Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018


- Ай, ай; Оғыз, сен енді Ұрымға аттанып барасың. -



Pdf көрінісі
бет39/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

Ай, ай; Оғыз, сен енді Ұрымға аттанып барасың.
Ай, ай; Оғыз, мен алдыңда жүріп отырармын,-деді.
Тағы осыдан соң оғыз қаған шатырын жинатып жүріп кетті…
Шайқас, ұрыс сондай жаман болды.
Итіл өзенінің суы қып-қызыл сіп-сіңгірдей болды.
Оғыз қаған жеңді. Ұрым қаған қашты.
Оғыз қаған Ұрым қағанының қағандығын алды,
Ел жұртын алды.
Уыз  ханды қанды  жорықтарға  бастап  жүрген күн шұғылалы  көкжал
бөрі дастан мазмұнына көшпелілердің көне төтемдік сенім-нанымдарының
ендеп   енгенін   көрсетеді.   Көкжал   бөрі   түрік-моңғол   көшпелілерін   біресе
шығыстағы қара құрттай құжынаған елі бар Шыңға (Қытайға), біресе құлдық
құрылыстың соңғы классикалық ошағы Рим империясына бастайды. Еуразия
көшпелілері тарихтың көне және орта ғасырларында дүниені теңгеріп тұрған
ұлы күш. 
Түркі-моңғол   халықтарының   ауызша   дәстүрі   Уыз   ханның   қалың
әскерді   жинап   Кабул   мен   Газниді   алып   Кашмир   үстіне   жүрген   сапарын,
Хорасан мен Иран жұртын алғандығын, сөйтіп Мысырға дейін барғандығын
өте  дәйекті   баяндайды.  «Оғыз   хан  Таластан   өтіп  Самарқанд  пен  Бұқараға
келді, -дейді  Әбілғазы шежіресі. Одан әрі Әмуді өтіп Хорасанға барды. Ол
заманда Иран жұртында жақсы патша жоқ еді. Кеймарыстың қайтыс болып,
Гешунгті   әлі   патша   көтермеген   кез.   Түріктер   мұндайда   «ауыл   сайын   бір
төре» деп айтады, мәнісі «бір үйде бір хан болар» деген. Иран жұрты сондай
еді.


Осылай   бірде   қан   төгіс   соғыспен,   бірде   бейбіт   келісіммен   Уыз   хан
«Хорасанды   алған   соң,   Ирак-аджамды,   Ирак-арабты,   Әзірбайжан,
Әрменияны, Шамды алып, Мысырға шейін барды».
Осы Шам жерінде болған екен-мыс деп шежіреде бір әңгімені айтады.
Ол әңгіме Уыз хан балаларының Бұз  оқ және Үш  оқ болып бөлінуі. Шам
уалайатында тұрған заманда Уыз ханның жанында бір ақылгөй қария бар еді.
Оның аты Ұлық Түрік еді. Сол қария бір күні түс көрді, түсінде бір алтын
жақ, үш күміс оқ көрді-мыс. Ұйқыдан тұрып, түсте  көргенін Уыз  қағанға
білдірді:
«… Содан соң таңертеңгі шақта балаларын шақыртып айтты:
Ей, менің балаларым, көңілім аңға шығуды тілеп отыр,
Кәріліктен менің бұрынғы ерлігім жоқ.
Күн, Ай, Жұлдыз (Уыздың үлкен балалары),
Таң сәріге сендер барың.
Көк, Тау, Теңіз (Уыздың кіші балалары),
Түн сәріге сендер барың, -деді…
Күн, Ай, Жұлдыз көп аң-құс аулаған соң,
Жолда бір алтын жақты тауып алды,
атасына әкеп берді…
Тағы онан соң Көк, Тау, Теңіз көп аң-құс аулаған соң,
Жолда үш күміс оқ тауып алды,
атасына әкеліп берді…»
Осылайша   оғыз   тарихына   ру-тайпралық   құрамды   және   әскери
құрылымды реттейтін «Бұз оқ» және «Үш оқ» атаулары енді. Зерттеушілер
Рашид-ад-дин   дайындаған   «Оғыз-наменің»   алғашқы   мазмұнында
оғыздардың әскери ұжымы туралы тарау болған екен деген пікірде, өкінішке
орай бүгінгі күнге дейін оның тек кейбір фрагментері ғана сақталған: «Уыз
хан армиясы жетіге бөлімге бөлінді. Бірінші бөлім моңғолша-бұлчынгар,ал
түрікше   –қарашыл   атанды,   ол   әсердің   негізгі   күштерінің   алдына
орналасты; екінші бөлім моңғолша манголай,   түрікше –йерауыл, ал араб
тілінде   мукаддима   ал-джайш.   Ол   бөлім   ер   жүрек   жас   жауынгердерден
құралған...».  Бұдан әрі  шежіреші  «оң қол»,  «сол  қол»,   «қол»,  «кючунгар»,
«бухтарме»,   «карму»   т.б.   сипаттама   жасап   олардың   қалай
орналасатынын     көрсетеді.   Әскер   құрамында   «урун»,   «солгай»,   «унюш»,
«кюшюк» сияқты арнайы бөлімшелер де бар. Егер біз осы әскери құрылымды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді