Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет46/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

1200 жылдар аралғында өмір сүрсе керек».  Осы кезеңде  Ұлы дала өзінің
масштабы мен деңгейі жағынан «далалық ренессанс» деген эпитетке  лайық,
мәдени дамудың тамаша бір жарқын шағын бастан өткерді деп есептейміз.
Зәрдүш және оның ілімі осы ренессанстың нәтижесі.  
Бұл   жетістік   қыр   өңіріндегі   көне   металлургияның   жетістіктерімен
байланысты.     Түсті   металды   өндірген   көптеген   орталықтар   шекарасы


далалық өңірден асып Шығыс Қазақстан мен Алтай тауларын, Оңтүстік Сібір
мен Солтүстік Қазақстан жерін, тіпті Бетпақадалаға дейінгі жойқын алапты
қамтыды.   Бұл   көрсетілген   уақытта   қоғамда   тау-кен   ісімен   арнайы
айналасатын,   тастан   зияраттық   құрылыстарын   жасайтын,     қыш   ыдыстар
өндірісін жолға қойған топтар екшеленіп шықты. Шаруашылықтың дамуына
байланысты терең еңбек бөлінісі, тау-кен өндірісімен бірге мал басының өсуі
адам   тоқшылығына   кепіл   болды   және   мәдени   прогреске   жол   ашты.
Зоратуштра кезеңіндегі тарихтың картасын және сызбасын қарастыру үшін
осы айтылған контекст аса маңызды. 
Энеолиттік отырықшы  мәдени кешеннің құлауы нәтижесінде, б.з.б. ІІ
мыңжылдық   басында   Қазақстанда   және   оған   жақын   аумақтарда   екі
этномәдени бірлестік пайда болды.   Оның батыс бөлігі Батыс Қазақстанды
қамтыған   Днепр   мен   Еділдің   арасында   құрылды,   бұл   археологиялық
кітаптарда     «қима   мәдениеттері»     деген   атпен   белгілі.   Шығыс   бөлігі
Қазақстанның   далалық   өңірлері   мен   Оңтүстік   Сібір   аумағын   қамтиды,
алғашқы   табылған   жер   атымен   «андронов   мәдениеті»   деп   аталған.     Қола
дәуірі мәдени кешенінің негізі қола құю өндірісінен басталды. Қоланы игеру
еңбек құралының және қарудың сапасын жақсартуға, ат-әбзелдері мен жеңіл
әскери   арбалардың   пайда   болуына,   от   культіне,   кейіннен   зороастризм,
батырлық эпос және т.б. пайда болуына алып келді  
Тарихи   деректерге   сүйенсек,   б.з.б.   ІІІ   ғ.   соңы   –   ІІ   ғ.   басында   Ұлы
даланың   ауқымды   аумағында   құрғақшылық     нәтижесінде   қарама-
қайшылықтар   туындады.     Өндіріс   орындарының   өсуі   және   адамдардың
көбеюі   табиғи   ортаның   бұзылуына   әкеліп   соқтырды.     Б.з.б   ІІ
мыңжылдықтарда   халықтардың   шамадан   тыс   қоныстануы   көбейіп,   одан
басқа   далалық   тайпалардың   батыс,   шығысқа   және   оңтүстік   аймақтарға
қоныстануы   болды.   Осы   тарихи   кезеңде   Ұлы   Дала   халықтарының   көші   -
қонуының жаңа легі басталды десек те, қателеспегеніміз болар.
 Бәрімізге белгілі, Шығыстың егіншілік оазисінде алғашымен шумерлік
халықтар   мекендеді.   Көне   мәдениеттің   /Шумер,   Египет,   Мохенджо-Даро/
алғашқы   қалыптасу   кезеңі   осылармен   байланысты,   кейбір   мәліметтер
алғашқы   толқынның   Қытай   мәдениетінің   пайда   болуына   қатты   әсері
болғандығына   дәйек   болады.   Көшудің   екінші   толқыны   б.з.б.   IV   –   III
мыңжылдықтардың соңында құлаған үндіеуропалық қауыммен байланысты.
(80, т.1, 331 б.). Үндіеуропалықтар Еуропаның оңтүстік-батысында (гректер,
фракийліктер), оңт, Кіші Азияда (хеттер және т.б.), Еуропаның батысында
(кельттер   және   т.б.)   орналасқан,   кейінгілер   болып   тайпалардың   Батыс
Еуропаға   (германдық   тайпалар),   Балтық   жағалауы   орманды   алқабына
(литвалықтар және латыштар) көшуі саналады.  
Б.з.б.   ІІ   мыңжылдықтағы     көші-қон   біздің   ойымызша     үшінші
толқынды   құрайды.   Далалық   тайпалардың   қозғалу   сипаты,   қозғалу
бағыттары, тұрмыстағы ерекшеліктері, және отырықшы аймақтарды жаулап
алу   барысында   пайда   болған   симбиоз   оларда   белгілі   бір   заңдылықтың
болғандығын   дәлеледейді.   Тарихшылар   көшудің   әртүрлі   себептерін
қарастыра   келе,   әлеуметтік-экономикалық   және   демографиялық   алғы


шарттарын   баса   көрсетеді.   Біздің   көзқарасымызға,   дала   халқының
белсенділігіне Шығыстың  аборигенді мәдениеттерінің жүйелі күйреуі әсер
етеді.     Дала   халықтарымен   байланысы   бар   аймақтарда   этносаяси
дағдарыстардың жиі қайталанатынын түсіндіру қиын, дегенмен олар үлкен
байланыс   арқылы   тұрғаны   байқалады.   Далалық   тайпалардың   жиі
шабуылдауының негізгі себебі, отырықшы халықтардың сыртқы ортаға деген
көзқарасы   есебінен   де   болды.   Қандай   да   болмасын   жағдайда,   үндіарийлік
және ирандық тайпалардың б.з.б. ІІ мыңжылдықта оңтүстік және оңтүстік-
шығысқа     басып   кіруінде   дәйекті   жаулап   алу   ниетін   іздеу   өте   қиын.
Олардың   Үндістан   мен   Иранға   кіруі   сатылы   және   жай   жүрді,   жергілікті
халықпен сіңісіп кетуі бейбіт болды. Бірақ сол кездері осы қозғалыс нәтижесі
жергілікті мәдениет үшін  түбегейлі төңкеріс болды. 
Арий   тайпаларының   көнеүнділік   өркениетті   құрудағы   айрықша   ролі
ғылымда даусыз мойындалады. Шамамен б.з.б. XIV-XIII ғғ.  арийлік көшпелі
тайпалар Солтүстік Үндістан  аумағына үлкен көлемде ене бастайды. Біздің
ойымызша   олар   екі   маршрутпен   жылжыған   сияқты,   оның   бірі   Шығыс
Түркістан арқылы жүрсе, екіншісі Ферғана алқаптары арқылы болуы мүмкін.
Аз санды, бірақ жақсы ұйымдасқан, күймелер мен арбаларға мінген арийлар
Инд және Ганг далаларына жол тартады. 
Арийлер жергілікті дравидтерге тек қана дүрбелең ғана емес, сонымен
бірге   мемлекеттілік   пен   тыныштық   алып   келді,   олардың   бұйығы   аналық-
қоғамдық   тұрмысына   жаңашылдық   енді.     Ариилік   тайпалардың   Үндістан
жерінде үстемдік құруының негізгі себептері: металды жақсы меңгергендігі,
қолөнермен   айналысатындығы   болды.   Арийлердің   діни   мәдениеті   мен
мифтері,   табиғи   күштерге   деген   құрбандық   шалу   ерекшелігі,   абыздар-
брахмандардың   жетекші   ролі   және   әлеуметтік   құрылымның   дамуы   бұл
өркениетте бірінші орынға діни-рухани құндылықтарды қойды. 
Арийлердің   Үндістан   жеріне   келуімен   үнділік   өркениеттің   тарихи
жолы   мен   қоғамдық   дамуын   ұзаққа   айқындайтын   жаңа   тұрақтылық
құрылады.   «…   тарихта   пайда   болып   қаншама   ғасырлар   бойы   сақталып
бүгінгі күнге дейін жеткен үнділік мәдениет мен өркениеттің ұзақ әрі үзілмей
жалғасқандығы туралы ойласаң, қызықты және таңқаларлықтай, -  деп жазды
бұл  көшті Дж. Неру.  -Біз, мүмкін ертеде таулы аймақтар арқылы солтүстік -
батыстан күнгей бетке  өткен тайпалардан тарағанымыз болар. Көрмейсің бе,
олардың   таудан   төменге   түсіп   келе   жатқан   бейнесін?   Батыр   халық,
алдарынан кезігетін тосқауылдардан еш қорқатыны жоқ» (130, 44-45 бб.).
Көне үнді аңыздарында бұл кезең алтын дәуір ретінде сақталған. Ол
кездері оларда сословиелерге және касталарға бөліну, мүлік теңсіздігі деген
болған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, бақташы ортаның бейнесі елестейді: «Ол
адамдар   бақытты   болды,   қалағандарын   істеді.   Оларда   заңда,   заңсыздықта,
адамдардың   арасында   айырмашылық   та   болмады...   Ол   кезде   касталарға
бөлініп   өмір   сүру   ерекшеліктері,   араласқан   касталар   болмады.   Олар   бір-
біріне   ерекше   сүйіспеншілік   немесе   жек   көрушілік   танытпады.   Дүниеге
келгеннен олар  сондай әдемі және ұзақ жасайтын болды, бай немесе кедей
болып бөлінбеді, бақытты болды және өкініш дегенді білмеді». 


Б.з.б.   IV   ғасырда   Солтүстік   Үндістанды   құрамында   Еуразияның
көшпелі   әскери   топтары   да   болған   грек-македон   әсері   жаулап   алды.
Деректерде   Александр   Македонскийдің   жорықтарына   массагеттердің   суық
қаруланған   батырларының   да   қатысқандығы   туралы   айтылады.     Олар
Үндістан аумағынан кеткеннен кейін барлық үнділіктер мен ауғандықтардың
жерін біріктірген жаңа империя пайда болды.  Ол Маурьи империясы (б.з.б.
317-180 жж.) деп аталды. Бұл империя көнеүнділік мәдениет пен әлеуметтік
тұрақтылықтың құрылуына күшті серпін берді. 
Осыдан кейін Солтүстік Үндістанның барлық аумағын, Инд пен Ганг
даласының бір бөлігін юэчжейлердің ұрпағы кушандар биледі. Олар қытай
деректерінде Монғол даласының және Жетісудың ескі тұрғындары ретінде,
сонымен қатар жайлап күшейіп келе жатқан ғұндардың  көршілері ретінде
көрсетіледі.   Көп жылдық күрестен кейін ғұндардың қысымымен өздерінің
ата   қоныстарын   артқа   тастап,   Орталық   Азия   аумағында   мықты   мемлекет
құрды.   Юэчжилер   грек-бактриялықтарды   ысырып   Парфияға   қарсы   сәтті
соғыстар   жүргізді.   Б.з.б.   І   ғасырда   танымал   Қанышқа   тұсында   кушандар
өздерінің мемлекеттерінің құрамына Солтүстік Үндістан халқын аумағымен
қосып   алды.     Қытайда   қола   дәуірі   б.з.б.   ІІ   мыңжылдықтың   ортасынан
басталады,   бұл   арий   тайпаларының   белсенділік   уақытымен   сәйкес   келеді.
Қытай өркениетінің дамуына дала халықтарының қатысқандығын қола құю
өнерінің   басталуынан,   жазудан,   сонымен   қатар   әскери   арбалар,   патша
қорғандарын тұрғызудан және т.б. көруге болады. 
Қытай   тарихнамасында   б.з.б.   ІІ   мыңжылдықта   пайда   болған   Қытай
өркениеті   Шан-Инь   билеген   дәуір   ретінде   қарастырылады.   Л.В.Васильев
жазады: «сырттан  келген мәдениеттердің ықпалына үлкен қарыздар.  Шан-
Инь   дәуіріне   дейін   қытайлықтар   атты   да,   арбаларды   да,   басқа   далалық
өркениеттің   атрибуттарын   да   білмеді.   Осы   себептен   Қытайға   кірген
батыстық тайпалардың әсері  революциялық сипатта, яғни қыру-жою арқылы
болмады.   Барлығы   секіріссіз,   сатылы   және   бейбіт   жүрді».   Бұл   қытай
өркениетінің генезисінде Ұлы дала жақын көрші ретінде прогрессивті  роль
атқарғанын   көрсетеді. Көшпелі тайпалардың енуі б.э.б. ІІ мыңжылдықтың
ортасынан бастап байқала бастайды. Біз қазақ жерінен шығысқа бағытталған
көші -қон Шығыс Түркістан аймағы арқылы (Қотан, Қарақожа) жүрді деп
есептейміз.   Инь   жазу   ескерткіштерінің   басым   бөлігі   «жорамалдаушы»
сүйектерден құралған.  Әдетте абыз-болжаушы жануардың сүйегін алып оған
өткір   құралмен   сұрақ   жонып,   сүйекті   отқа   салған.   Күйдірілгеннен   кейін
пайда   болған   сызықтардан   жорамалдаушы   жауап   табатын   болған.
Жазулардың бірі Инь әулетінің (б.з.б. XIV-XI ғғ.)  соңымен мерзімделіп және
ода   қытайлардың   тұрмысы   туралы   құнды   мағлұмат   сақталған:   «Ту
тайпасының   он   адамы   біздің   жерімізде   жылқы   жайып   жүр   .…   Люй
тайпасының   жерінен   де   жылқыларды   батыс   жайылымға   қууда...   Ван
(билеуші)   Люйге   жорыққа   аттанды   және   Люймен   соғысу   үшін   көптеген
құлдарды   жарақтандыруды   бұйырды».   Бұл   мәлімет   көшпелілер   мен
отырықшылардың   арасындағы   байланыстың   қиын   болғандығын   көрсетеді.
Қысқаша   айтқанда   келесі   тарих   шығады.   Шамамен   б.з.б.   ІІ   мыңжылдық


ортасында Со әулетінен кейін билікке жоғарыда көрсетілгендей Инь әулеті
келді. Осы әулеттен  Қытайдың  классикалық тарихы  басталады.    Бұлар 60
жыл елді басқарғаннан кейін Чжоу әулеті олардан билікті алды және жақсы
ұйымдастырылған   мемлекет   құрды.   Б.з.б.   І   мыңжылдықтың   ортасында
Солтүстік Қытайдың саяси алаңында жундар үлкен роль ойнады, олардың
ықпалы Хуанхэ (Сарыөзен) бассейінінен жоғары  байқалады. 
Орталық Азияның арийлік тарихының осы кезеңдегі әлі зерттелмеген
бір бағыты Шығыс Түркістан өңірі.   Шежіре деректері Ұлы даладан қоныс
аударған тайпалардың бір бөлігі Шығыс Түркістанның қазіргі Қотан (Хотон),
Қарақожа   аймағына   барып   қоныстанғанын   және   кейіннен   олардың   ғұн
қауымына трансформация жасағанын айғақтайды. Белгілі дәрежеде шежіреде
айтылатын Ел ханның ұлдары Қиян мен Нүкістің Ергене көңге бару туралы
әфсаналық   оқиғасы   да   осы   көшпен   байланысты   болуы   мүмкін.   Қиян
әулетінің   атасы   Домбауылға   арналып   салынған   дың-   кесене   Орталық
Қазақстанда болуы да кездейсоқ болуы мүмкін емес.
Көне   Шығыс   мәдениеттерінің   арасында   ұқсастықтары   мен
айырмашылықтары   өте   көп.     Мысалға,   тілдері   түпкілікті   әртүрлі,   заттық
мәдениет   ортақ   ұқсастығы   өте   аз,   қалыпты   жағдайдағы   экологияға
негізделмеген.   Мүмкін,   көне   мәдениет   ошақтарының   арасындағы   басты
айырмашылықтар   олардың   рухани,   қоғамдық   қалыптасқан
заңдылықтарында,     әлеуметтік   үдерістерінде     болар.   Осылардан   далалық
Еуразия халықтарының түпкілікті және әрсалалы ықпалын іздеу қажет.  
Шығыстың көне мәдениетіне ықпал еткен  инновациялық элементтерді
зерттеуші   археологтар   көптеген   қызықты   тұжырымдар   жасауда.   Негізінен
отырықшылық   өлкелерге   енген   бұл   жаңалықтар,   б.з.б.   ІІ   мыңжылдықта
Еуразия   даласына   тән   қола   дәуірі   мәдениетіне   қалыпты   жағдай.   «Б.з.б.   ІІ
мыңжылдықтың   екінші   жартысында   Орталық   Азияның   оңтүстігінде,
Бактрияда   және   Үндістанда   осындай   инновациялық   өзгерістердің   көрінісі
ретінде:   қыштың,   ағаштан   жасалған   үйдің,   көне   киіз   үйлер,   костюмдер
сияқты     жергілікті   мәдениетке   жат     және   экологиялық   жағынан   бөтен
нәрселердің енуін, сонымен қатар ат культі, арбалар, түйелер, өнерде және
ғұрыпта   көрініс   табатын   және   қорғанасты   жерлеу   дәстүрлерін   айтуға
болады», - деп көрсетеді Е.Е.Кузьмина (96, 267 б.).  Жаңа отандарында /Иран
және Үндістан/ арийлік тайпалардың негізгі енгізген  жаңалықтары – жылқы
культі,   ат   –   әбзелдері   болды,   бұл   элементтер   өз   кезегінде   Еуразияның
далалық   халықтарының   ең   маңызды   этномәдени     атрибуттары   болып
есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді