Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет4/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы
әйтеуір білетіндері оның әулетіне  қатысты, замандасы болған тұлға».
Бұл   түсінік     мыңжылдықтар   бойы   Ұлы   далада   мемлекеттік   идеяның
негізін   құрап   келді   және   Қазақ   хандығының   құрылу   кезеңінде,   жаңа
мемлекеттің   идеологиясына   қызмет   ету   үшін   көне   этногониялық   аңызға
өзгерістер енгізілді. Осылайша қазақ   мемлекетінің   пайда болуы жөніндегі
жаңа интерпретациялық болжам пайда болды. Орталық Қазақстанда Ұлытау
өңірінде   Алаша   ханға   арналып   күмбез   –   мавзолей   салынды.   Еуразия
даласының түркі – монғол  тайпаларының күрделі этникалық құрамын тек бір
тұлға – Алаша хан біріктіре алатын еді. 
Қазақ хандығы Ұлы дала тарихының күрделі кезеңінде пайда болды.
ХҮ ғасырдың ортасында Еуразия даласындағы соңғы көшпелілер империясы
– Алтын орданың (Ұлығ ұлыс) толық ыдырау процесі аяқталды. Америка,
Үндістан,   Қытайға   апаратын   теңіз   жолдарының   ашылуына   байланысты
дүниежүзі   саудасының   орталығы   Еуропаға   көшіп,   Орталық   Азия   болса
дүниенің алыс түпкіріндегі әлжуаз периферияға  айнала бастады.
Жаңа заманда қазақ халқының   үлесіне көп қайғы-қасірет тиді. Батыс
өркениетінің   тез   таралуы   Орталық   Азияның   көшпелі   халықтарына   саяси
бытыраңқылық   пен     территориялық   тапшылық   әкелді.   ХІХ   ғасырдың
ортасында   қазақ   халқы   тәуелсіздігінен   мүлде   айрылды.   Қытай   шығыстан,
Ресей   батыстан   Ұлы   далада   үлкен   территорияларды   басып   алып   жатты.
Әлемдік тепе – тендіктің орталығы, Еуразиялық көне өркениеттің түп қазығы
болған   Ұлы   дала   алапат   дағдарысқа   қадам   басты.   Осы   кері   кету   Еуропа
ғалымдарының   Ұлы   дала   тарихына   менсінбеушілігін   туғызды.   Олар
көшпелілерді   өздері  жасаған  өркениет  кестесіне  де,   мәдениет   ұғымына  да
жақындатпауға   барлық   күшін   салды.   Сіз   қолыңызға   кез   келген   тарихи
сөздікті,  энциклопедиялық  анықтағыш  пен  картаны  алып қараңыз,  оларды
қанша ақтарсаңыз  да, қанша  үңіліп қарасаңыз  да Ұлы далаға  қатысты  еш
мәлімет таппайсыз! 
Идеялары   көптеген   қазіргі   дүниетанымдық   тұжырымдамалардың,
соның ішінде марксизм-ленинизмнің іргетасы болған Гегель Азияның бүкіл
аумағын бес бөлікке бөлді.   Біріншіден – Қытай және Монғолия, екіншіден –
Инд пен Ганг алқаптары, үшіншіден – Алдыңғы Азияға жалғасып жатқан Окс
(Әмудария)   және   Яксарт   (Сырдария)   өзендерінің   бойы,   Парсы   қыраттары
және Ефрат пен Тигр өзендерінің бойы; төртіншіден – Ніл өзені бойындағы
құнарлы   ойпат.     Бесіншіден,   тарихқа   кірмеген   азиялық     ұсақ   шоқылар
аймағы, себебі онда тұрған номадтар тарихқа енген жоқ,  және Сібір (54, 108
б).   Оның   пікірінше   тілдердің   таралуы   және   тайпалардың   қалыптасуы
тарихтан тыс,  яғни тарихқа  дейін болған  үрдістер, осылайша олар өзіндік
сана-сезімге   ие   бола   алмады,   демек   олардың   әфсаналары   және   тарихи


аңыздары   толық-қанды   тарих   бола   аламайды.   Гегельдің   айтуы   бойынша
тарих   прозалық   сипатта   болуға   тиіс,   бәлкім   пәлсапашы   тек   жазбаша
мәтіндерді   ғана   тарих   деп   санаған   болар,   ал   Азияның   ұсақ   шоқылы
аймағында мекен еткен дала халықтары тарихты қария сөздер  мен аңыздар
түрінде   баяндайтын     дәстүрлермен   өмір   сүрше   ше?   Біз   бұл   мәселеге
кітабымыздың бөлімдерінің бірін арнадық.
Біз   үшін   тұжырымдамалық   тарихқа   ие   болудың   маңызы   зор.   Біз
Орталық   Азияның   ежелгі   өркениетінің   мұрагерлеріміз.   Оның   жарқын
тарихының жоғалғанына қай заман, біздің ежелгі мәдениетімізді қалың шаң
басқандай.   Қазіргі   уақытта   Қазақстан,   сол   сияқты   бүкіл   Орталық   Азия
отаршылдықтың неше ғасырлық қысымынан босатылды. Біздің тарихымыз
әлемнің қалған барлық бөліктерінен жылдам қозғалып, көз алдында өзгеріп
келеді.
Әлемдегі барлық ғылым түрлері сияқты тарих та үнемі даму үстінде
болады. Тарих дегініміз ең алдымен әлемді, оның өткен өмірін ашып көрсету.
Тарихтың   көмегімен   біз   уақыттан   озып,   кеңістікті   шарлап   сапар   шегеміз.
Өткенді бірігей түйсіну барлық адамдар үшін ортақ қасите емес, тіпті уақыт
өте   келе   әр   адамның   есінде   де   түрленеді.   Белгілі   бір   қоғамдағы   тарих
функцияларының   өзгеруіне   қарай   білімдердің,   идеологияның   құбылуына
байланысты   адамдардың   түсініктері   де   өзгереді.   Осы   уақытқа   дейін   қазақ
қоғамы мәселелерінің көптеген аспектілерін әзірлеген кезде тарих ғылымы
көшпелілердің   әлеуметтік-мәдени   өмірінің   дамымағандығы   туралы   бұрыс
және дәлелсіз көзқарастарға негізделген еді. Қазір де біздің тарихи өмірімізде
еуропоцентристік   рух   басым   болып   келеді.   ХХ   ғасырдың   жиырмасыншы
жылдарынан   бастап   Қазақстан   тарихы   марксистік   таптық   теорияға   сай
түсіндіріліп келді. Алайда көп ұзамай радикалдық большевизм коммунизмнің
ұлы идеяларын жоққа шығарды. Большевиктік идеология ел санасына орыс
пролетариатының   «халықтарды   олардың   тарих   бастауларының   қараңғы
түкпірлерінен жарқын  болашаққа  апаруға  бағытталған»  ерекше  мессиялық
ролі   туралы   тұжырымдаманы   ендірді.   Тәуелсіздік   алған   соңғы   уақытта
Қазақстан   тарихын   отарсыздандыру   үрдісі   қарқынды   жүруде,   бірақ
өкінішімізге   орай   бұл   үрдісте   отарлаушылар   пайдаланған   әдістер   жиі
қолданылады.
Қазіргі   өзгерістердің   толқынының   нәтижесінде   трайбалистік,   квази-
тарихи және этноцентристік сипаттағы көптеген шығармалар пайда болуда.
Алайда   көбінесе   біздің   тарихымыз   гипотеза   түрінде   сипатталады.   Мұның
негізгі   себебі   –   адамдар   қазақ   халқының   тарихын   білмейді,   зерттемейді
немесе   Еуразияның   ежелгі   және   орта   ғасырлық   көшпелі   қауымдарының
тарихи-мәдени мәселелері жөніндегі түсініктері таяз. Жалпы білмеу деңгейі
тарих ғылымының әлсіз дамуына сәйкес келеді. Тарих қоғамның өзін қалай
бағалайтынын,   сол   сияқты   уақыт   өте   келе   оның   мәртебесінің   қалай
өзгеретінін білуге мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың басында Бенедетто Кроче
жазғандай: «Тарих өзі зерттеп отырған дәуірдің емес, көбінесе өзі өмір сүріп
отырған заманының мәселелерін ортаға салады». 


Тарих дегеніміз өткендегі оқиғалар туралы білімдердің жиынтығы ғана
емес.   Адамзат   қоғамының   бүкіләлемдік   және   тарихи   дамуының
заңдылықтарын   зерттеу барысында   ол тарих пәлсапасына айналады. Яғни
белгілі бір дәрежеде ақыл иесі болып табылатын адам үшін тарих әр уақытта
өзінің   азаматтық   позициясын,   өзінің   болып   жатқан   оқиғалар   мен
құбылыстарға   деген   қарым-қатынасын   айқын   түсінуге,   олардың   болмысы
мен   бағдарын   терең   түсінуге   және  ашуға  мүмкіндік   беретін   тарихи   ойлау
түрінде болады.
Тарихтың   күрт   бұрылыстарында   өткен   оқиғалар   «тіріледі»   және
замандастары   оны   бүгінгі   күннің   күрделі   мәселелерін   шешу   тәсілі   деп
түсінеді.   Халықтың   алдында   тарихи   таңдау   мәселесі   туындаған   уақытта
тарихтың көмегімен өткенге көз салу, тарих арқылы халықтың өзіндік сана-
сезімін ұштау   әдеттегі және табиғи күй болады. Осы себепті тәуелсіздікке
қол   жеткізген     ұлттық   республикалардың   тарихшылары   қазір   қиындық
кешуде.   Бұрын   «ғылымның   партиялылығы   принциптері»,   «тап   күресі»
сияқты ұғымдар тарихшы зерттеу барысында келуге тиіс болған теориялық
құрылымды,   қорытындыларды   алдын   ала   белгілеуші     еді.   Тарихты
зерттеумен айналысатын ұлттық орталықтарға міндеттелген ережелерге сай
олардың   «шығармашылығы»   қандай   да   бір   өзгеше   тұжырымдамаларға
бастама көтермеуге тиіс еді.
Адам   қоғамының   тарихи   дамуын   тегіс   қамтитын   және   теориялық
тұрғыдан негізделген сипаттамалар Еуропада алғаш рет ХІХ ғасырда пайда
болды. Бірақ өкінішке орай көптеген  мысалдардан көзіміз жеткендей, осы
көріністердің   көбі   Еуропаның   тарихын   бүкіләлемдік   тарихқа   жайғастыру
үшін   ғана   жасалған   екен,     ескертетін   мәселе   Еуропаның   тарихы   ол
сипаттамада   орталық   орынға   ие   болуға   тиіс   еді.   Адамзат   бастауының   бір
екені және ортақ мақсатқа ие екені туралы ұғым әлі қалыптасқан жоқ. Кәсіби
деңгейде   жұмыс   істейтін   тарихшы   ғалымдардың   көпшілігі     зерттеу
барысында   тарихтың     ортақ   заңдылықтарын   көрсететін   әмбебап
көзқарастарға келеді. Тарихи ойлауға ол әдетте ежелден тән құбылыс, соның
ішінде  көшпелілер дүниетанымына  өзінен-өзі түсінікті алғышарттар болып
табылады.   Әйгілі еуразиялық идеологтардың бірі П.Н. Савицкий көшпелі
еуразиялық   мәдениеттерден   бастама   алатын   «бауырластық   рухын»   былай
түсіндіреді: «Скиф, ғұн, монғол халықтарының (XIIІ-XIV ғасырлар) әлемді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған