Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018


лекция ОҒЫЗ   (УЫЗ)   ХАН   ЖӘІНЕ   КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ   ҰЛЫ   ЖАУЛАП



Pdf көрінісі
бет37/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

14 лекция
ОҒЫЗ   (УЫЗ)   ХАН   ЖӘІНЕ   КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ   ҰЛЫ   ЖАУЛАП
АЛУЛАРЫ
Уыз   хан   бейнесі   қазақ   халқының     ауызша   дәстүрінде   елеулі   орын
алады. Оның әр түрлі нұсқаларынан осы бір аңыздық тұлға туралы талай
қызықты   фактілерді   кездестіреміз.   Батыс   және   Шығыс   тарихшыларының
еңбектерінде   Оғыз   деген   атпен   белгілі   ежелгі   заманның   билеушісін   қазақ
шежіресінде Уыз деп атайды, мағынасы сүттің уызы дегенге келеді. Оның
ата-тегі аты аңызға айналған Алаша ханға өрлейді. Шежірелердің Рашид-ад-
дин көшірген нұсқасы бойынша: «Алаша хан, оның баласы Диб-Бакуй, оның
баласы Қара хан, оның баласы Уыз хан (Оғыз)»; Әбілғазы нұсқасы бойынша :
«Алаша хан, оның баласы Моңғол, оның баласы Қара хан, оның баласы Уыз
хан (Оғыз)». 
Бізге белгілі шежірелердің бәрін салыстыра келсек  Уыз ханның  тегі,
өскен   ортасы   туралы   тамаша   деректерді   былайша   жүйелеуге   болады:
«Моңғол хан көп жылдар патшалық құрды, төрт ұлы бар еді. Үлкені – Қара
хан, екіншісі - Өз хан, үшіншісі – Көз хан, төртіншісі – Көр хан. Моңғол хан
бұл дүниеден өтерінде орнына балаларының үлкені Қара ханды қойып кетті
– дейді ұлы шежіреші. Қара хан әкесінен кейін бүкіл елге патшалық құрды.
Жазды күні ол Ер тақ және Кер тақ деген тауларды жайлар еді, қазіргі күні
бұл   таулар   Ұлы   тау   және   Кіші   тау   атанады.   Ал   қыс   түскен   кезде


Қарақұмды және Сыр өзенінің жағасын қыстар еді. Қара хан заманында
елдің бәрі кәпір болғаны соншалық, олардың арасында Құдайға сенетін бір
де адам қалмады».
Күндердің   күнінде   Қара   ханның   бәйбішесінен   ай   мен   күннен   де
сымбатты бір ұл туды. «Ол үш күн бойы анасының емшегін ембей қойды. Әр
түні анасының түсіне еніп «Ай, ана! Құдайға сиын; егер мұсылман болмасаң,
өлсем де сенің емшегіңді ембеспін» деуші еді. Анасы баласын аяп Тәңірінің
біріне иман келтірді. Осыдан кейін бала анасының емшегін емді. Бірақ анасы
мұсылман болғанын, түс көргенін ешкімге де білдірген жоқ» - дейді, «Түрік
шежіресі».
Әбілғазы   сүйенген   шежіре   түрік   халқының   Яфет   заманынан   Алаша
ханға   дейін   мұсылман   болғандығын   айтады.   Ал   Алаша   хан   ел   билеген
уақытта   елдің   дәулеті   тасып,   байлықтың   құлы   болып,   Құдайды   ұмытып,
күпірлік   жасаған-мыс.   Қара   хан   заманында   түрік   елі   діннен   тіпті   безіп,
Құдайды   аузына   алғандарын   өлтіре   берсе   керек.   Егер   дінді   мойындады,
мұсылман   болды   дегенді   естісе   баласы   атасын,   немесе   атасы   баласын
өлтіретін жағдайға  жеткен екен.  Осындай кереғар  заманда  дүниеге келген
Уыз бала кезінен бастап «Алла», «Алла» деп жүрер еді, онысын өзге жұрт
түсінбегендіктен   бұл  не   айтып   жүр   деп   таң   қалады   да  қояды.   Баласы   бір
жасқа келгенде Қара хан елді жинап үлкен бір той жасапты, халқын риза
қылыпты. Ол кездегі елдің бір дәстүрі бала бір жасқа келгенше ат қоймайды
екен, тойдың қызған шағында Қара хан өзінің билеріне қарап «Мына біздің
ұлымыз бір жасқа толды, бұған қандай ат бересіңдер» дейді. Билер аузын
ашып үлгергенше жас бала «Менің атым Уыз болар, оны білмек баршаңызға
парыз   болар»   депті.   Тойға   жиналған   қалың   ел,   үлкен-кіші   таңырқап   жас
баланың айтқанына «бала өзіне өзі ат қойды, осыдан артық жақсы ат болушы
ма   еді»   десті.   Сонымен   Уыз   хан   (Оғыз)   осылай   дүниеге   келіп,   ат   алды.
Әбілғазы   шежіресіндегі   «Құдай»   мен   «мұсылмандық»   сөздерінің
қолданылуы ең алдымен Бір Тәңіріге табынған модельінен бастайды. 
Осыменен бірнеше жылдар өтті. Уыз хан ер жетті. Күндердің күнінде
Қара ханға баласының мұсылман болғандығы жөнінде хабар да келіп жетті.
Бұл сөзді естіген соң Қара хан өзінің бектерін жинап алып ақылдасты, ақыр
түбінде Уызды өлтірмек болды. Қара ханның маңайындағы ел екіге бөлінді,
бірі  ханды,  бірі  баласын   жақтады.   Екі  әскер  сапқа   тұрып  соғысты.  Құдай
тағала   қолдап   жеңісті   Уыз   ханға   берді.   Қара   хан   жеңіліп   қашты.   Соғыс
кезінде кім атқаны белгісіз, Қара ханның басына садақтың жебесі тиіп еді.
Сол жарадан Қара хан қайтыс болды, ал Уыз хан әкесінің тағына отырды.
Көшпелілер тарихының жаңа беті осылай қантөгіспен ашылды.
Біздің   ойымызша   әке   мен   бала   арасындағы   қарама-қайшылық,   ақыр
соңында екеуінің тіл табыса алмай Қара ханның садақ оғынан өлуі Еуразия
рухани тіршілігінде өріс алған үлкен күрес майданының символға айналған
белгісі.   Қазіргі   қазақтың     тарих   және   әдебиет   ғылымдарында   орын   алып
отырған   Уыз   ханның   Қара   ханды,   яғни   әкесін   өлтіруін,   тікелей   қабылдау
қандай жағынан да жаңсақтықтың басы болады. 


Егер   Уыз   ханның   Еуразиялық   көшпелі   ортаның   мәдениет   үлгілерін
туғызушы есебіндегі орнына келсек, қазақ шежіресінің терең білгірі, ғұлама
Мәшһүр   Жүсіп   қазақтың   түп-тамырын   Нұқ   пайғамбардан   бастап   тарата
келіп: «Моңғолдан бел бала Қара хан, мұнан Уыз хан. Моңғол нәсілінен әуелі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді