Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет38/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

мұсылман болған осы Уыз хан еді. Мұның заманында не кітап, не пайғамбар
бірде  бірі жоқ еді. Іштен туа ел ханы болып, Алла деп туды Уыз. Бұл өскен
соң   Ұлы   патша   болып,   дүние   жүзіне   әмірі   жүріп,   көп   уәлаяттар   алып,
қанша жұртты мұсылман қылды.
Уыздың   алты   бел   баласы   болды:   Айхан,   Күнхан,   Таухан,   Теңіз   хан,
Жұлдызхан,   Көкхан.   Мұнан   бұрын   бұл   аттарды   ешкім   баласына   қойған
емес. Кигіз үйді осы Уыз жасатып, уызынан шығарып, соның хақында үлкен
той жасатып, тоғыз жүз жылқы, тоқсан мың қой сойғызады. Былғарыдан
тоқсан   тоғыз   саба   тіктіріп,   тоқсанына   қымыз,   тоғызына   шарап
толтырып, барлық нөкерлерін шақырып сол кигіз үйді тігіп қойған. Сол үшін
атамыз Уыз екендігі анық аталады. Уыз арғы бабам Түріктен өзіме дейін
тоғыз атаға шейін хандық үзілмей келді деп, әр нәрсенің дара жасы тоғыз-
тоғыздан болсын деп ырым қылған екен. Сол үшін қазақ жұртында түйе
бастатқан тоғыз мал байлайды. Торқалы тойға тоғыз, топырақты өлімге
тоғыз бастатып сый-сыяпат қылысады.
Біздің қазақ халқының насабы  Уыз ханның тұқымынан екендігі осы
күнгі жүрген қазақтың баласына ат қойған аттарынан да мағлұм болып
тұрады.   Қазақта   Түрік   деген   ат   бар.   Түтік   деген   де   ат   бар.   Қойбай,
Сарыбай,   Уызхан,   Уызбай   деп   қояды»     деп   жазады.   Шығыстың   ғұлама
тарихшылары Рашид-ад-дин, Әбілғазы т.б. еңбектерінде  кездесе  бермейтін
маңызды   деректер,   мәліметтерінің   толықтығы   т.б.   қазақ   деректерінің
көнелігін дәлелдейді. Ерте замандарда түркі мен моңғол арасында Оғыз хан
жайында жойқын циклды әңгімелердің болғанын, олардың жартылай Шығыс
тарихшыларының еңбектеріне еніп, ал негізгі бөлігінің қазақ қарияларының
жадында   сақталғанын   жоғарыдағы   мысалдан   аңғаруға   болады.   Ескерте
кетуге тұратын бір мәселе көшпелілердің ішкі тартысының өзі Әбілғазыға
сүйенсек жетпіс үш жылға, ал Рашид-ад-динге құлақ ассақ жетпіс бес жылға
созылған.   Осы   ұлы     азамат   соғымында   Уыз   хан   өзінің   соңынан   ерген
туыстарына және руларға «ұйғыр» деген ат берді. Рашид-ад-дин бұл ұйғыр
деген   сөз   түрік   тілінде   сүттей   ұйыды,   басы   қосылды   және   бір-біріне
көмектесті деген ұғымды береді дейді. Екінші бір руды «қаңлы» атады, оның
да тамаша тарихы бар. Қыпшақ, қалаш және ағаш ері сияқты ірі тайпалар да
Уыздың соңынан ерген ер - азаматтардың тұқымы дейді шежіре дерегі.
Әбілғазы   Рашид-ад-диннің   деректерін   кей   жағдайда   толықтыра,
нақтылай   түседі.   Оның   айтуына   қарағанда   Уыздың   жетпіс   жылдам   аса
соғысқан елі татарлар:    «  хан моңғол мен татардың сүйегі бір бола тұра,
жетпіс   екі   жыл   бойына   татармен   соғысты.   Жетпіс   үш   жыл   болғанда
барша   татар   елін   өзіне   қаратып,   мұсылман   қылды.   Одан   соң   Оғыз
қытайды   және   шүршітті,   сондай-ақ   таңғұтты   жеңіп   алды.   Таңғұтты
тәжіктер  «тибет»    дейтін   еді.   Одан   кейін   барып   қара   түсі   үнділіктер
сияқты қара болар еді».


Шежіренің екі нұсқасында да дә әдемі суреттелетін оқиға Қыпшақтың
дүниеге келуі. Көшпелілердің Уыз хан жөніндегі шежіресінің үлкен бөлігі
түрік   -   моңғол   елдерінің   жаугершілік   тарихын   баяндауға   арналды.
Әбілғазының   айтуына   қарағанда   мұхиттың   жағасында,   биік   таулардың
арасында көп елдер бар еді, сол елдердің патшасын Итбарақ деп атар еді. Сол
патшалыққа Уыз хан шабуыл жасап, үлкен бір ұрыс болды. Соғыста Итбарақ
жеңіп, Уыз қашты. Сол жерде екі үлкен өзен бар еді, сол екі араға келіп
әскерін жинады. Уыз ханның бір сенімді бегі бар еді, осы соғыста әйелін
алып   барып   еді.   Өзі   ұрыста   өліп,   қатыны   қашып   құтылып,   екі   судың
арасында тұрған ханның артынан жетті. Әйел жүкті еді. Толғағы келді. Күн
суық еді, кірейін десе үй жоқ, бір іші шіріген ағаштың қуысына босанды, ұл
тапты.   Мұны   естіген   хан:   «Әкесі   менің   көз   алдымда   соғыста   өлді,
қамқоршысы   жоқ»   деп   атын   Қыпшақ   қойып,   өз   қарамағына   алды.
Әбілғазының   айтуынша   түрік   тілінде   іші  қуыс  ағашты   «қыпшақ»   дер   еді.
Қыпшақ азамат жасына жеткенде хан оған көп ел және нөкер беріп орыс,
аулақ, маджар, башқұрт елдері мекендеген Еділ мен Дон (шежіреде Тең деп
аталады)  арасындағы жерге жіберді. «Қыпшақ үш жүз жыл бойы патшалық
етті. Барша  қыпшақ елі соның нәсілінен шықты. Оғыз  ханның заманынан
Шыңғыс   ханның   заманына   шейін   Дон,   Еділ,   Жайық   аталатын   үш   судың
жағасында қыпшақтан өзге халық жоқ еді. Ол жерде қыпшақтар төрт   мың
жылдай   отырды,   сондықтан   ол   жер   Дешті   Қыпшақ     атанды»   деп   жазады
Әбілғазы баһадүр хан.  
Шежіреде сипатталған бұл оқиғалар оғыз жұртының қыпшақтың көрі
көне  ел   екеніне   нұсқайды.   Тарихи   жазба   деректерде  «ғұз»,   «уыз»,   «оғыз»
аталатын ел мемлекет ретінде ұлы дала төсінде қыпшақтардан ертерек өмір
сүрген. Сонымен бірге шежіреден тағы бір сыр бар сияқты, ол қыпшақтың
ата қонысы, кіндік қаны тамған жері ағашты, сулы, нулы жер болуы. Бұл
сурет қыпшақ негізі Ертіс дариясының солтүстігіне қарай орналасқан өлкеге
байланысты дейтін ғылыми жорамалдың дұрыстығына дәлел.
Оғыз жайындағы әңгімелер «Оғыз-намэ» эпикалық дастанында әдемі
көрініс   тапты.   «Оғыз-намэ»   ХІІІ   ғасырда   хатқа   түскенімен   оқиғалар   мен
аңыздардың   жүйелі  сюжеттер   өз  бастауын  өте  көне  замандардан  алатыны
анық.   Осы   рухани   мұраны   терең   зерттеген   ғалымдарымыздың   бірі   К.
Өмірәлиев «Оғыз қаған» - тарихи негізі бар фольклорлық шығарма» деп тегін
айтпаса керек (114, 9 б.)
«Оғыз-намэ» дастаны көне дәуірге тән мифтік сюжеттермен басталады.
Уыз ханның ерекше болып туған әңгімесі («осы ұлдың өңі-шырайы көк еді,
ауызы оттай қызыл еді, көздері қызғылт, шаштары, қастары қара еді. Нұрлы
періштелерден   көріктірек   еді»)   шежірелерде   айтылатын   анасының
көкірегінен уызын ембеуімен келіп жалғасады.  Уыздың алғашқы ерлігі де
батырлық ертегі, көне мифтік дастандарға тән элементтермен өрілген:
«…   орман   ішінде  әйдік   бір   мүйізтұмсық   (қат)  бар   еді,   жылқыларды
және адамдарды жер еді, әйдік бір жаман аң еді. Халықты қайғы басты. Оғыз
қаған бір ер жүрек кісі еді. Бұл мүйізтұмсықты (қат) ауламақ болды.


Күндердің   бір   күнінде   аңға   шықты.   Сүңгімен,   жақпен,   оқпен,
қылышпен, қалқанмен аттанды.
… Мүйізтұмсық (қат) келіп, басымен Оғыздың қалқанын ұрды. Оғыз
сүңгімен мүйізтұмсықтың басынан ұрды, оны өлтірді!».
«Оғыз   «намэ»   жырында   жарқын   суреттелетін   тараулардың   қатарына
жер-жаһанды   жаулап   алу   соғыстары   баяндалатын   оқиғаларды   жатқызуға
болады:
«- Сол жағында Ұрым деген бір қаған бар еді, деп суреттейді дастан.
Оның шерігі де көптен-көп еді,
Қаласы мен құрылысы да көптен-көп еді.
Осы   Ұрым   қаған   Оғыз   қағанның   жарлығына   көнбей   бағынғысы
келмеді.
Бұл сөзді қабыл алмаймын деп, жарлыққа мойын ұсынбады,
Оғыз қаған қаһар шашып, оған аттанбақ болды,
Шерумен аттанып, туларын көтеріп кетті.
Қырық күннен соң Мұзтау деген таудың етегіне келеді.
Шатырларын түсіріп, шоқ болып, ұйықтап кетеді,
Таң ертеңгі шақта Оғыз қағанның шатырына,
Күн сияқты бір жарық түсті.
Ол жарықтан көк бурыл, көк жал әйдік бір арлан бөрі шықты.
Осы бөрі Оғыз қағанына тіл қатып былай деді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді