Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет48/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

жері»  деп   түсінуімен   байланысты.   Ол   жерде   өскен   нәрсенің   барлығы
«Құдайдың  берген ризығы»  ретінде  саналады.  Осыған   қарағанда  адам  бұл
дүниеде   қонақ,   ал   бұл   фәни   дүние   жалған.   Біз   бұл   өмірде   аз   уақытқа
конақпыз:
Дүние ойлап тұрсам шолақ екен
Адамдар бір-біріне қонақ екен. 
Жерге деген көзқарас, өз меншігіне деген ұстанымнан да жоғары тұрды:
Салп-салпыншақ анау үш өзен, 
Салуалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер
Жатып қалған бір тоқты 
Жайылып мың қой болған жер .
Жоғарыда   айтылған   пікірлер   көшпелілерде   мүлде   жекеменшік   деген
ұғымның жоқтығын білдірмейді. Мына бір толғауда Қазтуған жырау орда
өзінің жеке меншігі екендігін анық айтады.  «Менің ордам», -  дейді жырау,
туып   өскен   жері,   жерде   тұрған   үй,   яғни   оның   жеке   меншігі.   Жерге   жеке
меншіктігін   үй   арқылы   анықталып   тұр   десек   болады.   Жер   ақыр   соңында
адам баласы қайта  оралатын бастау:  
Сайрап қал қызыл тілім ел-жұртыңа
Құтылған еш ақын жоқ қара жерден.
«Адам-жер» арасындағы қарым-қатынастардың әдемі көріністерін   біз
«кір жуып, кіндік кескен жер», «құлын-тайдай ойнаған жер»  деген сияқты
түсініктерден табамыз. Біріншісінде адамның сол жерде дүниеге келгені оны
жермен байланыстырса, ал екіншісінде сол жерге бауыр басып қалғандығын
көрсетеді.   Бірінші   айтылған   ой   өте   мықты,   себебі   ол   күшті   ұғым  «ата


қоныс» дегеннен шығады. Жер мен адамның байланысында негізгі өзекті ата
– баба мекен еткен киелі топырақ деген ұғым құрайды  «Әкем күйеу болған
жер,   анам   келін   болған   жер».   Туысқандық   байланыс   сияқты   іргелі   ұғым
жерге деген қатынасты қалыптастырады.
  Сонымен, территориялық ұжым ежелден ата - баба қоныстанып келе
жатқан   аумаққа   уақытша   иелік   етуден,   осы   жер   аумағымен   өзін
сәйкестендіруден   басталады,   яғни   туыстық   жүйеге   енетін   байланыс
тораптары   жерге   иелікті   анықтайды.   Бұл   байланыс   рулық     қатынас   және
потестарлық-саяси ұйым қызметі арқылы   нақтыланады.   Көшпелі - нақты
туысқандық жүйенің мүшесі, оның жеке көзқарастары рулық   байланыстар
арқылы жүзеге асады. Рулық қауымдастықтар әрбір кезеңде үлкенді-кішілі
потестарлы-саяси   қауымдарға бірігуге бейім болады. Бұл тізбектен белгілі
бір нәрсені субьект ретінде алып шығу өте қиын. Қазақ тілінде бұл әртүрлі
аумақтардың   бір-бірімен   өзара   күрделі   байланысын   жалпылама   «жұрт»
ұғымымен береді.  
Бұл түсінік отбасы, ата балалары, ру мен этнос арасындағы қатынасты
горизонталь кеңістікте реттейді. Ол этностың тіршіліктегі синхронды қимыл-
әрекетін,   этнос   компоненттерінің   ішіндегі   ақпараттық   тығыз   байланысын
қамтамасыз   етеді.   Жекелей   отбасылардың   жұрты   автоматты   түрде
патронимия жұртына, ал ол өз кезегінде рулық қауымның жұртына кіреді,
осылайша   этностың   жұрты   қалыптасады.   Қазақ   фольклорында   жеке   адам
туралы, жеке ауыл туралы, ру немесе т.б. туралы  «жұртта қалып қойды»,
«өз   жұртына   қонды»  деген   сөздер   кездеседі.     Синхронды  планда  әрбір
көшпелінің   туысқандық   жүйеден   бөлек   өзінің   көршісінің   алдында   да
жауапкершілігі   болады.   Осынлай   өзара   көмек   көрсетудің   міндетті
институттарының   бірі  «жұртшылық»  болып   саналады,   яғни   бұл   дәстүр
бірдеңеге мұқтаж болған көршіңе көмектесуге міндеттейді.  «Жұрт»  осьтік
координаттың бір сызығы   іспетті туыстық қатынасқа тікелей бағынышты
ұғым.     Туыстық   ұғымы   «ел»   арқылы   түсіндірілетіні   белгілі.   Бұл   агнатты,
яғни бір атаның ұрпақтарының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін,
вертикалды құрылған құбылыс.   Осьтік координаттар үйлесімділігінде «ел»
сөзі   тікелей   диахрондық   байланысты   қамтамасыз   етеді,   ал    «жұрт»
синхрондық   байланысқа жауап береді.   Горизонталь және вертикальдің өз
ара қиылысу нүктесі  нәтижесінде тұтас «ел-жұрт» ұғымын туғызады. Мұны
Алаша   хан   дәуіріндегі   мемлекеттің   құрылуына   қатысты   тарихи   аңыздан
көруге болады: «Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, жұрт болып көзге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді