дербес қызмет  атқара алмайды. Адамды зерттеу үшін тарихқа
ішінен   көз   салу   қажет,   этностың   тіршілік   етуінің   ішкі   заңдарын   анықтау
қажет.   Рухты   тарихтың   басты   субъекті   болып   табылатын   жүйенің   ішкі
құрылымын талдай отырып қана тануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді